Шымкент қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жыл басынан бері жеке басты куәландыратын құжат алу бойынша 67 мыңнан астам азаматтың құжатын рәсімдеген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі мәлім етті. Жеке басты куәландыратын құжаттар – жеке куәлік пен төлқұжат 10 жылға берілетіндіктен, адамдар көбіне оның мерзіміне қарауды ұмытып кетеді. Сондықтан аталған корпорация жеке куәліктер ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
ШЫМКЕНТТЕ ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРЫНДАРДЫҢ 90 ПАЙЫЗЫ БОСАДЫ
Шымкент қаласындағы емдеу мекемелерінде инфекциялық ауруға шалдыққан науқастарды емдеуге арналған 2810 төсек-орын бар. Оның ішінде 650 инфекциялық, 2160 провизорлық төсек-орын. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүгінде стационардағы төсек-орындардың 90 пайызы босады. Қолайсыз эпидемиологиялық ахуал кезінде COVID-19 инфекциясымен күреске медициналық ұйымдарда 26 провизорлық стационар жұмыс істеді. Сонымен қатар, шаһардағы емханалар жанынан құрылған 133 мобильді топ тәулік бойы шақыртуларға шығуда. Қазіргі ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: COVID-19 ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСТАРДЫҢ 85 ПАЙЫЗЫ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Шымкентте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың 85 пайызы емделіп шыққан. Бұл жөнінде бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді. «Бүгінге дейін инфекция жұқтырған 4379 науқас дертінен айықты. Олардың басым бөлігі егде жастағы азаматтар. Қазіргі таңда коронавирус инфекциясына шалдыққан 732 науқас ем алуда. Оның ішінде 18 науқас стационарда емін жалғастыруда» — дейді Т.Варзилов. 24 ...
Читать далее »БИЫЛ 83 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА
Шымкент қаласы Әл Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов 7 айды қорытындылап, баспасөз брифингін өткізді. Бүгінде аудандарда ауланы абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Әл Фараби ауданында 100 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында 100 аула абаттандырылып, тұрғындардың игілігіне берілді. Аудан аумағында орналасқан 672 көпқабатты тұрғын үй 400 аулаға біріктірілген. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ӘЛЕМНІҢ 11 ЕЛІНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ЭКСПОРТТАДЫ
Шымкент қаласының шаруалары жыл басынан бері 73,6 млн. АҚШ доллары болатын ауыл шаруашылық өнімдерін әлемнің 11 еліне экспорттаған. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырған ауыл шаруашылығы экспортының артқаны байқалады. Мәселен 2019 жылы 65,5 млн. АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдері шетел нарығына шығарылған. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының мамандары мәлім етті. Шымкенттен шыққан өнімдер Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Ауғаныстан, ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСҚА ТАРТЫЛҒАН
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, биыл «Жастар практикасы» бағдарламасымен 3042 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері 1976 азаматқа жұмыс орындарына жолдама берілген. Яғни, бүгінге дейін жоспардың 65 пайызы орындалған. Жастар практикасы бойынша жұмыс істейтін мамандарға техникалық, медицина және педагогика салаларында сұраныс жоғары болып отыр. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұнан өзге қаланың 4 403 тұрғыны ақылы ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Тұяқбаев Әлжан Әлішерұлы қалалық Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды. Әлжан Әлішерұлы 1971 жылы туған. Мамандығы — заңгер-оқытушы. Ол 1992 жылдан 2017 жылға дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде үздіксіз әскери қызметте болған. Кейіннен Астана қаласындағы «ITS Security Group» ЖШС-нің директоры болып жұмыс істеген. 2019 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы әкімінің аппараты терроризмге қарсы күрес жөніндегі ...
Читать далее »«САҚ» КИНОСТУДИЯСЫ ЖАҢА АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ ТҮСІРДІ
Шымкентте «Көне құмыраның сыры» атты анимациялық фильмнің үшінші бөлімі жарық көрді. Қала әкімдігінің тапсырысымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жарыққа шыққан «Сақ» киностудиясының туындысы Шымкентті қызғалдақтар мекені ретінде таныстырады. Танымдық мәні зор, тағылым алар туындының режиссері елімізге танымал аниматор Батырхан Дәуренбеков, сценариін Бақытжан Құлжабай жазып шыққан. «Қазақстан –қызғалдақтар отаны. Өскелең ұрпаққа сол жайлы көбірек айтуымыз керек. Елімізде қызғалдақтың көптеген түрі өседі. ...
Читать далее »ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 5000 ОТБАСЫҒА 50 МЫҢ ТЕҢГЕДЕН ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК БЕРІЛГЕН
Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.Мәуленқұлов мәлімдеді. – «Біз біргеміз» акциясы аясында аз қамтылған көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі бала қараушыларға, Тыл ардагерлері, ҰОС ардагеріне теңестірілгендер және ең төменгі зейнетақы алушы зейнеткерлерге аудан бойынша 5000 отбасыға 50000 теңгеден қаржылай көмек берілді. Ал екінші рет қаржылай көмек І, ІІ топ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ...
Читать далее »7 АЙДА БЕЙНЕКАМЕРАЛАР КӨМЕГІМЕН 26 МЫҢНАН АСА ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛДЫ
Шымкентте «Ақылды қала» жобасы бойынша қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау бейнебақылау камерасының көмегімен жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың жеті айында Шымкент қаласының Полиция департаменті жедел басқару орталығының қызметкерлері нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 26 507 жайтты анықтаған. Олар қоғамдық орында қоқыс қалдығын тастау – 502, қоғамдық орында мас халде жүргендер — 640, қоғамдық орында қайыршылық жасау – 706, жол ережесін бұзғандар ...
Читать далее »