Архив меток: сауда

ШЫМКЕНТТЕГІ «QYRGY BAZAR» ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫНЫҢ АУҚЫМЫ КЕҢЕЙЮДЕ

Жерасты автотұрақтары, жеке павильондар мен хамам моншасы – жаңарған «QYRGY BAZAR» аумағында осының барлығы болады. Көтерме және бөлшек сауда орталығы ретінде қызмет көрсететін «Қырғы базарда» бүгінде құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысымен базар алдына гүлзар салынған. Бұл тұрғындарға қолайлы жағдай туғызып отыр. Жаңғырту жобасына сәйкес, базар аумағы 30 мың шаршы метрден 85 ...

Читать далее »

САУДА НЫСАНДАРЫ ОНЛАЙН ТӨЛЕМГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРУДЕ

Шымкентте 1 мамырдан бастап төтенше жағдай штабының экономикалық-әлеуметтік маңыздылығы бар деп таныған бірнеше қызмет көрсету орталықтары мен кәсіпорындардың жұмысы қайта басталады. Осылай кезең-кезеңімен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, кәсіпкерлер өз жұмысына кірісе алады. Дегенмен бұл — қауіптің толық сейілгенін білдірмейді. Барлық сауда нысандарында санитайзерлер мен маскалық режим, дезинфекциялық жұмыстар күшейтіледі. Алдын хабарланғандай, қаладағы барлық шағын және орта бизнес өкілдеріне карточкалық ...

Читать далее »

1 МАМЫРДАН БАСТАП БІРҚАТАР КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАР ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 27 сәуірдегі мәлімдемесіне сәйкес, Шымкент қаласы аумағында іске қосылатын нысандар бойынша брифинг өтті. Брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов 2020 жылғы 1 мамырдан бастап қалада кейбір кәсіпкерлік нысандарының қалпына келтірудің бірінші кезеңі басталатынын атап өтті. — Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Президент тапсырмасымен елімізде карантин режимін ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: САУДАГЕРЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 7 базар мен 2000-нан астам сауда нысандары шаһар тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, карантиндік режимде жұмыс істеуде. Сатып алушылар мен сатушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлік басқармасы тиісті сала өкілдерімен бірлесе отырып, түсіндірме, бақылау жұмыстарын жүргізіп келеді. Қазіргі таңда супермаркет, дүкендерде күніне бірнеше реттен дезинфекциялық тазалау жұмыстары жүргізіліп, санитарлық құралдар орнатылған. Келушілерге бетперде талап етіліп, нысанға кірмес ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: САУДА ҚОЙМАЛАРЫНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ ЖЕТКІЛІКТІ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қала тұрғындарына азық-түліктің жеткіліктілігіне көз жеткізу мақсатында «Санжар» сауда-логистикалық орталығының жұмысымен танысты. Орталықта «Сұлтан», «Маркетинг», «Аделина», «Алина-3», «Дариол», «Масло-Дел» ЖШС-і орналасқан. Негізінен онда сақталатыны — азық-түлік тауарлары. Қазіргі таңда орталыққа күндігіне 350-400 тоннаның көлемінде азық-түлік әкелініп, таратылуда. Тауарлар Қазақстанның бүкіл аймағынан және алыс, жақын шет мемлекеттерден (Пәкістан, Иран, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 76 МЫҢНАН АСТАМ АДАМҒА ТЕГІН БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛДЫ

Шымкентте коронавирус індетінің алдын алу мақсатында әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтарға жалпы саны 76 255 бетперде тегін таратылды. Мәселен, «Бекжан» базары маңындағы «Магнум» ірі сауда дүкендер желісінде Абай ауданы әкімдігі аталмыш супермаркеттен ай сайын азық-түлік есебінде атаулы әлеуметтік көмек алатын 3 мыңдай отбасыға 32 мың дана бетпердені тегін таратты. Бұл акция тікелей мемлекеттік бюджет қаражатына ұйымдастырылды. Аталған акция алдағы уақытта ...

Читать далее »

ТӨЛЕМДЕР ПОСТ ТЕРМИНАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы базарлар мен дүкендер және сауда орындары төлемдерді пост терминалдар арқылы қабылдауды бастады. Бұл өз кезегінде коронавирустың таралуына тосқауыл болмақ. Оған қоса көлеңкелі бизнестің жолын кеседі. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы бойынша Кірістер департаментінің мамандары айтты. — Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдау туралы Үкімет қаулысы 2014 жылы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 116 НЫСАН ЖҰМЫСЫН УАҚЫТША ТОҚТАТТЫ

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында 116 кәсіпкерлік нысаны жұмысын тоқтатты. Атап айтқанда, 28 мейрамхана, 3 сауда – ойын-сауық орталығы, 36 монша кешені, 13 бильярд, 18 интернет клубы және 18 букмекерлік кеңсе жабылды. Бұл туралы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ілиясов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді. —Аудан аумағындағы Евразия, Бенефис, Әсел, Алтын Орда базарларының жұмысы тоқтатылды. Ал, Исатай, Көктем базарлары мен Айна базарының ...

Читать далее »