Архив меток: эпидемия

М.ƏЙТЕНОВ: «ҚАЛАДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПҚА ТҮСЕ БАСТАДЫ»

Шымкент қаласы әкімдігінде қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Мәжіліс барысында штаб мүшелері қала басшысы Мұрат Әйтеновке өз бағытында атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Ең алдымен, Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Албаев және Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанова баяндама жасады. Рустам Қуанышбекұлы індетке байланысты тіркелген статистикалар мен жүргізіліп жатқан ем ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТКЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ

Шымкент қаласына Ресей, Өзбекстан, Белоруссия, Украина және Үндістан елдерінен жұқпалы ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер келіп түсті. Сондай-ақ, 4 млрд теңге ($10 миллион) сомаға келісім-шарт жасалған фармацевтикалық өндірушілерден тікелей қала аумағына жүк ұшағы мен үш жүк көліктері келді. Шымкент қаласына дәрілік препараттарды тасымалдауға рұқсат етілген сегіз компания жеткізді. Атап айтқанда: «Левофлоксацин», «Цефтриаксон», «Дексеметазон», «Аскорбин қышқылы» және басқа да препараттардың 20-дан астам ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТКЕ ШЕТЕЛДЕН ДӘРІГЕРЛЕР КЕЛЕДІ

Шымкент қаласы əкімдігінде Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Албаевтың қатысуымен бүгінгі эпидемиологиялық ахуал жөнінде брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде, ең алдымен, Рустам Қуанышбекұлы қаладағы эпидемиологиялық жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. – Шымкент қаласында қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты инфекциялық ауруларға шалдыққан науқастарды емдеу үшін төсек-орындар саны қосымша көбейтілуде. Бұл төсек-орындар саны 650-ден 3129-ға жетті. Сондай-ақ жан сақтау бөліміндегі ...

Читать далее »

ҚАШЫҚТАН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ПОРТАЛ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Инстаграм парақшасында мәлімдеді. – Еліміздегі, атап айтқанда, Шымкент қаласында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты бізге медициналық қызметкерлердің консультациясы мен көмегі қажет екені өздеріңізге белгілі. Медициналық көмек қазір халық үшін қолжетімді болуы тиіс. Алайда, қажетті медициналық көмекті біз барлық санитарлық — эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, алуға тиіспіз. Қашықтан медициналық қызмет көрсету бүгінгі күні пациенттің өзі ...

Читать далее »

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ҮНДЕУ ЖОЛДАДЫ

Құрметті отандастар! Баршаңызға мәлім, қазір әлемдегі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай күрделене түсуде. Коронавирустың таралуы бәсеңдемей отыр. Кейбір елдерде бұл індет қайтадан ушығып бара жатыр. Әлем бойынша осы вирусты жұқтырғандардың саны шамамен 12 миллионға жетті, соның салдарынан 500 мыңнан астам адам қайтыс болды. Сол себепті, бірқатар елдерде карантин тәртібі қайта күшейтіліп, әуе, көлік қатынасы қайтадан шектелді. Өкінішке қарай, біздің елдегі жағдай ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША МӘЛІМДЕДІ

Дәл бүгінгі жағдай бойынша Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған 3 596 азамат тіркеліп, 2097 науқас емделіп шықты. Бұл туралы эпидемиологиялық жағдай бойынша өткен баспасөз мәслихатында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов хабарлады. — Ағымдағы жылдың 1 маусымында 867 коронавирус жұқтырған азамат тіркелсе, ағымдағы жылдың 1-ші маусымынан 7-ші шілде аралығында 2729 жағдай тіркелді. Яғни, науқастар саны күрт артты,-деп мәлімдеді Мұрат Әйтенов. Ағымдағы жылдың ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ДЫБЫС КҮШЕЙТКІШ ҚҰРАЛЫ АРҚЫЛЫ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

Әлемді алаңдатып отырған коронавирус індетіне байланысты Шымкент қаласында сақтық шаралары барынша күшейтілуде. Қауіпті індеттің алдын алу бағытында халық арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте, Шымкент қаласының әкімдігі құзырлы орган қызметкерлерімен бірлесіп, адам қарасы көп жерлерде дыбыс күшейткіш құралдың көмегімен COVID-19 ауруынан сақтану бойынша ақпараттар беруде. Осыған байланысты, «Шымкент Сити» шағынауданындағы 9 қабатты 16 тұрғын үйдің ауласында қауіпті індеттің алдын алу ...

Читать далее »

ҚАУІПТІ ІНДЕТТЕН 288 АЗАМАТ ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Соңғы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Шымкент қаласы ауруханаларынан 288 азамат жазылып шықты, оның ішінде пневмониядан — 209, КВИ — 47, ОРВИ — 13. Қазіргі таңда олардың жағдайы жақсы. Дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Осы орайда, қауіпті індетпен күресте аянбай тер төгіп жатқан шымкенттік дәрігерлердің еңбегі зор. Мәселен, ауыр халде ауруханаға жеткізілген науқастардың бірі 4 тәулік жан сақтау бөлімінде жатып, бүгін ол дәрігерлердің тиісті ...

Читать далее »

СПОРТ КЕШЕНІНДЕГІ ПРОВИЗОРЛЫ ОРТАЛЫҚТА ЖЕДЕЛ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

Шымкент қаласында эпидемиологиялық жағдайды ретке келтіру және коронавирустық инфекцияның кең таралуын болдырмау мақсатында науқастарға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Осы орайда, Шымкенттегі Жеңіл атлетика спорт кешенінің ғимаратынан ашылған 600 орындық провизорлы орталықта дәрігерлер ем қабылдаушыларға шұғыл көмек қолын созуда. Мұнда қала аумағындағы барлық емханалардан білікті дәрігерлер шақырылған. Дәрі-дәрмек тегін. Бұған дейін қаладағы «Самал-3» шағынауданында жаңа мектептен — 400 орындық, Политехникалық колледжінен ...

Читать далее »

ТӘУЛІГІНЕ ҮШ МЫҢ ҚОҢЫРАУ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Шымкентте тәулігіне үш мың қоңырау абылдауға дайын «IKOMEK» орталығы ашылды. Қалада тұрғындардың сауалдарына жауап беретін жаңа орталық жұмысын бастады. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кез келген сауалдарыңызға осы 109 нөміріне қоңырау шалу арқылы жауап ала аласыздар. Орталық тәулігіне 3000 қоңырау қабылдауға қауқарлы. Қажет болған жағдайда 5000 азаматқа дейін қызмет көрсете алады. Ол үшін 26 қызметкер тәулік бойына жұмыс жасауда. iKomek орталығы ...

Читать далее »