Архив меток: Тұран

ШЫМКЕНТТЕ АШЫҚ СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкентте бұқаралық спортты дамыту мақсатында тұрғынүй аулаларындағы спорт алаңшалары пайдалануға беріліп, тұрғындардың спортпен тегін шұғылдануына мүмкіндік туып отыр. Атап айтқанда, Нұрсәт, Тұран шағынаудандары, Достық пен Қайнарбұлақ тұрғын алаптары және Қайнарбұлақ саяжайында орналасқан 10 ашық спорт алаңшасы тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарын «АлемСтрой-1» ЖШС мердігер мекемесі жүргізді. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, спорт алаңшаларына 50 орындық пен 50 қоқыс ...

Читать далее »

АСАР-2 ШАҒЫН АУДАНЫ ТОЛЫҒЫМЕН АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтарды онлайн қабылдау барысында айтылды. Қабылдауға жазылған қала тұрғыны Минтаева Гуля Асар-2 шағын ауданына ауыз су жүйесін тарту мәселесін қозғады. «Біздің шағын ауданның тұрғындар 7 жылдан бері ауыз суды тасып ішеді. Аптасына бір рет келетін су тұрып қалады. Бұл денсаулыққа зиян келтіруде. Ең бірінші осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймыз» — деген Гуля Спатайқызы аумақ ...

Читать далее »

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ ҮЙЛЕРДІҢ 80 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА ҚОСЫЛҒАН

Бүгінгі таңда Қаратау ауданында 47 мыңнан астам тұрғын үй бар. Оның 80,8 пайызы мемлекеттік қуат көзіне қосылған. Ал, қалған 19,2 пайызы жекеменшік трансформатордан қуат алады екен. Қазірде Қаратаудағы бірнеше шағын ауданда электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нақтырақ айтар болсақ, Достық шағын ауданындағы электр желілерінің құрылысына 2019 жылы бюджеттен 400 млн тг қарастырылып, жұмысы басталған болатын. Биыл тағы 240,6 млн ...

Читать далее »

БИЫЛ ТҰРАНДА 88 КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Шымкент қаласының Тұран шағын ауданында бүгінде 42 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған. Тағы 26 тұрғын үйдің жобасы әзірленіп жатыр. Оның үшінде 16 қабатты 4 үй, 8 қабатты 12 үй, 9 қабатты 15 үй бар. Олардың жобасы мамыр айында сараптамадан шығады деп күтілуде. Мұнан өзге 20 көпқабатты үйдің жобалық сметасын әзірлеуге байқау жарияланып, мердігер мекеме анықталған. Жалпы жыл соңында дейін ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ «ТҰРАН» ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Таяуда өткен қала әкімінің есебінде бірқатар шағынаудан тұрғындары инфрақұрылым мәселелері жөнінде шағымдарын жеткізген еді. Сол шағымдар бойынша бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов «Тұран» және «Тассай» шағынауданы тұрғындарымен кездесті. Мұрат Дүйсенбекұлы алдымен «Тұран» шағынауданындағы инфрақұрылым жүйелерімен танысты. Онда тұрғындарды газ, су, жарық жүйелері құрылысы алаңдатады. Қала әкімі бұл жұмыстардың бәрі жоспар бойынша жүргізіліп жатқанын айтты. – Мәселелеріңіз уақыт сәтімен шешіледі. Кәріз ...

Читать далее »