Шымкент еліміздің үшінші мегаорталығы ретінде халық санының демографиялық өсуі жағынан, инвестициялық динамикалық көрсеткіштері жағынан да белсенді дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласының аумағында отандық өнім өрісі кеңейіп, құрылыс, түсті металлургия, фармакология, кондитерлік салаларда кәсіпорындар саны артып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту қарқын алды. Сонымен Шымкент қаласында соңғы 3 жылда іске қосылған ірі жобалар тізімі: 2020 жылғы отандық өнімдер: 1. «Sin Yuan ...
Читать далее »Архив меток: экономика
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XL КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
Конференцияда «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған 5 жылдық сайлауалды бағдарламасы ұсынылды. Бағдарламада Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ел экономикасын дамыту және пандемия салдарын жеңілдету арқылы қазақстандықтардың әл-ауқатын, тұрмыс – тіршілігін жақсартуға бағытталған тапсырмалары мен қаланың даму бағдарламасы негізінде жасалынып отыр. Сонымен қатар, праймеризде тұрғындардан келіп түскен 685 ұсыныстардың 98 пайызы орындалып, ал, 15 ұсыныс сайлауалды бағдарламаға қосымша ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ БЮДЖЕТТІ ИГЕРУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА БІРІНШІ ОРЫНДА
Мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлінген республикалық бюджет қаржысын игеруде Шымкент қаласы еліміз бойынша көшбастап тұр. 2020 жылдың 1 қазанындағы есепті кезеңде бюджет қаржысы 100 пайызға иегерілген. Бұл туралы қаржы басқармасы мәлімдеді, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі Мамандардың айтуынша, қаланың биылғы жалпы бюджеті 454,5 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде 243,3 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінген. Бүгінгі таңда осы жылдың ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҚАЙТА ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ
Шымкенттегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты Қажымұқан атындағы орталық стадионда ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі алдағы сенбіде қайта жұмысын бастайды. Демек шымкенттіктер әр аптаның сенбі күні ұйымдастырылатын жәрмеңкеден азық-түлік өнімдерін көтерме бағада сатып ала алатын болады. Бұл жөнінде қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков жәрмеңке ассоциациясы мүшелерімен кездесу барысында хабарлады. Кездесуде жәрмеңке кезінде карантин талаптарын қатаң сақтау шаралары түсіндірілді. Айта кету ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ЕГІС АЛҚАБЫНАН 18 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ЖИНАЛДЫ
Шымкент қаласында биыл егістік алқабынан 15 650 тонна өнім алынды. Оның ішінде 10 450 тонна дәнді дақыл, 5 200 тонна көкөніс пен бақша өнімдері, картоптың 2100 тоннасы жиналды. Шаруалар майлы дақылдар мен мал азықтық дақылдарын, картоптың қалған бөлігін алдағы уақыттағы жиынға қалдырған. Ауылшаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, ағымдағы жылы ауылшаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 27,6 мың гектарға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 30 ГА ЖЕРГЕ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ
Шымкентте жаңадан құрылған агро-индустриалды аймақта жалпы инвестиция құны 5,5 млрд. теңге болатын 6 жоба жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде жаңадан 500-ден астам жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, құрылыс барысында 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылмақ. Бұл туралы бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің төрағалық етуімен өткен жиында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков мәлімдеді. Ауыл шаруашылығы бағытындағы аталған аймақтағы жобаларды сәтті жүзеге ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ БІР КҮНДЕ 63 ТОННА ҚЫРЫҚҚАБАТ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Бүгін Шымкентке қырыққабат әкелген Мырзашөл өңірінің диқандары қала тұрғындарына бір күнде 63 тонна қырыққабатты тегін үлестірді. Қасиетті Рамазан айында қала әкімінің бастамасымен әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтарға шағын тарту жасаған диқандар: – Біздің көздегеніміз – мұқтаж жандарға көмек беру арқылы сауап жинау, індет тараған тұста қаладағы ағайынға аз да болса қуаныш сыйлау, деді. Өз кезегінде ерте пісетін бақша өніміне қол ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: 266 814 АЗАМАТҚА ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ТАҒАЙЫНДАЛҒАН
2020 жылғы 28 сәуір, сағат 9-дағы мәлімет бойынша Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 493 адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 266 814 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 263 166 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 266 814 азаматтың ішінде 254 032 өтініштер бойынша, ал, 12 ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ӘКІМІ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ НЕСИЕ БЕРУДІ ЖЕҢІЛДЕТУ ЖАҒЫН ҚАРАСТЫРДЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметкерлерімен жұмыс барысында кездесу өткізді. «Бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін фронт-кеңсенің қызметімен танысқан қала басшысы кәсіпкерлерге несие беруді оңтайландыру барысын саралады. Корпорация жұмысымен танысқан М.Әйтенов штат кестесін қайта құрылымдау және инвестициялар департаментінің жұмысын жаңғыртуды жауаптыларға жүктеді. Бүгінде аталған департаменттің қарауындағы 353 инвестициялық жоба бар. Осыған орай, қаланың инвестициялық тартымдылығын ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕГІ ІРІ ҚОЙМАЛАРДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ
Тауарларды тасымалдауда қиындық жоқ. Бүгін қаладағы ірі қоймаларды аралап шыққан қала әкімі М. Әйтенов осылай деді. Бағаны тұрақтандыру үшін 2020 жылы қордан 1,9 миллиард теңге қарастырылған. Мұрат Дүйсенбекұлы қажет болған жағдайда тағы 800 миллион теңге бөлуге болатынын жеткізді. Тұрақтандыру қорының көлемі 2,2 миллиард теңгені құрайды. Қала әкімінің бастамасымен Шымкентте азық-түлік бағасын бақылайтын жедел жұмысшы тобы құрылды. Әлеуметтік маңызы бар 11 ...
Читать далее »