ҚОҒАМ

ТҮРКІСТАН КӨШЕСІНДЕГІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЗАН АЙЫНДА БІТЕДІ

Шымкент қаласында ішкі орамдағы жүргізіліп жатқан орташа жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен аяқталып жатыр. Бүгінде Самал-3 шағынауданындағы ұзындығы 1,5 шақырым, ені 5 метр болатын Абдраманов көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, төмендегідей көшелерде жұмыстар әлі де жалғасуда: — Еңбекші ауданы Төле би көшесіндегі орташа жөндеу жұмыстарын «АлемТрансЖол» ЖШС мердігері жүргізіп жатыр. Мұнда жолдың беткі қабатын жаңарту, жарамсыз ирригациялық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БІЛІМ САЛАСЫ ТОЛЫҚ ЦИФРЛЫ ЖҮЙЕГЕ КӨШТІ

Шымкентте цифрландыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Шымкент қаласының Цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досан Әлібеков баспасөз брифингінде атқарылған жұмыстардан хабардар етті. Досан Биназарұлының айтуынша, биыл білім саласы қызметі жаңа оқу жылына орай толық цифрлы жүйеге көшті. Балалардың онлайн режимде сабақ алуын қамтамасыз ету үшін қаладағы барлық білім беру ұйымдары жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілуде. – Білім саласы – ең маңызды ...

Читать далее »

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» ЖАҢА КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу барысы және жоспарлары бойынша кездесу өтті. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің басшылығымен және «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуде бағдарламаны іске асырудың басты мәселелері, бірінші жартыжылдықта жүргізілген жұмыс қорытындылары және ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына қойылған міндеттер мен нақты қызмет бағыттары талқыланды. Мысалға, Болат ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 8 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН

Шымкент қаласында жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы бойынша 236 жоба нақтыланған. Олардың жүзеге асырылуына 45,3 млрд теңге бөлінген. 8 380 жұмыс орнын ашу жоспарланған болса, соның бүгінде 7 394 орны ашылған. Яғни жоспар 87,7 пайызға орындалған. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов Үкімет отырысында мәлімдеді. Нақтырақ айтқанда, жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 190 жұмыссыз азамат жұмыспен қамтылады. Бүгінгі ...

Читать далее »

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ПАРТИЯІШІЛІК ІРІКТЕУІН БАСТАДЫ

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Елімізде Nur Otan партиясының партияішілік іріктеу бәсекесі басталды. Қазақстанның партиялық-саяси даму тарихында праймериз алғаш рет өткізілуде. Праймериздің мақсаты – Парламент Мәжілісіндегі және мәслихаттағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілгерілету, оларды мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау. Праймериз кезінде партиялықтармен партия бағдарламаларында өз шешімін табатын өзекті, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ11 БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯ ОРНАТЫЛУДА

Шымкентте жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін 11 базалық станция орнатылуда. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Досан Әлібеков мәлімдеді. – Осы жылдың оқу маусымында балалардың онлайн режимде сабақ алуын қамтамасыз ету үшін қаладағы барлық білім беру ұйымдары жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілуде. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту мақсатында қала аумағы бойынша ...

Читать далее »

«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 20 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына орай, Шымкенттегі жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін жаңа жұмыс орындарын құруда «Жұмыспен қамту 2020» жол картасының іске асырылуы оң нәтиже беріп жатыр. Биыл Шымкент қаласында «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 24 367 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Осы уақытқа дейін 19 344 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 79,4 пайызға орындалған. Бұл жөнінде Премьер-министр Асқар Маминге қала әкімі Мұрат Әйтенов Үкімет отырысында ...

Читать далее »

«КАТКО» КОМПАНИЯСЫ ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫН СЫЙЛАДЫ

Шымкент қаласындағы қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына “КАТКО» Қазақстан-француз бірлескен компаниясы 3 жасанды тыныс алу аппаратын тарту етті. Аталған компания атынан берілген бір аппараттың құны — 15 млн 250 мың теңге. Бұл медициналық аппараттар пневмония және коронавирус індетіне шалдыққан науқастарды емдеуде ең маңызды құралдардың бірі дейді мамандар. «КАТКО-Демеу» корпоративтік қорының Бас директоры Тағабек Жанксиевтің айтуынша ИВЛ аппараттарын Оңтүстік Кореядан арнайы тапсырыспен ...

Читать далее »

140 ШАҚЫРЫМДЫҚ 135 НЫСАНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Биыл Шымкентте автомобиль жолдары саласын дамытуға жалпы 26,8 млрд. теңге қаралып, 256 нысан немесе 414,9 шақырым жолдар мен көшелерде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 312,8 шақырым немесе 240 нысан пайдалануға тапсырылады. Жарты жылдың қорытындысы бойынша 140 шақырымдық 135 нысанда құрылыс жұмыстары аяқталды. 2020 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша жақсы және қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесі 56,9 % құрады. Қазіргі таңда ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІП ИЕЛЕРІНІҢ САНЫ 6,6 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

Бүгінде Шымкент қаласында бүгінде 70 754 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар. Оның ішінде жеке кәсіпкерлер саны – 52 364, заңды тұлғалар — 15 165, шаруақожалықтар саны 3 225-ті құрайды. Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мамандарының айтуынша, бұл көрсеткішті былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,6 пайызға артқан. Олар 169,2 млрд.теңгенің өнімін өндірген. Бүгінгі таңда шағын және орта кәсіпкерлікте ...

Читать далее »