Архив меток: Шымкент құрылыс

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС ТОҚТАТЫЛДЫ

Нұрсат шағын ауданындағы №218 үйдің жанынан салынғалы жатқан көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылған болатын. Бүгінде құрылыс үшін қазылған орын топырақпен толтырылып, қайта қалпына келтірілді. Құрылысты жүргізіп отырған «Комфорт building» құрылыс компаниясының сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаты жоқ екені анықталған. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың тапсырмасы бойынша заңсыз құрылыс тоқтатылып, мердігерге айыппұл салынған болатын. Енді бұл аумақта тұрғындардың қалауымен гүлзар немесе әмбебап ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: №105 МЕКТЕП АУЛАСЫ КӨГАЛДАНДЫРЫЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мыңға жуық отбасы қоныстанған Бадам-1 тұрғын алабына барды. Бүгінгі таңда аталған тұрғын алаптың басты мәселесі — №105 жалпы орта мектебінің ескі ғимараты болып тұр. Ата-аналардың алаңдаушылығын назарға алған қала әкімі апатты ғимараттың жағдайымен танысып қайтты. 2015 жылы №105 орта мектептің жанынан 300 орындық жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілген. Онда қазір 900-дей оқушы білім алады. Мектеп ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 9 АЙДА 20 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкент – құрылысы қайнаған алып шаһар. Үшінші мегаполисте биыл 9 айда құрылыс саласында бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл жылы 154 нысанның құрылысы жоспарланған. Салада негізінен көпқабатты тұрғын үйлер құрылысына басымдық берілуде. Атап айтқанда, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджет есебінен 92 үйдің құрылысы іске асырылуда. 9 айда 20 үй пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде: Әкімшілік-іскерлік орталығында 528 пәтерлік 8 тұрғын үй, «Шымкент ...

Читать далее »

МҰРАТ ӘЙТЕНОВ: БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗ ОРТАДА БІЛІМ АЛУЫ – БАСТЫ МІНДЕТ

Шымкент қаласындағы Құрсай шағын ауданында жаңа білім ошағының құрылысы жүруде. Мектеп 0,60 гектар аумақты алып жатыр. 600 орынға лайықталған білім ордасын жеке кәсіпкер өз есебінен жүргізуде. Ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай мектепке ғұламаның есімі берілмек. Шымкент қаласының әкімі аталған жаңа мектептің құрылыс барысымен танысты. «Балалардың қауіпсіз ортада білім алуы – басты міндетіміз. Бәсекелестікке төтеп берер ұрпақты өсіргіміз келсе олардың ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТКЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАУЫРЖАН БАЙБЕК КЕЛДІ

Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен «NUR OTAN» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек келді. Ол қала әкімі Мұрат Әйтеновпен бірге Абай ауданындағы М. Водопьянов көшесіндегі құрылысы аяқталған тұрғын үйдің ашылу рәсіміне қатысты. Бүгінде ондағы тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Себебі Водопьянов көшесі №1 «А» көп пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды. Бір жыл алдын өртке оранған үйдегі 42 отбасы жаңа баспананың кілтін алады. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КӨЛІК КЕПТЕЛІСІ МӘСЕЛЕСІ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛЕДІ

Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қаладағы жол құрылысы жұмыстарына қатысты ұйымдастырылған арнайы баспасөз-туры кезінде айтты. Осылайша шаһардағы кептеліс мәселесін азайтпақ. «Қазіргі таңда қала көшелеріне сараптама жүргізу нәтижесінде, жолаушылардың қолайлылығы үшін Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшелерінің қиылысына заманауи жол айрығын салу қажеттілігін байқап отырмыз. Күнделікті кептелістерден тұрғындардан шағымдар, наразылықтар байқап жатырмыз. Соны ескере отырып, қазан айынан бастап жол айрықтың ...

Читать далее »

ЖАНУАРЛАР ҚАЛДЫҚТАРЫН ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУҒА АРНАЛҒАН НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Шымкент қаласының құрылыс басқармасының тапсырысымен 2020 жылы бірқатар ауылшаруашылық нысанының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда мемлекеттік қабылдау актісімен пайдалануға тапсырылды. Атап айтқанда, қаланың солтүстік-батыс бөлігі 295 орамдағы және Ақтас шағынауданындағы биотермиялық шұңқырдың құрылысы пайдалануға берілді. Биотермиялық шұңқыр – биологиялық қалдықтарды, яғни малдардың өлекселерін залалсыздандыруға арналған нысан. Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығының мәліметінше, бүгінгі таңда аталған нысандарды Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ...

Читать далее »

ӘКІМНІҢ ҚАБЫЛДАУЫНА КЕЛГЕН АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің азаматтардың жеке мәселелері бойынша кезекті онлайн қабылдауы өтті. Онда сегіз қала тұрғыны өз сауалдары мен өтініштерін жеткізді. Қашықтан болған кездесуде қала тұрғыны А.Затыбекова бастауыш сынып мұғалімі екенін айтып, жұмысқа тұруына көмек көрсетуін сұраса, Жайлау шағын ауданының тұрғыны Қ.Төнтекова Баққараев көшесіне асфальт төсеу мәселесін көтерді. Сонымен қатар, Қаратау ауданының тұрғыны Е.Жүнісов Қайнар-бұлақ тұрғын алабын ауыз су ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚАЛАНЫҢ ШЕТКІ АУДАНДАРЫНА 145 АЯЛДАМА ОРНАТЫЛАДЫ

Шымкентте қала көшелерін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде жол жөндеу жұмыстарымен қатар жаңа аялдамалар орнатылып жатыр. Биыл Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы аясында қала аумағында 260 дана жаңа аялдама павильондарын орнату жоспарланған. Оның ішінде, ТИП 22 түрі – 165 дана, ТИП 20 – 95 дана. Атап айтқанда, Абай ауданында 70, Әл-Фараби ауданында 70, Қаратау ауданында 70, Еңбекші ауданында 50 дана жаңа ...

Читать далее »

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ КЕСТЕГЕ САЙ АТҚАРЫЛУДА

Шымкентте жол жөндеу жұмыстары кестеге сай атқарылуда. Жұмыстың сапалы орындалуы басты талап. Бүгінде бірқатар көшелерде құрылыс жұмыстары аяқталуға таяу. Солардың негізгілерін айта кетсек. – Еңбекші ауданы Төле би көшесінде «Алем Транс Жол» ЖШС тарапынан орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Орташа жөндеу жұмыстарында жолдың беткі қабатын жаңарту, жарамсыз ирригациялық лотоктарды алмастыру қаралған. Көшенің ұзындығы 2,6 шақырым, енді 2х7 метр. Бүгінгі таңда, жолдың ...

Читать далее »