Архив меток: Тәуелсіздік күні

ҚАЗАҚ ДОМБЫРАСЫН КҮМБІРЛЕТКЕН ТАТЬЯНА ШЫМКЕНТ ТӨРІНДЕ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Татьяна Бурмистровамен кездесу кеші жалғасуда. Күні кеше әншімен кездесу Шымкент қалалық өзбек драма театрында өтсе, бүгін Шымкент қалалық мәдениет үйіне қарасты «Қызылжар» мәдениет үйінде өтті. Қазақтың қара домбырасын шертіп, күміс көмей даусымен қазаққа танымал болған Татьяна Николайқызы 2003 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы қаласындағы «Ұлттық өнер» ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ БОСАНҒАН АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Тәуелсіздік күні қалалық перинаталдық орталықта босанған аналарға ерекше құрмет көрсетілді. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мереке күні өмірге ұрпақ әкелген аналарды арнайы құттықтап барды. Бүгін аталған перзентханада 4 ұл, 4 қыз бала өмірге келген. Мереке күні босанған аналардың әрбіріне гүл сыйлап, нәрестелерге қажетті бұйымдар мен ойыншықтарды тарту етті. – Өмірге келген ...

Читать далее »

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ 1200 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Тәуелсіздік мерекесіне орай Шымкент қаласында тағы бір білім ордасы пайдалануға берілді. Асар-2 шағынауданында 1200 орынға арналған жаңа мектеп онлайн форматта ашылды. Жер телімінің жалпы ауданы – 2,88 га. Жобаның сметалық құны – 2 008 314,0 мың теңге. Бас мердігер «МК технострой сервис» ЖШС құрылысты өткен жылы шілде айында бастаған еді. Құрылыс компаниясы нысанды жоспарға сай аяқтады. Жалпы Шымкент қаласының білім ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 10 ҮЗДІК ЖАСҚА «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында10 оқушыға «Елбасы медалін» табыстады. «Елбасы Медалі» байқауы қоғамның түрлі саласындағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған. Марапаттау жас ерекшелігіне қарай үш деңгейде: қола 14, күміс 15, ал, алтын 16 жастан бастап белгіленген. Жеңімпаздар «Спорт және дене шынықтыру», «Дарын мен дағды», «Еріктілік», «Туристік саяхаттар», «Кітап оқу», «Ұлттық мұра» және «Еңбек тәжірибесі» ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНІҢ ҚАРСАҢЫНДА 46 АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Мерекелік жиында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, егемендік жылдары Шымкенттің қарыштап дамығанын тілге тиек етті. – Тәуелсіздік арқасында Шымкент қаласының дамуы жаңа деңгейге көтерілді. Еліміз егемендік алған жылы Шымкентте халық саны 400 мың адам болса, бүгінгі күні 1 миллион адамнан асты. Қала аумағы кеңейіп, 13 мың гектардан 116,3 мың гектарға дейін ұлғайды. Мұрат Дүйсенбекұлы өз сөзінде ...

Читать далее »