Архив меток: Шыңғыс Мұқан

ШЫМКЕНТ: «КІТАП ФЕСТ» ФЕСТИВАЛІ ОҚЫРМАНДАР АРАСЫНДА ҚЫЗУ ҚОЛДАУ ТАПТЫ

Бүгін Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында республикалық «КІТАП ФЕСТ» фестивалінің жабылу салтанаты өтті. Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған аталмыш шара 30 қараша күні бастау алған болатын. Салтанатты шараға кітапхана оқырмандары, жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері және қала тұрғындары қатысты. Жиында алғаш болып сөз алған Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан аталған кітап фестивалінің мән-маңызына тоқталып, ұйымдастырушыларға үлкен алғысын білдірді. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ 235 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. — Барлық білім беру ұйымдары интернетке қосылған. Оған 235,9 миллион теңге бөлінді. «Қазақтелеком» АҚ-мен интернет жылдамдығын секундына 8-ден 12 мегабайтқа дейін арттыру туралы келісімшарт жасайтын боламыз. 18 461 отбасыдан 31 798 бала интернет-байланысына мұқтаж. Оның ішінде 17 701 отбасыға «Bilim al» трафигі қосылған SIM-карталар берілді, ал ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан қалалық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің тыныс-тіршілігімен танысты. Жастар ресурстық орталығының басшысы Жұлдыз Балтабаева орталықтың атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарларын баяндады. Шыңғыс Жұмабекұлы орталықтың жай-күйімен танысып, жастар саясатын одан әрі жандандыру мақсатында бірқатар нақты тапсырмалар берді. Қазіргі таңда жастарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке баулу, жаңа идеяларды жүзеге асыру, перспективалық бизнес-жобаларды жүйелі жүргізуді ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Шымкентте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, олар Абай мұражайында болып, танымдық экскурсия жасады. Артында өшпес мұра қалдырған ойшылды өскелең ұрпаққа кеңінен дәріптеу мақсатында 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында саябақ алдына ескерткіші орнатылған болатын. Бұдан өзге, Шымкентте Абай Құнанбайұлының ...

Читать далее »

«ШӘМШІ АЛЛЕЯСЫ» ЖАҢАРЫП ЖАТЫР

Әлеуметтік желіде Шымкенттегі Шәмші Қалдаяқов атындағы аллеяда күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатқаны жайлы ақпарат кеңінен тараған болатын. Осыған орай, бұл мәселеге қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жауап берді. Шыңғыс Жұмабекұлының айтуынша, «Шәмші аллеясы» 2006 жылы салынған. Ал, 2011жылы демеушілердің көмегімен гүлзардың орталық бөлігіне сахна, жаяу жүргіншілер алаңы, «жұлдыздар аллеясы» құрылған. Соңғы жүргізілген анықтау жұмыстарының нәтижесіне орай, гүлзар ішіндегі жаяу ...

Читать далее »

ШЫҢҒЫС МҰҚАН: «НЕМҚҰРАЙЛЫ ҚАРАСАҚ, ІНДЕТТІ ҚАЙТА ӨРШІТІП АЛУЫМЫЗ МҮМКІН»

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әбдіманап Төлебаев және Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзиловтың қатысуымен қаладағы эпидемиологиялық жағдай бойынша брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде, ең алдымен, сөз тізгінін алған Шыңғыс Жұмабекұлы қаладағы қалыпқа түсе бастаған эпидемиологиялық ахуалды тұрақты жағдайда ұстау үшін жоспарлары жөнінде сөз қозғады. – ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Мұқан Шыңғыс Жұмабекұлы қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Шыңғыс Мұқан 1984 жылы туған, білімі жоғары. Мамандығы бойынша экономист, аудармашы, мемлекеттік басқару магистрі. Ол Алматыдағы «Қайнар» университетін, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін және «Болашақ» бағдарламасы бойынша Гарвард университетін тәмамдаған. Еңбек жолын «Жас Алаш» газетінде тілші болып бастаған. Әр жылдары ҚР Энергетика және минералды ресурстар ...

Читать далее »