Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, үздік кәсіби білімі мен дағдысы бар мемлекеттік қызметшілерді анықтау және ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» конкурсы өткізілуде. Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 30 мамырына дейін қаланың мемлекеттік қызметкерлері арасында құжаттарды қабылдауды жүзеге асырды. Конкурсқа қатысуға 48 адам ниет білдірді. Конкурсқа жіберілген 37 қатысушыларға 30 мамыр ...
Читать далее »Авторские архивы: admin
ТАРИХТЫ ТҮГЕНДЕУ ЖАЛҒАСА БЕРЕДІ
31 мамыр күні 1997 жылдан бері қайғы мен қасіреттің белгісіндей атап өтіліп келе жатыр. Бұл — негізінен мереке емес, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бүгінде біздің өңірімізде де сол саяси зобалаңның құрбаны болған қазақтың қаймақтарының, небір асыл азаматтарының ұрпақтары тұрады. Республикадағы жалғыз мұражай Шымкентте орналасқандықтан, еліміздің түкпір-түкпірінен біздің өңірге, «Қасірет» мемориларына зобалаңда опат болған азаматтардың ұрпақтары келеді, музейдің қызметкелерімен ...
Читать далее »ЖАЗЫҚСЫЗ ҚУҒЫН-СҮРГІНГЕ ҰШЫРАҒАН ЕСІМДЕРДІ АҚТАУ – ПАРЫЗЫМЫЗ
Елімізде 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп аталады. Шынында да кешегі кеңестік толитарлық жүйе кезінде ең көп зардап шекен ел — Қазақстан, халық — қазақ халқы. 1997 жылы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен осы күн Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде жарияланғаны мәлім. Тәуелсіз замандағы тарих беттерінде өте маңызды орын алып отырған мәселе — сол ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: 1 МАУСЫМНАН БАСТАП ҚАЙТА ІСКЕ ҚОСЫЛАТЫН НЫСАНДАР
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында карантинге байланысты 1 маусымнан бастап қаламызда іске қосылатын нысандар бойынша брифинг өтті. Брифингте ең алғаш сөз алған қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ертеңнен бастап іске қосылатын нысандар мен шектеулердің алынуы бойынша баяндады. – Шымкентте биылғы жылдың 1, 4 және 11 мамыр күндері 3 кезең бойынша 6 912 нысан іске қосылып, 166 мыңнан астам адам жұмысына қайта кіріскен ...
Читать далее »МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІНЕ ОРАЙ ҮНДЕУІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Құрметті отандастар! ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін зобалаңы – халқымыздың тарихындағы қасіретті кезең. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін осы нәубеттің құрбандарын мәңгі есте қалдыру үшін мемлекеттік деңгейдегі тиісті шараларды жүзеге асыра бастады. 1993 жылы «Жаппай саяси қуғын-сүргін ...
Читать далее »«ЖАЗЫҚСЫЗ ҚҰРБАН БОЛҒАН ҚАЙРАН ЖҰРТЫМ»
Шымкентте «31 мамыр — саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» күніне орай, Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде «Жазықсыз құрбан болған қайран жұртым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. «Рухани жаңғыру» бөлімінің ұйымдастыруымен бейнебайланыс арқылы өткен іс-шараға Шымкент қаласы мәдениет басқармасының басшысы Рашид Мыңбаев, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Ә. Сейдехан және Ә. Сандыбаевтың ұрпақтары, тарихшылар мен ғылыми қызметкерлер қатысты. Жиында сөз алған ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ТӨРТ АЙДА 48 МИЛЛИОН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРІЛДІ
Шымкент қаласында биылғы жылдың төрт айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 7,4 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 1 миллиард теңге, мал шаруашылығы – 6,2 млрд. теңгені құраған. Осы уақыт ішінде 4 мың тоннадан астам ет, 13,3 тонна сүт және 48,6 млн. дана жұмыртқа өндірілді. Мал шаруашылығын дамытып, өнім көлемін арттыру мақсатында жалпы ...
Читать далее »ӘЛ-ФАРАБИ ФИЛЬМІНІҢ ТҮСІРІЛІМІ ЖАЛҒАСУДА
Биыл ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл. Осыған орай Түркістанда «Екінші ұстаз» туралы тарихи 10 сериялы телехикаясы түсіріліп жатыр. Бұл — Қазақстан ұлттық телеарнасымен біріккен жоба. Фильмді «САҚ» киностудиясы Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырысы бойынша түсіріп жатыр. Тарихи оқиғалар мен киелі орындарды қамтитын аталмыш фильм күз айларында көрермен назарына ұсынылады дейді фильм түсірушілер. Бұған дейін түрлі фильм түсіріп, елге ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА КОНЦЕПЦИЯСЫ ҚАБЫЛДАНДЫ
Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінде қоғамдық көлік жүйесіне өзгерістер енгізу бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен жиын өтті. Онда «Astana LRT» компаниясы қала басшысына Шымкенттегі қоғамдық көлік кешенін модернизациялау бойынша жасалған тұжырымдамасын таныстырды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа жүйе бойынша қоғамдық көліктердің жұмысы жақсарып, тиімділігі артады. Атап айтқанда, автобустарды мобильді қосымша арқылы бақылауға болады, жол ақысын электронды төлеуге мүмкіндік ...
Читать далее »“ИБРАГИМ АТА” КЕСЕНЕСІ
Ибраһим ата кесенесі – әйгілі уағызшы мазарына қойылған сәулет ескерткіші. Ақсу ауылы жолында Сайрам ауылының шетінде биік төбеде орналасқан. Алғашында кесене XVI – XVII ғасырларда салынған, бірақ ол құлап қалғаннан кейін XIX ғасырда қайта салынды. 50-жылдары қатты жер сілкінісі кезінде кесене күмбезі құлағаннан кейін басқа қалыпта қайта жасалды. Ибраһим ата – атақты сопы Қожа Ахмет Яссауидің әкесі, діни көсем, әрі ...
Читать далее »