Архив меток: әлеуметтік нысан

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫ: МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСЫП КЕЛЕДІ

Бұл туралы Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша халық алдында есеп беру кездесуі кезінде мәлімдеді. — Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық орында емін-еркін жүріп-тұруына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында аудандағы 13 негізгі көшені аралау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 121 кемшілік анықталды. Олқылықтардың орнын толтыру мақсатында тиісті басқармалар мен мекемелерге хат жолданып, 9 кемшілік қайта қалпына келтірілді. Ал қалғаны аудан ...

Читать далее »

МҮГЕДЕКТЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласында әлеуметтік нысандарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Әлеуметтік нысандар мүгедектердің кіріп-шығуына, түрлі қызмет алуына, жұмыс істеуіне қолайлы болуы керек. Осы мақсатта кешенді іс-шаралар жоспары бекітілген. Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәлімдеуінше, 2014-2020 жылдары Шымкент қаласында 1050 нысан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына ыңғайластырылды. Былтыр қолжетімді орта қалыптастыру мақсатында 4 ауданда 55 ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕПТЕР САНЫ БЕСЕУГЕ АЗАЙДЫ

Шымкент қаласында осы жылы 6000 орындық тоғыз мектеп пайдалануға беріледі. Оның ішінде 5-і жаңа мектеп болса, 3-і қосымша құрылыс. Бұлардың қатарында Бекет батыр-Ташенов көшелерінің қиылысында орналасқан 1 өнер мектебі де бар. Нәтижесінде, үшінші мегеполис атанған Шым шахарымызда апатты мектептер саны 2-ден 1-ге, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 14-ке азаяды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мамандарының хабарлауынша, жалпы 2020 жылы қалада ...

Читать далее »