Архив меток: Мәртебелі поэзия мінбері

МӘРТЕБЕЛІ ПОЭЗИЯ МІНБЕРІНДЕ-ШАМШИЯ ЖҰБАТОВА

Шымкенттегі «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Мәртебелі поэзия мінбері» апталық бағдарламасы аясында Қазақстан Жазушылар мен журналистер одағының мүшесі, Еуразиялық шығармашылық Гильдиясының мүшесі Шамшия Жұбатованың поэзиялық кеші өтті. Кеш қонақтары мінбер төрінен орын алған Шәмшия Жұбатованың шығармашылығына тоқталды. «Парасат» орденнің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Сапар Өтемісов Абай Құнанбаевтың монологын орындады. Сонымен қатар, поэзиялық кеште Абай ...

Читать далее »

МӘРТЕБЕЛІ ПОЭЗИЯ МІНБЕРІНДЕ-ГҮЛНӘР ӨМІРБЕК

Осы аптадағы поэзия мінберінің төріне ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері, ақын Гүлнәр Өмірбек жайғасты. Кеш барысында жастар ақынның жырларын жатқа айтып, шығармашылығы жайында сөз қозғады. «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Түркістан облыстық филиалының төрағасы Пірімбетов Бастарбек арнайы Құрмет грамотасы мен алғыс хатпен Өмірбек Гүлнәр Есіркепқызын марапаттады. Сондай-ақ, жазушы Мархабат Байғұт, Қазақстан ...

Читать далее »

Мәртебелі поэзия мінберінде-Қабылбек Төретайұлы

Бүгін «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Мәртебелі поэзия мінбері» апталық бағдарламасы аясында ақын, жазушы, Сайрам ауданының құрметті азаматы Қабылбек Төретайұлы оқырмандарымен кездесті. Қабылбек Төретайұлы 1950 жылы 13 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының Қайнарбұлақ елді мекенінде дүниеге келген. 1993 жылы «Қазығұрт – қайнарбұлақ» атты жыр жинағына, 1995 жылы «Қарлығаш» ұжымдық жыр кітабына бір топ өлеңдері енген. «Бас басына би болғаннан сақтасын» ...

Читать далее »

«Мәртебелі поэзия мінберінде» — Баян Тленшина

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Мәртебелі поэзия мінбері» апталық бағдарламасы аясында ақын, жазушы, Сайрам ауданының құрметті азаматы Тіленшина Баян Керімқызының шығармашылығына арналған кеш өтті. Поэзиялық кеш әдеттегідей Ұлы Абай жырларын оқудан бастау алды. Саттар Ерубаев атындағы √24 мектеп-лицейінің оқушылары Абай жырларын оқыса, әнші Нұржан Жүсіпбеков Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Мінбер төрінен орын алған ақын Баян Тіленшинаны оқырманы жақыннан тани түсті. ...

Читать далее »