Архив меток: білім беру

ЫНТЫМАҚ ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ №54 МЕКТЕП СПОРТ ЗАЛЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Шымкент қаласы Абай аудандық Ынтымақ шағын ауданының тұрғындары қала әкімінің бірыңғай қабылдауында №54 жалпы орта мектебінің спорт залының апатты жағдайын ретке келтіруді сұранған өтініш түсірген болатын. Аталған мектепте 2000-нан астам оқушы білім алады. Тұрғындардың талап-тілегіне орай, қазір мектептің спорт залы жөндеуден өтіп жатыр және бұл мәселе жаңа оқу жылына оң шешімін табады.

Читать далее »

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШЕДІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиынға қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, тиісті басқарма мамандары, қоғамдық кеңес төрағасы Есенбек Серкебаев бастаған партияластар, кеңес мүшелері қатысты. Отырыста биылғы жылдық жоспарға сәйкес Жол картасының орындалуы бойынша Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт, Білім беру басқармаларының ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Шымкентте жаңа мектептің салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Шым сити» шағынауданында орналасқан №135 жалпы орта білім беретін мектеп 1200 орынға арналған. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жаңадан салынған білім нысанымен танысып, ғимаратты аралап көрді. Қала әкімі мектептің лингафонды кабинеті, бастауыш сынып, ер балаларға арналған технология кабинетімен танысты. Сонымен қатар, шаһар басшысы жас шахматшылар ойынын тамашалады. Сондай-ақ, ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА 30 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін салу, қызметтер мен жұмыс сапасын арттыру мен бюджет жүктемесін төмендету мақсатында биыл 30 жоба іске асырылып жатыр. Бұл жөнінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында қала әкімі Мұрат Әйтенов баяндады. Биыл Шымкентте мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 34 млрд.теңге көлемінде инвестиция тартылып, 30 жоба іске асырылып жатыр екен. Атап айтқанда, білім беру – 2 жоба, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ 235 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. — Барлық білім беру ұйымдары интернетке қосылған. Оған 235,9 миллион теңге бөлінді. «Қазақтелеком» АҚ-мен интернет жылдамдығын секундына 8-ден 12 мегабайтқа дейін арттыру туралы келісімшарт жасайтын боламыз. 18 461 отбасыдан 31 798 бала интернет-байланысына мұқтаж. Оның ішінде 17 701 отбасыға «Bilim al» трафигі қосылған SIM-карталар берілді, ал ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ОҚЫТУШЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Республикалық «Үздік сабақ — 2020» онлайн байқауында Шымкент қалалық Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының оқытушысы Айсұлу Оспанова жеңімпаз атанды. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Үздік сабақ-2020» онлайн байқауын ұйымдастырған болатын. Байқауға республиканың түкпір-түкпірінен тілдерді оқыту орталықтарының әдіскерлері, жоғарғы оқу орындары мен мектеп оқытушылары қатысты. Екі айға созылған байқауда тіл үйренушілердің қызығушылығы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ СПОРТ НЫСАНЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ КІРПІШІН ҚАЛАДЫ

Қаламыздағы №63 негізгі орта мектеп ғимараты 2012 жылы 300 орынға арналып салынған. Қазіргі таңда «Отано ЛТД» ЖШС білім беру мекемесіне қосымша асхана, шеберхана, спорт зал құрылысын бастап кетті. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, ғимарат құрылысына тек отандық құрылыс материалдары қолданылып жатыр екен. Биыл пайдалануға берілуі тиіс ғимараттың қазірде іргетасы құйылған. Бүгін нысанның алғашқы кірпішін Мұрат Дүйсенбекұлы қалады. Сондай-ақ, Мұрат Әйтенов Н. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: АЛТЫ ЖАҢА МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫНА КЕЛІСІМШАРТ ТҮЗІЛДІ

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлім етті. — Былтыр 11-ші сыныпты 8000 оқушы бітірсе, 1-сыныпқа 24 616 бала қабылданады. Бюджет қаржысы есебінен 7 мың 20 орындық 13 мектептің құрылысы жүргізілуде (8,5 млрд.теңге). Оның ішінде 9 мектеп биыл пайдалануға беріледі. 7 мектептің жобалау сметалық құжаттамасы әзірленуде. Құрылысы келесі жылдан басталады. Сонымен қатар, жан басына ...

Читать далее »