Архив меток: маска

ШЫМКЕНТКЕ «BIRGEMIZ» ҚОРЫНАН МИЛЛИОН БЕТПЕРДЕ КЕЛІП ЖЕТТІ

Шымкент қаласына коронавирусқа байланысты «Birgemiz» қоғамдық қорынан 1 миллион бетперде келіп жетті. Игі шараны жүзеге асыру үшін аталған қордың Қамқоршылық кеңесі «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының әлсіз топтарына медициналық бетпердені тегін тарату үшін 5 миллион маска сатып алу туралы шартқа қол қойған болатын. Медициналық бетперделер халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға беріледі. Әр отбасыға 50 данадан үлестірілетін ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 76 МЫҢНАН АСТАМ АДАМҒА ТЕГІН БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛДЫ

Шымкентте коронавирус індетінің алдын алу мақсатында әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтарға жалпы саны 76 255 бетперде тегін таратылды. Мәселен, «Бекжан» базары маңындағы «Магнум» ірі сауда дүкендер желісінде Абай ауданы әкімдігі аталмыш супермаркеттен ай сайын азық-түлік есебінде атаулы әлеуметтік көмек алатын 3 мыңдай отбасыға 32 мың дана бетпердені тегін таратты. Бұл акция тікелей мемлекеттік бюджет қаражатына ұйымдастырылды. Аталған акция алдағы уақытта ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕ МЕН ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ЗАҢСЫЗ САТҚАНДАР АНЫҚТАЛДЫ

Шымкентте төтенше жағдай кезінде медициналық тауарларды (бетперде, антисептик, қолғап) заңсыз, рұқсат құжатсыз сатқандарға шара қолданылуда. Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Шымкент қалалық экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, 8 заңсыз медициналық тауарларды сату фактісін анықтады. Нақты айтсақ, 32 мың дана бетперде, 1 730 литр антисептикалық заттар жалпы сомасы 8 млн. 225 мың теңгеге және 20 мың дана медициналық қолғаптар жалпы сомасы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: МЕШІТТЕ БЕТПЕРДЕ ТІГЕТІН ЦЕХ АШЫЛДЫ

Сovid-19 жұқпалы індетінің алдын алу бойыша Шымкент орталық мешіті жанынан арнайы тігін шағын цехы іске қосылды. Игі бастама Шымкент қаласының Бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевтың тікелей қолдауымен жүзеге асырылды.Тігін цехында қалалық «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан Досжанованың шәкірттері мен ерікті 16 тігінші қыз-келіншектер үлес қосуда. Негізгі мақсат — ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында қолға алынып отырған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КҮНІНЕ 100 МЫҢНАН АСТАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ БЕТПЕРДЕ ТІГІЛУДЕ

Төтенше жағдай кезінде медициналық бетперде тапшылығын болдырмау үшін Шымкент қаласында мемлекеттік мекемелер мен халық көп шоғырланатын нысандарға 285 мың дана медициналық бетперде таратылды. Аталған бетперделердің артықшылығы көп рет қолдануға жарайды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы төтенше жағдай штабының өкілі Қанат Жүнісбеков мәлімдеді. Бұл бетперделердің барлығы Шымкент қаласындағы жергілікті кәсіпорындарда тігілген. Мұнан бөлек қала аумағындағы дәріханаларға жергілікті жерде ...

Читать далее »