Шымкенттік дәрігерлердің жаңа туған шақалаққа жасаған күрделі отасы сәтті аяқталды. Шымкент қаласындағы клиникалық балалар аурухасының мамандары жаңа туған сәбиге күрделі операция жасап, шақалақтың денесіне туа біткен ісікті хирургиялық жолмен алып тастады. Сәбидің басындағы ісіктің көлемі үлкен болды,- дейді мамандар. Баланың басында үлкен көлемде ісік барын ақ желеңділер бала анасының құрсағында жатқан 29-аптада анықтаған. Сондықтан мамандар отағы бала дүниеге келген соң ...
Читать далее »ҚОҒАМ
13 ШІЛДЕ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ
Қазақстанда коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты бүгін — Жалпыұлттық аза тұту күні. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бүкіл ел бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланады. «Әр қазақ – менің жалғызым» дегендей, Әр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені ...
Читать далее »ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ШАҚЫРТУЛАРЫ АЗАЙДЫ
Шымкент қаласы бойынша жедел жәрдем шақырту азайған. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінде өткен Шымкент қаласы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл бойынша арнайы штабында айтылды. Жиын барысында атқарылып жатқан бірқатар жұмыстар талқыланды. – Қала бойынша жедел медициналық жәрдем шақыртулары саны азаюда. Шілде айының 1 жұлдызынан бастап, бүгінгі күнге дейін (12.07.2020) шақыртулар саны 2142-ден 1839-ге дейін төмендеді. Қаладағы инфекциялық төсек-орын саны ...
Читать далее »М.ƏЙТЕНОВ: «ҚАЛАДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПҚА ТҮСЕ БАСТАДЫ»
Шымкент қаласы әкімдігінде қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты құрылған жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Мәжіліс барысында штаб мүшелері қала басшысы Мұрат Әйтеновке өз бағытында атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Ең алдымен, Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Албаев және Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Оспанова баяндама жасады. Рустам Қуанышбекұлы індетке байланысты тіркелген статистикалар мен жүргізіліп жатқан ем ...
Читать далее »ШЫМКЕНТКЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ
Шымкент қаласына Ресей, Өзбекстан, Белоруссия, Украина және Үндістан елдерінен жұқпалы ауруларды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер келіп түсті. Сондай-ақ, 4 млрд теңге ($10 миллион) сомаға келісім-шарт жасалған фармацевтикалық өндірушілерден тікелей қала аумағына жүк ұшағы мен үш жүк көліктері келді. Шымкент қаласына дәрілік препараттарды тасымалдауға рұқсат етілген сегіз компания жеткізді. Атап айтқанда: «Левофлоксацин», «Цефтриаксон», «Дексеметазон», «Аскорбин қышқылы» және басқа да препараттардың 20-дан астам ...
Читать далее »ШЫМКЕНТКЕ ШЕТЕЛДЕН ДӘРІГЕРЛЕР КЕЛЕДІ
Шымкент қаласы əкімдігінде Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рустам Албаевтың қатысуымен бүгінгі эпидемиологиялық ахуал жөнінде брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде, ең алдымен, Рустам Қуанышбекұлы қаладағы эпидемиологиялық жағдай мен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. – Шымкент қаласында қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты инфекциялық ауруларға шалдыққан науқастарды емдеу үшін төсек-орындар саны қосымша көбейтілуде. Бұл төсек-орындар саны 650-ден 3129-ға жетті. Сондай-ақ жан сақтау бөліміндегі ...
Читать далее »ТОЙХАНАЛАР ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛУЫ МҮМКІН
Шымкент қаласындағы мейрамхана иелері эпидемиологиялық жағдай нашарлап, мұқтаждық туса өздерінің меншігіндегі ғимараттарды провизорлы, стационарлы орталықтарға айналдыруға дайын. Бұл ұсыныстарын олар қала әкімі Мұрат Әйтеновке жеткізді. Шаһардағы бірнеше ғимаратты аралап шыққан Мұрат Дүйсенбекұлы, әзірге қосымша провизорлық орталықтарды ашудың қажеттілігі жоқ екенін жеткізді. Өйткені, бүгінде ауруханалар мен стационарларда медициналық көмекке мұқтаж барлық науқастарды жатқызу үшін жеткілікті орындар бар. Алайда, індеттің таралуы өсіп, ...
Читать далее »ИНВЕСТОР КӨМЕГІМЕН АШЫЛҒАН ПРОВИЗОРЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАН 200 НАУҚАС ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ
Шымкент қаласында инвестор көмегімен ашылған стационарда алғашқы он күнде 344 науқас жатқызылып, олардың 200-ге жуығы емделіп шықты. 400 төсек-орындық ЖРВИ және пневмониямен күдікті науқастарға арналған провизорлық емдеу орны күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Емдеу орталығында білікті 21 дәрігер мен 70 орта буын медицина қызметкері бар. Мұнда 34 оттегі балонын қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Сондай-ақ, барлық қажетті дәрімен қамтылған, науқастарға күніне 3 мезгіл ...
Читать далее »БАСПАНА МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАПТЫ
Шымкент қаласында 1 шілде күні «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары баспана мəселесін көтерген болатын. Қала әкімі М.Əйтенов тұрғындардың бұл шағымына назар аударып, аталған жайт екі күн ішінде шешілетінін жеткізген. Қала əкімінің бұл уəдесі орындалып, салымшылар қуанышқа кенелді. Еске сала кетейік, Шымкент қаласында бүгінгі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасымен 54 отбасы баспаналы болды. Оларға бұл бағдарламаның «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ҚУАТЫ 220 КВ БОЗАРЫҚ ПОДСТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласында қуаты 220 кв Бозарық подстанциясының құрылысы жүріп жатыр. Қалалық ақпараттық-коммуникациялық орталық мамандарының хабарлауынша, Щымкенттегі 81 елді мекеннің 46-ы сапалы электрмен қамтылған, 35-інде сапа төмен. Соңғы 3 жылдың ішінде 9,7 млрд.теңгеге 10 елді мекенге электр желісі және 2 подстанцияның құрылысы салынған. Қазіргі таңда, қаланың солүстік бөлігіне электр энергиясының қуаты жетіспеуде. Осы мәселені шешу үшін қуаты 220 кВ Бозарық подстанциясының ...
Читать далее »