Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан «Сәуле», «Забадам», «Химфарм» шағынаудандарында дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде. Залалсыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар атқаруда. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген. Аталған жұмыстар кестеге сәйкес, күнделікті жалғасады. Сондай-ақ, аудан аумағында орналасқан екінші дережелі банк бөлімшелері мен банкоматтардың жанында тұрғындардың сақтық шараларын сақтау мақсатында дезинфекция жұмыстары жүргізілген. Бұл тұрғындардың ...
Читать далее »ҚОҒАМ
ШЫМКЕНТ: «САЙРАМ-СУ» ӨЗЕНІНДЕГІ КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Шымкент қаласындағы «Сайрам-су» өзенін кесіп өтетін көпірді қайта құру жұмыстары 2019 жылы басталған. Аяқталу мерзімі осы жылдың мамыр айына жоспарланған болатын. Жүргізушілер айналма жолдармен жүріп, әбден әбіржіген-тін. Енді су жаңа көпірмен тікелей қатынайтын болады. Елімізде енгізілген Төтенше жағдайға қарамастан мердігер компания қайта құру жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтады. Көпір құрылысын «Корпорация Береке-А» ЖШС-і жүргізді. Айта кетсек, 433,87 млн теңгеге жобаланған көпірдің ...
Читать далее »Үш жасар бала 4 сантиметрлік шеге жұтып қойған
Шымкент дәрігерлері үш жасар баланың асқазанынан 4 сантиметрлік шеге алып шыққан. Жедел жәрдеммен қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген баланың жағдайы алғашқыда орташа ауыр дәрежеде еді дейді дәрігерлер. Анасының айтуынша, пәтерлерінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Кішкентай баласының белгісіз затты аузына салып, жұтып қойғанын көргенде, ойланбастан жедел жәрдемге хабарласыпты. Жедел жәрдем көмегімен қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген баланың асқазанын дәрігерлер шұғыл түрде ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫ ЕГІЛЕТІН ЖЕРЛЕР 1 МЫҢ ГЕКТАРҒА АРТҚАН
Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков мәлім етті. Басқарма басшысының мәліметінше, қала аумағында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер 62,6 мың га құрайды. Оның ішінде, егістік жер — 39,5 мың га, суармалысы — 11,0 мың гектар. — Қазір көктемгі дала жұмыстары тиісті мерзімінде орындалуда, жұмыс барысында қолда бар тракторлардың 91%, тұқым сепкіштердің 93%, ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: БАНКТЕР ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ
Эпидемиялық жағдайға орай қабылданған карантиндік шара кезінде халықтың бір жерге көп шоғырланбауы өте маңызды. Осы санитарлық талаптарды орындау мақсатында қаламыздағы екінші деңгейлі бірнеше банк бүкіл қызметтерді онлайн-режимге көшірді. Бұл туралы ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен брифингте ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша басқарма басшысы Абылғазы Қайназаров мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда мемлекет тағайындаған 42500 теңгені алуға өтініш ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 17 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
Бұл туралы бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков мәлім етті. Шымкент қаласында ағымдағы жылдың 2 айында ауыл шаруашылығы экспортының көлемі 23,5 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1,0% немесе 0,5 млн. АҚШ долларына артты. 2020 жылдың 2 айында мал шаруашылығы бойынша тірідей 839 бас ІҚМ, 380 бас уақ мал, өсімдік шаруашылығы ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: БЛОК-БЕКЕТТЕРГЕ ТҮСКІ АС ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қалалық өкілдігі мен «Зекет» қайырымдылық қоры Шымкент қаласында орналасқан Жыланбұзған, Жыланбұзған-1, Абдулабад, Өтеміс, Көкбұлақ, Қызылсу, Мәртөбе, Сиқым, Бозарық, Қайнарбұлақ, Бадам, Жаңаталап, Ақжар (Ақтас) Таскешу, Еңбекші, Айкөл, Шапырашты, Текесу сынды 18 блок-бекетте тұрған 320 азаматқа тегін түскі ас (палау, салат, нан) таратты. Ізгілікте жарысып, игілікті ісімен көпке үлгі болған имамдардың бұл ісі құрметке лайық. Себебі, қала орталығынан ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ БАРҒЫСЫ КЕЛЕТІНДЕР КӨБЕЙДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру жөніндегі ұсынысынан кейін Шымкентте Отанға қызмет етуге ниетті азаматтардың қарасы арты. Бүгіндне қалалық әскери комиссиариятқа барып тіркеліп жатқан еріктілер көбейді. Шақырылатын әскери міндеттілердің санын және арнаулы жиындарды өткізу мерзімін жергілікті атқарушы орган анықтайтын болады. Төтенше жағдай кезінде Шымкент қаласы әкімдігінің тапсырысымен қала бойынша әзірге 100-ге жуық азаматты қабылдау жоспарланыпты. Олар залалсыздандыру ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: «BIRGEMIZ» ҚОРЫНАН 12 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Елімізде құрылған «Birgemiz» қорынан 11 мың 997 шымкенттіктің есепшотына 50 мың теңгеден қаржы аударылды. «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалының мәліметінше, 15- сәуірге дейін тізімге ілінген 21 864 мұқтаж отбасының барлығына көмек көрсетілмек. Айта кетсек, қаладағы аз қамтамасыз етілген тұрғындарды қолдау мақсатында қалаға қарасты 4 ауданның әкімдіктері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы көмекке мұқтаж отбасылардың тұрмыс жағдайына мониторинг жүргізген. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ КҮНДЕ 7 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ
Шымкент қаласында 8 сәуірде – 3, 9 сәуірде – 4 жағдай тіркелді. Бұл науқастардың барлығы вирус анықталған 48 жасар азаматша мен 26 жасар азаматтың тығыз байланыста болғандар. Аталған науқастар стационарлық карантинде медициналық қызметкерлердің бақылауында болған. Инфекцияны анықтау бойынша жүргізілген зертханалық тексеруден COVID-19 сынамасы оң нәтиже көрсетті. «Науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, барлығына бекітілген хаттамаларға сәйкес қажетті ем жүргізілуде. Ауруға шалдыққандар арасында: 2 ...
Читать далее »