ҚОҒАМ

Шомылу маусымы қарсаңында қауіпсіздік туралы еске салды

Көптен күткен жазғы демалыс та жақындап қалды. Балалар табиғатта, соның ішінде су қоймаларында көп уақыт өткізіп, шомылу маусымы да басталып қалады. Шымкент қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері және жастар судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және қала тұрғындарын, оның ішінде балаларды акваторияда қауіпсіз демалуға дайындау мақсатында профилактикалық рейдтер жүргізеді. Қарасу өзенінің бойындағы бірлескен рейд кезінде «Жастар Рухы» Жастар қанатының жастары ТЖ қызметкерлері ...

Читать далее »

САМОКАТТАРМЕН ЖОЛДА ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІ РЕТТЕЛЕДІ

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды. Құжат аясында электр самокаттармен жолда жүру тәртібі реттеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталған заң жобасын Парламент депутаттары әзірледі. «Кейінгі көшеде жаңа көлік құралдарының, яғни электр самокаттардың, гироскутерлер мен монодөңгелектердің және басқа да түрлері пайда болғанын көріп жүрміз. Бізге азаматтардан ...

Читать далее »

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНА ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАСАЛДЫ

Шымкентте құрылыс жұмыстары қайнап жатыр. Қазіргі таңда мегаполисте екі Оқушылар сарайы, шығармашылық орталық, алты Өнер мектебі, Конгресс –Холл, мектептер салынуда. Мұның барлығы дерлік партия бақылауында. Сайлауалды бағдарламаға енген барлық нысанға партиялық бекеттер орнатылып, құрылыстың уақытылы әрі сапалы орындалуы партиялықтар назарында. «AMANAT» партиясы жаңа мәдени нысандардың инфрақұрылымын құруға және дамытуға ықпал етуде. Мәселен, бүгін қалалық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері «Нұрсәт» ықшамауданында ...

Читать далее »

ҰОС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

9 мамыр — Жеңіс күніне орай «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Шымкент қалалық партия филиалының төрағасы Бахадыр Нарымбетов бастаған бір топ халық қалаулысы, партияластар ардагерлер шаңырағына бас сұқты. Бүгінде Шымкентте үш-ақ соғыс ардагері қалған. Соның бірі-Нина Мосунова. Қария биыл 99 ға келіп отыр. Ол 1942 жылы әскерге өз еркімен аттанып, Казань қаласында телеграфист мамандығын алған. Сонан 1943 жылы Можайск ...

Читать далее »

ЖАҢА МҮШЕЛЕР ПАРТИЯ ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай салтанатты шара өтті. Алқалы жиынға партия филиал Төрағасы мен Азаматтық қоғам және мәдениетті даму жөніндегі «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесі мүшелері, зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиында Бахадыр Нарымбетов сөз бастап, партияластарды мерекемен құттықтады. Бүгінде түрлі ұлт өкілдері Қазақстанды өз жерім деп біліп, қазақ халқын ...

Читать далее »

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының партиялық бақылау комиссия мүшелері бүгін мегаполистегі аяқталған және салынып жатқан білім беру мекемелеріне зерделеу жұмыстарын жүргізді. Анығырақ айтсақ, партияластар М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясы және Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясында болып, қосымша салынып жатқан оқу ғимараттарының құрылыс жұмыстарын тексерді. Білім ордаларына қалалық маслихат депутаттары, қалалық партиялық бақылау комиссия мүшелері, білім беру және құұрылыс басқармасының басшылары және бұқаралық ...

Читать далее »

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АЛУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК БОЙЫНША КЕҢЕС БЕРЛДІ

Халық арасында құқықтық мәселелер өте өзекті. Жыл басында тұрғындардың құқығын қорғайтын «Құқықтық көмек» партиялық жобасы іске қосылған болатын. Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Құқықтық көмек» партиялық жобасы және «Жастарға арналған шағын несие 2,5%» бойынша азаматтарды қабылдау өттті. Заң сарапшысы, кәсіби заңгерлер мен адвокаттар, жеке сот орындаушылары мен медиаторлар, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мамандары келіп, тұрғындар мәселесінің шешімін ...

Читать далее »

«АШЫҚ ЕСІК» КҮНІНДЕ ЗАҢГЕРЛЕР ТЕГІН КЕҢЕС БЕРДІ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында әділет департаментімен бірлесе қоғамдық қабылдау өтті. Бұл жолы тұрғындарды «ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК» партиялық жобасы аясында құқықтанушы мамандар және қалалық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Балабиев қабылдады. Жасырын емес, қазіргі таңда адамдарға сапалы құқықтық кеңес қажет ақ. Бірақ заңгер мамандар қызметінің бағасы барлығына бірдей қолжетімді емес. Көшбасшы партия да азаматтардың құқықтық сауатын арттыруды көздейтін жобалар жүзеге асып жатқаны белгілі. ...

Читать далее »

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

“AMANAT” партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Бектаева Жанар Әлібекқызы қоғамдық қабылдау өткізді. Қалалық мәслихат депутаты келген тұрғындардың айтарына құлақ түрді. Бүгінгі қабылдауға келіп түскен өтініштердің көп бөлігі әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты сұрақтар болды. Әсіресе, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту төңірегіндегі өтініштері. Жол мәселесін көтеріп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына байланысты мәселелермен келген азаматтар да бар. Онлайн байланыс арқылы қоғам белсендісі Сейдалы Дүйсебайұлының да ...

Читать далее »

2,5 ПАЙЫЗДЫҚ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛУДЕ

Жастарға арналған жеңілдетілген кредиттер несие бизнесті бастау немесе кеңейту үшін беріледі. 5 жыл мерзімге жылдық мөлшерлемесі 2,5% болатын несиені жастар ала алады. Олардың жасы 21-ден 35-ке дейін, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болуы тиіс. Бұдан бөлек, грант беру құралдары жасалмақ. Бұл кредиттерді «Аграрлық кредиттік корпорациясы» арқылы алуға болады. Несие мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 (жеті) жылғы дейін; басқа бағыттар ...

Читать далее »