Авторские архивы: admin

ҚАЛА КӨШЕЛЕРІН ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ

Шымкент қаласында көшелерді қардан тазалап, көктайғақтың алдын алу мақсатында коммуналдық мекемелер күшейтілген кестеде жұмыс жасап жатыр. Атап айтқанда, «ЛТД Турмыс», «Байтерек ЛБ», «Югдорсервис», «NurtauService», «Жасыл Жер» коммуналдық мекемелері 32 бағыт бойынша жұмыс атқаруда. Қаланы қардан тазарту үшін барлығы 114 техника, 606 жұмысшы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта коммуналдық мекеме қызметкерлері көшелерде көктайғақты болдырмау үшін 1626 текше метр инертті материал сеуіп шықты. Бұл ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ ЕСКЕРУСІЗ ҚАЛМАЙДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жыл басынан бері 21 рет азаматтарға жеке қабылдау өткізіп, оған 297 азамат қатысты. Жеке қабылдау қорытындысымен 228 азаматқа түсіндірме жауап берілсе, 69-дың мәселесі шешілген. Айта өту керек, пандемия әсерінен бұл жылы 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жеке қабылдаулар саны кеміген. Ал қала әкімінің орынбасарлары 47 рет жеке қабылдау өткізіп, оған 206 азамат қатысқан. Оның ішінде ...

Читать далее »

МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДЕ QR КОД ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласында медицина саласын цифрлық технологияға көшіру жұмыстары қарқын алған. Бүгінде қаладағы 33 мемлекеттік медициналық мекемеде QR код жүйесі іске қосылды. Жаңа технология арқылы дәрігерлер жайлы деректер, жұмыс кестесі, еңбек өтілі және науқастардың пікірлерін білуге мүмкіндік бар. Бұл бағдарлама уақытты үнемдеу, қашықтықтан құжат алмасу, жұмысты автоматтандыруға септігін тигізеді. QR-код қосымшасы арқылы науқастар дәрігердің қабылдауына жазылып, медицина маманын үйіне шақыруына болады. ...

Читать далее »

ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН ҚАРСЫЛАСЫН ОЙСЫРАТА ЖЕҢДІ

Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин Польша боксшысы Камил Шереметаны 7-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин кәсіпқой рингтегі 41-жеңісіне қол жеткізді. Головкин Холливудта (Флорида штаты, АҚШ) өткен бокс кешінде поляк Камил Шереметамен қолғап түйістірді. Бұл кездесуде Головкин өзіне тиесілі титулдарын қорғады. Головкин алғашқы раундтан бастап басымдық танытты. Бірінші раундтың соңына ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ «БОЗАРЫҚ» СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Бүгінде Шымкент қаласын сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 250 000 м3/сағ құрайтын автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта оның 95 пайызы аяқталды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған «Бозарық» қосалқы подстанциясының құрылыс алаңына барды. Қуаттылығы 160 МВт 220/110/10 КВ құрайтын қосалқы станция пайдалануға берілген соң, Асар-2, Тұран, Ынтымақ-2, Солтүстік саяжай, Батыс ш/а, Бозарық, Қайнарбұлақ, Шымкент ...

Читать далее »

ҚАЗАҚ ДОМБЫРАСЫН КҮМБІРЛЕТКЕН ТАТЬЯНА ШЫМКЕНТ ТӨРІНДЕ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, әнші Татьяна Бурмистровамен кездесу кеші жалғасуда. Күні кеше әншімен кездесу Шымкент қалалық өзбек драма театрында өтсе, бүгін Шымкент қалалық мәдениет үйіне қарасты «Қызылжар» мәдениет үйінде өтті. Қазақтың қара домбырасын шертіп, күміс көмей даусымен қазаққа танымал болған Татьяна Николайқызы 2003 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы қаласындағы «Ұлттық өнер» ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ БОСАНҒАН АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Тәуелсіздік күні қалалық перинаталдық орталықта босанған аналарға ерекше құрмет көрсетілді. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мереке күні өмірге ұрпақ әкелген аналарды арнайы құттықтап барды. Бүгін аталған перзентханада 4 ұл, 4 қыз бала өмірге келген. Мереке күні босанған аналардың әрбіріне гүл сыйлап, нәрестелерге қажетті бұйымдар мен ойыншықтарды тарту етті. – Өмірге келген ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ХАЛЫҚ САНЫНЫҢ ӨСІМІ БОЙЫНША ЕКІНШІ ОРЫНДА

Шымкент қаласы халық санының өсімі жағынан Алматыдан озып, Нұр-сұлтан қаласынан кейінгі орынға тұрақтады. Республикалық Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстан халқының саны 1 қарашаға қарай 18 млн 833 мың адамға жетіп, жыл басынан бері 0,2 млн адамға немесе 1,08% — ға артқан. Халық өсімі бойынша елорда көш бастап тұр, онда – 3,52%, Шымкент (2,67%), Алматы (2,61%), Маңғыстау облысы (2,43%) және Атырау облысы ...

Читать далее »

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ 1200 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ

Тәуелсіздік мерекесіне орай Шымкент қаласында тағы бір білім ордасы пайдалануға берілді. Асар-2 шағынауданында 1200 орынға арналған жаңа мектеп онлайн форматта ашылды. Жер телімінің жалпы ауданы – 2,88 га. Жобаның сметалық құны – 2 008 314,0 мың теңге. Бас мердігер «МК технострой сервис» ЖШС құрылысты өткен жылы шілде айында бастаған еді. Құрылыс компаниясы нысанды жоспарға сай аяқтады. Жалпы Шымкент қаласының білім ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БЕС МЫҢДАЙ АЗАМАТ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ

Шымкент қаласында биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4818 азаматтың әрқайсысы 200 айлық есептік көрсеткішті құрайтын қаржылай қолдауға ие болды. Мемлекеттік грант негізінде қайтарымсыз қаражат алған қала тұрғындары өз істерін бастап отыр. Олар көбінесе тігін, кондитерлік өнімдер әзірлеу мен мал шаруашылығына таңдау білдірген. Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы мамандарының мәліметінше бұл бағыт бойынша жұмыстар биылғы жылдың 11 айы ішінде 98 ...

Читать далее »