Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының ресми сайты Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай аманаты» атты мақаласын жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо. Адамзат өркениетінің тарихы сан мәрте дәлелдегендей, ұлы тұлғалар көбіне көненің күйреп, жаңаның бой көтеріп, қоғамның бір сападан екінші сапаға ауысар дәуірінде дүниеге келеді. Жаратушы өз мейірі түскен ерекше жанның бойына нұрлы сипат дарытып, замананың сан алуан факторлары оның қайталанбас дара болмысын ...
Читать далее »Архив меток: Абай Құнанбаев
АБАЙ-175: ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАЦИЯ СЕМЕЙ ЖЕРІНЕ АТТАНДЫ
Қазақтың бас ақыны һакім Абайдың 175 жылдығына орай Шымкент қаласы және Түркістан облысынан мәдениет саласының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, Рухани жаңғыру жобалық кеңсесінің өкілдері, журналистер мен блогерлер бар арнайы делегация ұлы Абай еліне аттанды. Делегацияны әуежайдан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан сәт-сапар тілеп, шығарып салды. Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған сапар 15-17 қыркүйек аралығын қамтиды. Шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: «АБАЙ СӨЗІ» ОНЛАЙН-ОҚУЛАРЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
«Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында Достастық елдері арасында қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай сөзі» онлайн–оқулары өз мәресіне жетті. Оған жалпы 253 адам қатысты. Оның ішінде ТМД елдерінен — 45, өзге мемлекеттерден — 21, елімізден 187 қатысушы ақынның туындыларын жолдады. Достастық елдерінен Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Әзірбайжан Республикаларынан, сонымен қатар, Қытай ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ЖАС АБАЙТАНУШЫНЫҢ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ
Шымкент қаласында жас абайтанушы Әзімхан Исабек Абайдың 38-ші қара сөзі деп аталып келген «КИТАБ ТАСДИҚ» атты кітабын жарыққа шығарды. Ол өзінің туындысын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап отыр. Әзімхан Исабек 1996 жылы шым шаһарда дүниеге келген. Жас ғалым, әрі зерттеуші. Абайтанушы, ғалым Мекемтас Мырзахметұлы және Ақжол Қалшабек секілді профессорлардың шәкірті. Бүгінде ол М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да ашылған «Мұхтартану» ғылыми орталығында ғылыми ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ
Бүгін Шымкентте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, олар Абай мұражайында болып, танымдық экскурсия жасады. Артында өшпес мұра қалдырған ойшылды өскелең ұрпаққа кеңінен дәріптеу мақсатында 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында саябақ алдына ескерткіші орнатылған болатын. Бұдан өзге, Шымкентте Абай Құнанбайұлының ...
Читать далее »АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП АШЫЛАДЫ
Шымкентте Абай Құнанбаев атындағы гимназия мектебі ашылмақ. Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, жаңа оқу жылында Шымкент қаласында «Абай Құнанбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия мектебі» есігін айқара ашпақ. Бұл туралы 2020-2021 жаңа оқу жылына дайындығымен бөліскен Шымкент қаласының Білім басқармасы хабарлады. Сондай ақ, биыл қаламызда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернаты» және кластері болып ...
Читать далее »АБАЙДЫҢ ӘНІ АЛҒАШ РЕТ ЖАПОН ТІЛІНДЕ ОРЫНДАЛДЫ
Жапон әншісі Ранка қазақстандықтарды қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығымен жапон тілінде «Көзімнің қарасы» әнін орындау арқылы құттықтады. Әлемнің барлық елдеріне тараған коронавирус пандемиясы кезінде ол Қазақстан халқына осы сынақтан сүрінбей өтіп, қалыпты өмірге тез арада оралуын тіледі. Музыкалық композицияның дәстүрлі жапон аранжировкасы «кото» ұлттық шертпелі аспабының дыбысталуымен «Zerosta» продюсерлік компаниясымен жасалды. Әннің сөзін жапон тіліне «Wako» университетінің профессоры Хироки ...
Читать далее »ҚҰНАНБАЙДЫҢ МӨРІ
Бірер жыл бұрын Семейдегі Абай музейінде Құнанбай мөрінің бедерлемесі көпшілікке таныстырылған еді. Музей қызметкерлері оны Омбы мұрағаттарынан тапқанын айтты. Құнанбайдың қоғамдағы қызметі мен билікте жүрген кезеңдерін зерттеп, қолда бар деректерге көз жүгіртсек, бұл мөрдің құндылығы жоғары екенін аңғарамыз. Себебі, сол заманда жазылған құжаттарды зерделеу арқылы аға сұлтанның айтар ойын, мінез-машығын, болмыс-бітімін, ел билеу әдісін жан-жақты тануға болады. Ендеше, Құнанбай мөрінің ...
Читать далее »АБАЙДЫҢ ОН ҮШІНШІ ҚАРА СӨЗІ
Иман деген — алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын ұсынып, инанмақ. Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі — не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел — испат қыларға жараса, мұны якини иман десе керек. Екіншісі ...
Читать далее »