ҚОҒАМ

ШЫМКЕНТТЕ КҮЗГІ ЖАУЫН-ШАШЫНҒА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

Шымкент қаласындағы «Қарасу» шағынауданында орналасқан 9 көпқабатты тұрғынүйдің ауласына сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, №1, 3, 4а, 54, 57, 58, 59, 60, 61 көпқабатты үй ауласындағы ойын элементтеріне сырлау жұмыстары жүргізілген. Сенбілікті ұйымдастырған Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов күзгі жауын-шашын кезінде ирригациялық арықтардың толып қалмауының алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізілгенін айтады. «Аулаларда ирригациялық арықтарды қоқыстан тазарттық. Сондай-ақ, санитарлық тазалау жұмыстары ...

Читать далее »

«HR-PROCESS» — ПЕДАГОГ КАДРЛАРДЫ ІРІКТЕУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

Шымкентте алғаш рет педагогтар мен білім ұйымдарының қызметкерлерін жұмысқа қабылдау бойынша «HR-Process» жүйесі енгізілді. Яғни, білім саласының кадрларын іріктеудің автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі. «HR-Process» жүйесі педогогикалық бос орынға өтініш беру және өңдеу барысын автоматтандыруға, үміткерлер мен бос орындардың деректер қорын құруға, сонымен қатар, заманауи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде педагогикалық құрамды іріктеу процесінің тиімділігін арттыруға арналған. Педагогикалық құрамды іріктеуді автоматтандырудың мақсаты мен ...

Читать далее »

«ТӨЛЕМ» ЭЛЕКТРОНДЫҚ БИЛЕТТЕНДІРУ ЖҮЙЕСІ ҚАРАШАДА ЕНГІЗІЛЕДІ

Шымкент қаласында қоғамдық көлік саласын жаңғырту басты назарда. Автобустар паркін жаңарту, электронды билет жүйесін енгізу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Уақыт сәтімен, кезең кезеңімен аталған мәселелер шешімін табуда. Қазіргі таңда Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан қоғамдық көліктерге электронды билеттендіру жүйесін енгізу жұмыстары қолға алынды. Қоғамдық көліктерде «Төлем» электрондық билеттендіру жүйесін енгізу жобасы «QazSmartTrans» ЖШС-нің жеке инвестициялары ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР «ЖАНҒА ЖЫЛУ» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗДІ

Шымкент қаласының еріктілері дәрігерлер мен әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыға 100-ге жуық азық-түлік себеттерін үлестірді. «Жанға жылу» қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға қалалық «Жастар ресурстық орталығы», «АSAA» жастар қоғамдық бірлестігі, Зарина Жиенбаева Қазақстан темір — жол жастары бірлестігі ат салысты. Жобаның негізгі мақсаты – індетпен күресте өмірін қауіпке төндіре отыра жұмыс жасап жүрген ақ халаттыларға алғыс білдіру және мұқтаж жандарға көмек көрсету болды. ...

Читать далее »

ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ

Бүгін Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары, Жастар ресурстық орталығының өкілдері мен ерікті жастардың қатысуымен профилактикалық іс-шара өткізілді. Аталмыш шараның мақсаты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес, салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамды есірткіге қарсы қою және халық арасында короновирустық инфекцияның алдын алу болып табылады. ...

Читать далее »

МОБИЛЬДІ ТОПТАР 23 МЫҢНАН АСТАМ НАУҚАСҚА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Шымкент қаласындағы емханалар жанынан құралған мобильді топтар 60 мың науқасты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. Медицина мамандары дәрілік заттарды диспансерлік есепте тұратын науқастардың үйіне жеткізіп беруде. Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов баяндады. «Бүгінде 211 мобильді топ тәулік бойы шақыртуларға шығуда. Қазіргі таңға дейін 23 мыңнан аса науқастың үйіне барып, медициналық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТКЕ ТУРИЗМ ИНДУСТРИЯСЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ІССАПАРМЕН КЕЛДІ

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков Шымкент қаласына арнайы іс-сапармен келді. Сапар барысында комитет төрағасы шаһардың бірнеше туристік нысандарын аралап, сала мамандарымен кездесті. Құрметті қонақ ең алдымен қаланың қақ ортасындағы бұлақ суы – Қошқар ата өзеніне, оның жанындағы көптеген танымал, тарихи және мәдени серуендердің бастауы болатын Ордабасы алаңына, ежелгі Цитадель мен Тәуелсіздік саябағына ат басын ...

Читать далее »

30-ҒА ЖУЫҚ ЖӨСӨСПІРІМНІҢ АТА-АНАСЫНА ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ

Шымкент қаласында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік шара ұйымдастырылды. Оған «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мамандары мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Рейдтің негізгі мақсаты – ҚР Заңына сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі 23.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүрмеуін тексеру, ата-ананың қарауынсыз қалу, келеңсіз жағдайлардың алдын алу еді. Нәтижесінде Қазақстан Республикасы ӘКБтК-ның ...

Читать далее »

АУДАНДАРДА АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Біз көбіне аурудың алдын алуға мән бермей жатамыз. Немесе кейде ақпараттандыру жетіспейді. Қазір қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістеріне, лифтілеріне, қоғамдық көліктерге ақпараттық парақшалар жабыстырылуда. Оны аудан әкімдігінің мамандары, еріктілер және үй комитетінің төрағалары бірлесе атқарады. Бүгінде барлық ауданда осы жұмыстар қолға алынып жатыр. Тұрғындарды коронавирус инфекциясынан сақтану бойынша ақпараттандыру өте өзекті. Ақпараттық парақшаларда коронавирус инфекциясынан сақтанудың жолдары баршаға түсінік етіп ...

Читать далее »

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТУ СТАНЦИЯСЫНЫҢ «CALL» ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

Шымкент қаласында халықаралық стандарттарға сай жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының «Call» орталығы ашылды. Қалаға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары ҚР Парламенті Сенатынының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова және ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният орталықтың жұмысымен танысты. 103-ке келіп түсетін қоңыраулардың барлығын диспетчерлер жаңадан ашылған орталықта қабылдап, бірыңғай автоматтандырылған жүйе арқылы бақылай алады. Қоңырау қабылдау орындары екі ...

Читать далее »