Шымкент қаласында 2019 жылдың желтоқсан айынан бері тұрғын үй кезегіне тіркеу автоматтандырылған жүйеде жүзеге асып келеді. Нәтижесінде тіркеуде тұрған азаматтар жөнінде ақпарат жүйесінің базасы қалыптасты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қалада тұрғын үй кезегіне жалпы 42 094 азамат тіркелген. Оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, «Алтын» және «Күміс» алқа иелері, «Батыр ана» наградасы иелері, әлеуметтік әлсіз топтар мен өзге ...
Читать далее »Архив меток: тұрғын үй
ШЫМКЕНТ: ҚЫЗМЕТТІК ПӘТЕР ИЕЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ҚАТАҢ ҚАДАҒАЛАНАДЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімдігінде алғаш рет тұрғын үй комиссиясының отырысы өтті. Қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбековтың төрағалығымен болған жиында қызметтік пәтер мәселесі қаралды. Бұл пәтер — лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде уақытша тұру үшін берілетін баспана.Бүгінде қалалық тұрғын үй қорында қызметтік пәтер мақсатына жалпы саны 137 пәтер бөлінген. Қала әкімінің орынбасары қызметтік пәтермен қамтылған азаматтардың жауапкершілігін арттыру мәселесіне баса назар аударуды ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ СӘУЛЕТ-ЖОСПАРЛАУ ТАПСЫРМАСЫН БЕРУ (АПЗ) ҚЫЗМЕТІ 3 КҮНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Шымкент қаласында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, ең әлеуметтік маңызы бар жер, сәулет және қала құрылысы, білім, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларындағы негізгі сұранысқа ие қызметтер бұл жылы электронды форматқа көшірілді. Атап айтқанда, жер, сәулет және қала құрылысы салалары бойынша барлығы 19 мемлекеттік көрсетілетін қызмет болса, бүгінгі таңда бұл саладағы қызметтердің барлығы автоматтандырылды. Биыл Шымкент қаласы әкімдігімен «Сәулет басқармасының ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жыл басынан бері 21 рет азаматтарға жеке қабылдау өткізіп, оған 297 азамат қатысты. Жеке қабылдау қорытындысымен 228 азаматқа түсіндірме жауап берілсе, 69-дың мәселесі шешілген. Айта өту керек, пандемия әсерінен бұл жылы 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеке қабылдаулар саны кеміген. Ал қала әкімінің орынбасарлары 47 рет жеке қабылдау өткізіп, оған 206 азамат қатысқан. Оның ішінде ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 64 ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА
Шымкент қаласы Еңбекші ауданында биыл 64 үйдің ауласына абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында абаттандырылған үйлердің саны 565-ке жетеді. Бұл көрсеткіш 89,7% пайызды құрайды. Қалған 47 үйдің ауласы инженерлік жүйелермен толық қамтылған соң барып абаттандырылады. Сонымен қатар, 2011 жылы абаттандыру жұмыстары жүргізілген 80 көпқабаттың үйдің 43-нің ауласында орналасқан балалар ойын алаңшаларын жөндеу және қайта құру жұмыстары ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: 101 АЗАМАТҚА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ
Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25», «2-10-20» және «Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» тұрғын үй бағыттарын автоматтандыру мақсатында «Шымкент-Баспана» ақпараттық жүйесінің жұмысы қалыптастырылды. Бұл жөнінде Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді. Сондай-ақ басқарма басшысы кредиттік тұрғын үй бағыттарының орындалу барысы туралы баяндады. Оның айтуынша ...
Читать далее »БИЫЛ 83 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА
Шымкент қаласы Әл Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов 7 айды қорытындылап, баспасөз брифингін өткізді. Бүгінде аудандарда ауланы абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Әл Фараби ауданында 100 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 100 аула абаттандырылып, тұрғындардың игілігіне берілді. Аудан аумағында орналасқан 672 көпқабатты тұрғын үй 400 аулаға біріктірілген. ...
Читать далее »ЖЕТІ АЙДА 1500-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР БЕРІЛДІ
Бұл жөнінде қалалық құрылыс басқармасы мәлімдеді. Ағымдағы жылдың 7 айдың қорытындысымен 1 416 пәтерлі 20 кредиттік тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде, 8– әкімшілік-іскерлік орталығында, 12 – Шымкент сити шағын ауданында орналасқан. Тамыз айында Шымкент сити шағын ауданында 10,5 мың шаршы метрді құрайтын 160 пәтерлі 4 үй тапсырылады деп жоспарлануда. Биыл жалпы 612 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ КӨПҚАБАТТЫ 262 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНУДА
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов айтты. – Биыл құрылыс жұмыстарының көлемін 120 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған. Бүгінде оның 7 ай ішінде көлемі 52,2 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге артты. Осы жылы Құрылыс басқармасы арқылы 154 нысанның құрылысы жоспарланған. Олар – 92 тұрғын үй, 34 инженерлік инфрақұрылым, 13 ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 79 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫНҮЙДІҢ ҚАСБЕТІ ЖАҢАРАДЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің көпқабатты тұрғынүйлердің қасбетін жаңарту бойынша берген тапсырмасы өз шешімін тауып жатыр. Қала әкімі Шымкент — ТМД елдерінің астанасы аясында қаланың негізгі орталық көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбетін жөндеуді тапсырған болатын. Атқарылып жатқан жұмыстар толығымен аяқталар болса, шаһардағы 79 көпқабатты тұрғынүйдің сырты жаңа келбетке ие болады. Әкім тапсырмасының орындалуы және құрылыс саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар ...
Читать далее »