ҚОҒАМ

«ШЫМКЕНТ – ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ 2020» ЖЫЛЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі онлайн форматта «Цитадель» тарихи-мәдени кешенінде өтті. Іс-шара Ońtústik TV және YouTube-та Bridge TV арналарында көрсетілді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мерекелі жылды қорытындылап, ТМД мәдени астанасы эстафетасын Душанбе қаласының төрағасы Рустами Эмомалиға табыстады. –Шымкент – 2200 жылдық тарихы бар көне шаһар. Осынау тарихи қаламыздың ТМД елдерінің мәдени астанасы атануы біз үшін ...

Читать далее »

«ШЫМКЕНТ ТМД МӘДЕНИ АСТАНА» ЖЫЛЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫНА ОРАЙ  МӘДЕНИ ШАРАЛАР ӨТТІ

Шымкентте «Шымкент – ТМД мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі аясында ұйымдастырылған іс-шара  Абай саябағындағы поэзия және әдебиет бұрышы көрмесінен бастау алды. Кітап көрмесіне қаладағы 5 кітапхана (37 бөлімшелері) өңірлік ақын-жазушылардың туындылары қойылды. Шараға келушілерді әсем әнмен күтіп алған әжелер кештің шырайын ашты. Мерекелік шара «Piano Performance» яғни,   орыс драма театры алдында түрлі-түсті бояуларға боялған пианинодан жанды дыбыста шырқалған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ «АРБАТЫНДА» ӨНЕР КӨРСЕТКЕН ТАЛАНТТАР ЖҰРТШЫЛЫҚТЫ ТӘНТІ ЕТТІ

«Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылуы аясында қала тұрғындарын керемет көңіл күйге бөлеген ерекше шаралардың бірі «Арбат» демалыс орнында ұйымдастырылды. Дәл бүгін «Арбат» алып театр сахнасына айналды десек те болады. «Өнерліге өріс кең» дегендей, мұнда қаладағы мәдени саланың көптеген өнерпаздары, театр әртістері көпшілікке өз өнерлерін ортаға салуда. «Арбаттың» кіреберісінен көрерменді қарсы алған әзіл-сықақ театры сахналық көрініс ұсынып, ...

Читать далее »

1 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП ТҮРКІСТАНҒА ӘУЕ РЕЙСТЕРІ ҰШУДЫ БАСТАЙДЫ

1 желтоқсанынан бастап Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан Түркістан қаласына әуе рейстері ұшуды бастайды. Алғашқы рейс Нұр-Сұлтан – Түркістан – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша орындалады. Азаматтық авиация комитеті Түркістан қаласының әуежайына тұрақты рейстер ашу бойынша жұмыс жүргізуде. Бастапқы кезеңде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркістанға күн сайын рейстер орындау жоспарланып отыр. Рейстерді 3 қазақстандық «Fly Arystan», «SCAT» және «Qazaq Air» әуе компаниялары орындайды. ...

Читать далее »

№ 2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ҒИМАРАТЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУДА

Шымкент қаласының «№2 қалалық аурухана» МКК ғимаратына бүгінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аурухана аумағында үш ғимарат орналасқан: стационар, босану бөлімі және емхана бөлімшесі. Қала әкімі М. Әйтенов әлеуметтік нысанның құрылыс барысымен танысты. Келісімшарт бойынша құрылыс жұмыстарының уақыты 11 айға – 2020 жылдың ақпан айынан желтоқсан айы аралығына жоспарланған еді. Мердігер мекеме «Югстройсервис-н» ЖШС құрылысты кестеге сәйкес жүргізуде. Қазіргі таңда нысанның ...

Читать далее »

«ОҢТҮСТІК ҚҰРЫЛЫС СЕРВИС» ЖШС ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

Шымкентте темір-бетон бұйымдарын өндіретін «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС кеңейту және жаңғырту жобаларын жүзеге асыруда. 2011 жылы құрылған кәсіпорын жылына 20 000 текше метр темір-бетон бұйымдары, 60 000 шаршы метр қабырға панелін өндіреді. Зауыт дайын өнімді отандық нарыққа шығаруда. Кәсіпорын басшыларының айтуынша, «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС «ҚДБ-Лизинг» компаниясымен жасалған келісімшарт негізінде зауытты жаңғыртуды қолға алған болатын. Барлық жаңа жабдықтарды іске қосу-жөндеу ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ ІРІ ТЕМІР-БЕТОН БҰЙЫМДАРЫН ӨНДІРЕТІН КӘСІПОРЫННЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

«DALA-CONSTRUCTION.KZ» ЖШС – қаладағы ірі темір-бетон бұйымдарын өндіретін кәсіпорын. 2002 жылы құрылған зауыт бүгінде 210 адамды жұмыспен қамтып отыр. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, жұмыс барысын аралап көрді. Кәсіпорын жылына 240 мың шаршы метр темір-бетон бұйымдарының жабын плитасын, 85 мың шаршы метр құрама-каркасты үйдің темір-бетон бұйымдарын, 32 мың шаршы метр өндірістік ғимараттар дайындауға қауқарлы. Сондай-ақ, 4,5 ...

Читать далее »

«ШЫМКЕНТКЕ 2200 ЖЫЛ» АТТЫ УАҚЫТ КЕРУЕНІ ІС-ШАРАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Бүгін А. Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта «Шымкент 2020 — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылу рәсіміне орай «Шымкентке 2200 жыл» атты уақыт керуені іс-шарасы бастау алды. Салтанатты іс-шараға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан игі бастамаға сәттілік тіледі. Бұл тойдың жөні бөлек. Жиынға келген барлық қатысушылар арман-тілектерін қағазға жазып, оны керуен қоржынына салды. Уақыт керуені қала ...

Читать далее »

ҚАЛА МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖЕТПІСІНШІ СЕСИЯСЫНДА БІРҚАТАР МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАПТЫ

Шымкент қаласында қатаң шектеу шараларын және карантинді ұзарту туралы қаланың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, Шымкент қаласы мәслихатының кезекті жетпісінші сессиясы онлайн форматта өтті. Мәжіліс сессиясы күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бүгінгі сессия Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың қыркүйек айындағы халыққа арнаған Жолдауына сәйкес, алғаш рет тікелей эфирде ұйымдастырылып отыр. Бұл эфирді қала мәслихатының ресми сайты арқылы барлық қала тұрғындары көре ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 82 434 ОҚУШЫ МЕКТЕП ЖАНЫНАН АШЫЛҒАН СПОРТ ҮЙІРМЕСІНЕ ҚАТЫСАДЫ

Шымкент қаласында кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру арқылы қылмыс азайған. 2019 жылдың 9 айында кәмелетке толмағандар арасында 61 заң бұзушылық тіркелсе, биыл 47 оқиға орын алып, өткен жылмен салыстырғанда 27% төмендеген. Бұл туралы қалалық білім басқармасының өкілі Ұлжалғас Саурбаева баспасөз брифингте мәлімдеді. –Қылмыс жасаған оқушыларға мектеп әкімшілігі арнайы тәлімгер бекітіліп, бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін үйірмелер мен спорттық секцияларға ...

Читать далее »