ҚОҒАМ

ЕГІСТІК АЛҚАБЫНАН 60 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ЖИНАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында ауылшаруашылығы саласын экономиканың қозғаушы күші ретінде дамытуды тапсырған болатын. Осы мақсатта қалада ауылшаруашылығын дамыту бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. Шымкент қаласындағы күзгі дала жұмыстары туралы қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандары хабарлады. Олардың айтуынша, биыл жоспарға сәйкес 27 600 гектар аумаққа егістік егу жоспаланған. Қазіргі таңда 27 908,2 гектарға егіс егіліп, жоспардан 308,2 гектарға артық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: АГРС-3 НЫСАНЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Шымкент қаласының табиғи газ көздерінің қуаттылығы АГРС-1, АГРС-4 «Шымкент» 180 000 м3/сағ құрайды. Ал бүгінгі таңдағы қаланың қажеттілігі — 250 000 м3/сағ құрап отыр. Жылыту маусымы басталған кезде қолданыстағы автоматтандырылған газ таратушы станциялары 100% жұмыс атқаруда. Шымкетте коммуналды-тұрмыстық тұтынушылардың көбеюіне байланысты қыста табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша мәселе туындайды. Сондықтан, қаладағы көгілдір отынмен қамтамасыз ету көлемін одан әрі арттыру үшін ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «HR-PROCESS» ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ 300-ДЕН АСА АДАМ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан «HR-Process» білім саласының кадрларын іріктеудің автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі арқылы жұмысқа орналасқан педагогтармен кездесті. Кездесуге қалалық білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиева, білім беру ұйымдары басшыларын тағайындау сатысында басшылық ететін комиссия құрамы, бірқатар мектеп директорлары мен аталған жүйе арқылы жұмысқа орналасқан ұстаздар қатысты. Онда қала әкімінің бірінші орынбасары білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындауда да ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ ЖЫЛЫЖАЙҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жылыжай құрылысына қажетті құрал – жабдықтар өндіретін зауыттардың жұмысымен танысты. Алдымен Асар–2 шағын ауданында орналасқан «ZERO MAX KZ» зауытына барды. Аталған зауыт жылыжай кешендерін салуға арналған мырышталған құбырлар мен жылыжай құрылысына қажетті өнімдерді өндіреді. Жоба құны — 2,6 млрд. теңгені құрайды. Өндіріс орны жылына 380 гектар болатын жылыжай құрылысына қажетті құрал – жабдықтарды өндіруге қауқарлы. ...

Читать далее »

«ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласында коронавирус індетімен күресте белсенділік танытқан бір топ азаматтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған «Халық алғысы» арнайы медалімен марапатталды. Жұқпалы індетпен күресте ерекше көзге түскендердің қатарында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және өзге де сала өкілдері мен еріктілер бар. Мегаполистің марапат иелеріне медальді қала әкімі Мұрат Әйтенов табыстады. — Бұл марапат — бүкіл әлемде орын алып отырған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ДӘРІГЕРЛЕР САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДІ ЕСКЕРТЕДІ

Шымкент қаласында 1 тамыздан бастап covid-19 белгілері бар пневмониямен 869 науқас тіркелді. Өткен тәулікте тіркелгені 1 жағдай. 2020 жылғы 12 қазандағы жағдай бойынша COVID-19 – дың 5203 жағдайы тіркелген. Оның ішінде — 2648 симптомдық, 2554 – симптомсыз. Сондай-ақ, қалада 11 қаңтардан 12 қазанға дейін пневмонияның 18 341 жағдайы тіркелген болса, оның 18 191-і ауруынан айыққан. Бүгінгі таңда коронавирустан емделген науқастар ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН МЕРЗІМІ ТАҒЫ ДА ҰЗАРТЫЛДЫ

Шымкентте карантин мен шектеу шаралары 26 қазанға дейін ұзартылды. Қаланың бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев жаңа қаулысында карантинді ұзартты және жәрмеңкелердің жұмысына рұқсат берді. Ал кинотеатрлардың, цирктің, сауда үйлеріндегі балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың жұмысына тыйым салынып отыр. «Жәрмеңкелердің қызметін күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жүзеге асыру, оның ішінде дезинфекциялық тоннель мен санитайзерлер орнатуды қамтамасыз ету керек,» ...

Читать далее »

ТӘУЕЛСІЗДІК САЯБАҒЫНА СӘНДІК АҒАШТАР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Бүгін Шымкенттегі «Тәуелсіздік» саябағында қала әкімдігі 300 түптен астам сәндік ағаш көшеттерін отырғызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл еліміздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді» деген болатын. Президент айтқан межені жүзеге асыру мақсатында осы жылдың күз мезгілінде қала аумағында 700 мыңнан астам көшет сенбіліктер аясында егіледі. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КЕЗЕКТІ «ЭКО-САНА» СЕНБІЛІК АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Шымкент қаласында «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасы аясында кезекті «ЭКО-САНА» сенбілік акциясы өтті. Акцияның мақсаты – экологиялық білімді арттыру және қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және айналаны қоқыстан тазарту, салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдау. Сенбілік барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева тазалық шарасына өз ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «МЕЙІРІМДІЛІК КЕРУЕНІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз мәжілісінде Шымкент қаласы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Эльмира Созақбаева мәлім етті. – «Мейірімділік керуені» республикалық байқауына қатысуға өтінім қабылдаудың басталғаны туралы қуана хабарлаймыз. Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы ұйымдастыратын байқау игі істер жасайтын адамдарды анықтауға және көтермелеуге, адамгершілік құндылықтарды танымал етуге бағытталған, – деді қауымдастық төрайымы. Ал Интегративті және ...

Читать далее »