ҚОҒАМ

ШЫМКЕНТТЕ 82 МЫҢНАН АСА ОҚУШЫ ТҮРЛІ ҮЙІРМЕЛЕРГЕ ҚАТЫСАДЫ

Шымкент қаласында 9 қосымша білім беру мекемесі бар. Онда 20 061 оқушы түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысады. Бұл жөнінде қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева ақпараттық-коммуникалық орталықта өткен брифинг барысында баяндады. Сонымен қатар, Бас ұстаздың айтуынша қаладағы спорт мектептерінде 15 650 бала түрлі қосымша спорт үйірмелеріне барады екен. Одан өзге, 147 жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерде түрлі үйірмелер ашылып, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САЙЫСЫНДА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ

Қазан айының 07-14 күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «Шеберлер қаласы: ата-бабаларымыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» өлкетану сәндік қолданбалы шығармашылығының республикалық көрмесі қашықтықтан өткен болатын. Аталған байқауда шымкенттік оқушылардың еңбектері де үздіктердің қатарынан көрінді. Көрмеге Шымкент қаласынан 6 номинация бойынша мектеп оқушылары мен қосымша білім беру ұйымдарының шәкірттері қатысты. Атап айтқанда, шәкірттер «Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым», «Табиғи материалдардан жасалған бұйым», «Тұрмысқа арналған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ ЖАСАЛАДЫ

Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамытудың концепциясы жасалатын болды. Бүгінгі таңда статистикалық есеп бойынша қалада дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 294 мың адамға жеткен. Бұл барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 27,8% екенін көрсетеді. Жыл соңына дейін аталған көрсеткішті 30%-ға жеткізу көзделуде. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ДІНИ КОНФЕССИЯ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы діни конфессия жетекшілерімен кездесті. Кездесу барысында «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесімен құттықтап, конфессия басшыларымен дін өкілдерінің атқарып жатқан жұмыстары бойынша пікір алмасып, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін талқылады. — Сіздерді «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінгі біздің міндетіміз мемлекеттің беріктігін сақтап, халық бірлігін одан әрі нығайту және барлық ...

Читать далее »

ТЕННИС КОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ұлттық теннис орталығындағы теннис корты қайта жөнделуде. Бүгінде құрылыс жұмыстары қызу жүруде. Демонтаж және аллея автосуғарғышын орнату жұмыстары толығымен аяқталған. Ал, инженерлік жүйелер жүргізу 70 %-ға орындалған. Нысандағы жұмыстар қараша айында аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде мұнда қосымша жаңадан 4 корт, көрермендер үшін шатырымен трибуна, сквер және келушілерге арналған автотұрақ болады. Сонымен қатар, құрылыс басқармасының ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА 30 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін салу, қызметтер мен жұмыс сапасын арттыру мен бюджет жүктемесін төмендету мақсатында биыл 30 жоба іске асырылып жатыр. Бұл жөнінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында қала әкімі Мұрат Әйтенов баяндады. Биыл Шымкентте мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 34 млрд.теңге көлемінде инвестиция тартылып, 30 жоба іске асырылып жатыр екен. Атап айтқанда, білім беру – 2 жоба, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: КҮЗГІ ДЕМАЛЫС 2 КҮНГЕ ҰЗАРТЫЛДЫ

Қашықтан білім беру кезеңінде күзгі демалыс уақыты мектеп оқушылары үшін өткен оқу жылымен салыстырғанда 2 күнге ұзартылды. Атап айтқанда, 2020 жылғы қараша айының 5-14 күндері аралығында. Демалыс күндерін бекіту ҚР БҒМ 2020 жылғы 12 тамыздағы бұйрығына сәйкес жасалынған. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен бринфингте Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді. Айта кетейк, мемлекеттік стандартқа сәйкес оқу жылындағы демалыс ...

Читать далее »

ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ 31 ДАНА ӨРТ СӨНДІРУ ТЕХНИКАСЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Шымкент қаласында ҚР Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына орай қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарына арналған көліктердің кілтін табыстау рәсімі өтті. Онда құтқарушыларға кәсіби мерекелері қарсаңында 31 дана заманауи арнайы өрт сөндіру техникасы берілді. Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов, Беларусь Республикасының «Пожснаб» ЖШҚ директоры Олег Дерябин, қалалық мәслихат депутаттары мен Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы қатысты. Іс-шарада ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ 2GIS КАРТАСЫНА ЕНГІЗІЛМЕК

Бүгін «Рухани жаңғыру» қазақстандық даму институты» КЕАҚ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Боқанова және Шымкент қаласы «2 GIS-Shymkent» ЖШС директоры Нұржан Омаровтың қатысуымен екіжақты ынтымақтастық меморандумы жасалды. Киелі тарихи орындарды нақтылау Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында іске асырылып отыр. Арнайы жоба шеңберінде және еліміздің тарихи-мәдени ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 4 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Биыл Шымкент қаласында 7020 орындық 13 мектеп салынуда. Осы жылдың 9 айының қорытындысына сәйкес 3900 орындық 4 мектеп пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Самал-3 шағын ауданындағы 1200 орындық екі мектеп, Асар-2 шағын ауданындағы 1200 орындық 1 мектеп және Әбділабад тұрғын алабында орналасқан 300 орындық 1 білім ошағының құрылысы аяқталды. Одан бөлек, №23 мектептің 300 орындық қосымша ғимаратының құрылысы қазан айының соңына ...

Читать далее »