Мемлекет басшысы індеттің кесірінен ісі тұралап, табысынан айырылған қазақстандықтарға қолдау көрсету үшін Үкімет мүшелеріне бірқатар тапсырма жүктеген еді. Соның бірі — төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған жандарға 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындау болатын. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалада 235 мыңнан астам адамға аталған көмектің тағайындалғанын атап өтті. — Бүгінге дейін Шымкент қаласынан ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ
Әлем жұртшылығын алаңдатқан коронавирусқа қарсы сақтық шаралары Шымкент қаласында да күшейтіліп жатыр. Бүгінгі таңда жергілікті билік қосымша профилактикалық шараларды қолға алды. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Оңтүстік – халқы тығыз орналасқан өңір. Сондықтан індеттің таралуын тоқтатпасақ, жағдайды ушықтырып аламыз» деп, жергілікті атқарушы органдарға карантин шараларының орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырған болатын. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ БЕТПЕРДЕЛЕР ТАРАТЫЛДЫ
Шымкент қаласына коронавирусқа байланысты «Birgemiz» қоғамдық қорынан келген 1 миллион бетперде халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға тегін таратылуда. Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы өкілдері Әл-Фараби ауданындағы Сәуле, Қошқарата, Текесу елді мекендері және Терешкова көшесін аралап, аз қамтылған отбасыларға тегін медициналық бетперделер таратты. Сонымен қатар, Еңбекші ауданындағы Көксай 2, Көксай 3, Жастар 1, Жастар 2 тұрғын алаптары мен Теміржол ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛАДЫ
Шымкентте карантин шаралары күшейтілді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті. Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу және эпидемиологиялық жағдайдың асқынуының алдын алу мақсатында Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі №11 «Карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысы шықты. Бұл Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету ...
Читать далее »КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАЖЕТТІ ЖАНАРМАЙ ҚҰНЫ ТӨМЕНДЕДІ
Президент тапсырмасына сәйкес, Шымкентте көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанаржағармай құны 174 теңгеден 160 теңге төмендетілді. Барлық агроқұрылымдар дизель отынын уақтылы алып жатыр. Тапшылық жоқ. Қала әкімі Мұрат Әйтеновпен жүздескен шаруалар осылай деді. Шымкентте ауылшаруашылығы өндіріспен қатар дамып келеді. Жалпы қала аумағында 62 мың гектардан астам жер бар. Биыл егіс алқабын өткен жылмен салыстырғанда 1 мың гектарға ұлғайтып, 27,6 мың гектарға ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫЖАЙҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК
Алдағы бірер жылда Шымкент маңайында жылыжай шаруашылығы дамиды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жергілікті шаруалармен жүздесуінде айтылды. Жабық жылыжай кешендердің көлемін арттыру мақсатында «Оңтүстік» көліктік логистикалық аймағынан 136 гектар жер қарастырылыпты. Оның 100 гектары өнеркәсіптік кешен болады. Қалғанын инфрақұрылым қамтиды. Жоба жүзеге асса мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылып, жұрт жыл он екі ай көкөніспен қамтылатын болады, дейді қалалық ауыл ...
Читать далее »МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫНА НОУТБУК ТАРТУ ЕТІЛДІ
Шымкенттік медицина қызметкерлерінің балаларына ноутбуктар тарту етілді. Қашықтан оқу жүйесіне көшкен дәрігерлердің балаларына сыйлықтарды «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілері жеткізіп берді. Қайырымдылық шара коронавирус инфекциясы пандемиясына қарсы күресте аянбай еңбек етіп жүрген медициналық қызметкерлері мен олардың балаларын қолдауға бағытталған. Шараға Әлеуметтік даму қоры мен Назарбаев Университеті демеушілік жасады. Аталған қор Ұлттық волонтерлер желісімен бірлесіп, үйінде компьютері жоқ медициналық қызметкерлердің балаларына ...
Читать далее »ІНДЕТКЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР ЖАЙЛЫ
Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясын жұқтырған тағы 4 науқас тіркелді. Ауру жұқтырған азаматтар 1964ж, 1984ж, 1985ж, 1991 жылғы Шымкент қаласының тұрғындары. Науқастар 17-сәуір күні коронавирус инфекциясы анықталған 1966 жылғы адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. «Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАТЫЛАДЫ
Бұл туралы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Наурыз Сүгірәлиев мәлімдеді. — Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін, тұрғындардың өмірін және денсаулығын қорғау мақсатында, 2020 жылғы 18 сәуірдегі Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №11 Қаулысына сәйкес, 2020 жылы 19 сәуірден 1 мамырға дейін қалалық қоғамдық көліктің жұмысы уақытша тоқтатылады, — деді Н. Сүгірәлиев. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: КӘСІПКЕРЛЕР КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ
Шымкент қаласының кәсіпкерлері өздері қиын жағдайға тап болғанына қарамастан, қайырымдылық жасауда. Жомарт азаматтар 12 балалы отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады. Бұл отбасы осыған дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген еді. Азаматтық танытқан жандар – қаладағы танымал кәсіпкер Қайрат Молдасейітов басқаратын Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшелері. Палата мүшелері өткен жылдың соңында қиын жағдайға тап болған осы отбасының жағдайы туралы біліп, ...
Читать далее »