Архив меток: туризм

ШЫМКЕНТ: ЕСКІ ҚАЛАШЫҚ АУМАҒЫНДА SHYMQALA ЭТНОАУЫЛЫ АШЫЛДЫ

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесінде үшінші мегаполисте «ShymQala» этноауылы ашылды. Салтанатты іс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов пен әкімнің орынбасарлары, аудан әкімдері, қалалық мәслихаттың депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы аясындағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиналған көпшілік алдымен Тәуелсіздік саябағында көшеттер екті. Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығы құрметіне 70 көшет отырғызылды. Бұдан кейін көпшілік этноауылдың ашылуына қатысты. Әкім ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ ӘУЕЖАЙДЫҢ ЖАҢА ЖОЛАУШЫЛАР ТЕРМИНАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласында әуежайдың жаңа жолаушылар терминалы аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов жаңа нысанның құрылыс барысымен танысты. Құрылыс-монтаж жұмыстары наурыз айында басталған болатын. Мердігер мекеме – «ПМК-7К» ЖШС. Жобаның жалпы құны – 874,5 млн. теңге. Абаттандыру жұмыстары жыл соңына дейін бітеді. Бүгінгі таңда бірқатар құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, топырақты қабаттарға қайта толтыру (32891 м3), қиыршықтас-құм қоспасынан жасалған ...

Читать далее »

ТУРИЗМ МЕНЕДЖЕРЛЕРІНЕ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Шымкентте туризм саласының мамандарына, гид – экскурсоводтарға және қаланың БАҚ-өкілдеріне арналған арнайы туристік тренинг — экскурсия ұйымдастырылды. Экскурцияға қатысқан т.ғ.д ҚР ҰҒА Академигі, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының бас директоры, археолог және тарихшы Бауыржан Байтанаев арнайы шақырылған болатын. Туризм менеджерлері әуелі «Ескі қалашық» аумағындағы Цитадельде болып, тарихи-мәдени орыннан табылған археологиялық жәдігерлер туралы мәліметтерге қанықты. Одан кейін экскурсоводтар Қарашаш ана, Ибрагим ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы Бұхара қаласының әкімдігі арасында туризм саласын дамыту мақсатында екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Бұқара қаласы әкімінің орынбасары Камал Давроновпен бейне-байланыс арқылы тілдесіп, келісімге қол қойды. Аталған меморандум екі жақты достық қарым-қатынасты нығайтып, алдағы уақытта туризмді дамытуда бірлесе жүйелі шаралар қабылдауға септігін тигізетін болады. Меморандум шеңберінде пандемиядан ...

Читать далее »

ДЕНДРОСАЯБАҚҚА 81 ТҮРЛІ ЖАҢА АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Шымкент қаласындағы Асанбай Асқаров атындағы дендрологиялық саябақтың гендік қорын көбейту мақсатында интродуценттердің, яғни жаңа ағаш түрлерінің 42 түрінен 200 дана көшет, 39 түрінен 5 341 дана ағаш-бұта егілді. Мұнда Қазақстанның қызыл кітабына енген ағаш-бұталардың 7 түрі, ал сирек кездесетіндердің 61 түрі бар. Саябақ аумағындағы ағаш-бұталардың жалпы саны 100 мың данадан асады. Қазіргі таңда тұқымбақта 62 түрлі ағаш-бұта түрлерінен 8 469 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТКЕ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келді. Сапар барысында комитет төрағасы шаһардың бірнеше туристік нысандарын аралап, сала мамандарымен кездесті. Құрметті қонақ ең алдымен қаланың қақ ортасындағы бұлақ суы – Қошқар ата өзеніне, оның жанындағы көптеген танымал, тарихи және мәдени серуендердің бастауы болатын Ордабасы алаңына, ежелгі Цитадель мен Тәуелсіздік саябағына ат басын ...

Читать далее »

«ЦИТАДЕЛЬ» — ТУРИЗМ ОРТАЛЫҒЫНА АЙНАЛУДА

Шымкент қаласының туризм басқармасының қолдауымен жаңа туристік нысандармен танысу мақсатында «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының және бірнеше ірі қазақстандық турфирмалардың өкілдері ескі қалашықта орналасқан Цитадельге барды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ақпараттық турға қатысушылар қаланың көне тарихымен және «Ескі қалашық» кешенінің маңызды нысандарымен танысты. Сонымен қатар, тур аясында қонақтар «Қылует» бірегей этнографиялық мұражайын аралады. Онда қазақтардың ежелгі тұрмысымен және салт-дәстүрлерімен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ТУРИСТІК КЛУБ» АШЫЛМАҚ

Шым қаламызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2020 жылдың екінші жартысында «Туристік клуб» ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде айтылды. Орталықта Шымкент қаласы туризм басқармасы өкілдері «Шымкент — 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы» атануына орай атқарылған іс-шаралар мен алдағы жоспарларымен бөлісті. Туристік клубтың басты мақсаты – туризм мамандарын дайындау, оларды оқыту. «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН: ТҮРКІ ЕЛДЕРІ БАСШЫЛАРЫНЫҢ ЖИЫНЫ ӨТЕДІ

2020 жылғы қазан айында Түркістан қаласында Түркі елдері Басшыларының жиыны өтеді. Бұл шара – күллі Түркі халықтарының рухани-мәдени орталығы – Түркістан қаласының туризмін жаңа бағытта дамытуға, туристердің көптеп келуіне ықпал етеді. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халыққа есеп беру кездесуінде атап өтті. Айтулы іс-шара өту үшін Кешенді жоспарға өзгерістер енгізіліп, 148 іс-шараны іске асырылады. Жалпы, кешенді жоспарға еніп ...

Читать далее »

Үкімет басшысы Шымкентке іс-сапармен келді

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қаланы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Шымкентті дамытудың 2019-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру туралы, әлеуметтік-экономикалық жағдай, инфрақұрылымдық құрылыс, электрмен және газбен жабдықтау, сондай-ақ қаланың 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесін алуы аясында іс-шараларды өткізуге дайындығы туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, индустрия және ...

Читать далее »