Мегаполис жаңалықтары

ШЫМКЕНТТЕ «ТҰСАУЫҢДЫ КЕСЕЙІН, КҮРМЕУІҢДІ ШЕШЕЙІН!» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

Қазақ халқының қадым замандардан бергі қаймағы бұзылмай келе жатқан дәстүрлерін бүгінгі жастарға ұлықтау мақсатында және Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкенттегі Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Тұсауыңды кесейін, күрмеуіңді шешейін!» атты шара өтті. Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін, өмірге алғаш қадамы сәтті болсын деген тілектен туған дәстүр. Тұсау кесу сәбидің өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен ...

Читать далее »

ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР ОРТАЛЫҒЫНДА 100 ЛИТР ТІЛЕУ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін Көрісу күні Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында ары қарай жалғасты. 12 қанатты киіз үй тігіліп, Ұлыстың ұлы күніне ошаққа от жағылып, күбіде май пісіліп, самаурында шай қайнатылды. Ақ түйенің қарны жарылды, Жер Ананың көкірегі босанып, елдің аузы аққа жетті. Қыстан есен-сау шығып, аналарымыз жеті түрлі дәмнен тілеу көже әзірледі. Қала тұрғындары абзал аналарымыздың ел амандығы мен татулығын тілеп жасаған Тілеу ...

Читать далее »

НАУРЫЗ ШЫМКЕНТТЕН БАСТАЛАДЫ

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! Сіздерге 14 наурыз – Көрісу күніне орай өтетін іс-шаралар бағдарламасын ұсынамыз. 1. 14 наурыз Тәуелсіздік саябағында «Наурыз — Шымкенттен басталады!» іс-шаралар онкүндігінің ресми ашылуы 2. 14-23 наурыз аралығында сағат 10.00-де SHYM ART FEST фестивалі 3. 14 наурыз 11.00-де Тәуелсіздік саябағында «Бастау» шеруі және мерекелік концерт 4. 14 наурыз сағат 12.00-де Әл-Фараби алаңы, Ш.Қалдаяқов гүлзары, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «АДАМГЕРШІЛІК ІЛІМІ ЖӘНЕ ХАКІМ АБАЙ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Шымкенттегі «Хакім Абай» музейінде белгілі абайтанушы, М.Әуезов атындағы ОҚУ-ң «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Әліпханның «Адамгершілік ілімі және Хакім Абай» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітапта адамзат танымының тарихында қызу талқыланған адамгершілік ұғымының мән-мазмұны мен төркін-тегі Аристотель, Плотин, Әл-Фараби, Ибн-Сина еңбектері негізінде жүйеленіп, айқындалған. Адамгершіліктің ең қайырымдылық пен жан саулығы, ең берісі игілік пен бақыт екені ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ӘЖЕЛЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Шымкент орталық мешітінде әжелер мектебінің салтанатты ашылу шарасы өтті. Салтанатты шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, Әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан Досжанова және әжелер мектебінің мүшелері қатысты. Игі шара барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы сөз алып, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы аясында ашылып отырғанына айрықша тоқталып, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК БОКСШЫ ИСПАНИЯДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЧЕМПИОНЫ БОЛДЫ

Кастельоне қаласында (Испания) бокстан Boxam халықаралық турнирі аяқталды. Ақтық жекпе-жектің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар екі медаль жеңіп алды. ⠀ 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жарыстың алтын медалін шымкенттік Сабырхан Махмуд жеңіп алды. Финалдық кездесуде ол Испания өкілі Габриэль Эскобармен кездесу өткізді. Жекпе-жек Махмудтың жеңісімен аяқталды. ⠀ 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Василий Левит Испанияның қарсыласы Эммануэль Пла рейске жол берді. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КӨКТЕМНІҢ АЛҒАШҚЫ АПТАСЫНДА 20 МЫҢ ТҮП АҒАШ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Шымкент қаласында көктемнің алғашқы сенбісінде жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылып, ағаш көшеттер отырғызылды. Қала әкімінің бастамасымен қолған алынған тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындар белсене қатысты. Бұл күні қала әкімі Мұрат Әйтеновтің басшылығымен Абай ауданының аумағына 20 мың түп қарағаш пен жыңғыл ағашы отырғызылды.Көшеттер Ақжар тұрғын алабына дейінгі көшенің бойына, мұсылман мазаратының маңына және Бадам өзенінің жағалауы сынды жерлерге егілді. Сонымен қатар, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 1 СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ 1 СӘУІРДЕН БАСТАЛАДЫ

Мектепке 1 сыныпқа баратын балалардың құжаты 1 сәуірден 1 тамызға дейін қабылданады. Бұл жөнінде білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиева баспасөз брифингте мәлімдеді. Құжатты қабылдауға өтініш беру E-gov электронды порталы немесе Sakura24.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Қаладағы үш ауысымда білім беретін, бала сыйымдылығы 35-40 болған №1,16,22,29,38,42,46,45,47, 50,53,54,55,58,59,65,69,72,75,77,78,81,83, 88,92,94,95,103,104,115,116,120,122,130 мектептерде оқушыларды қабылдауға шектеу қойылған. Бұл шектеу ҚР денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы ...

Читать далее »

МЕКТЕПТЕРДЕ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУҒА РҰҚСАТ ЖОҚ

Шымкент қаласында 1 наурыздан бастап 1-5 сынып 25 оқушымен, 9,11 сынып 15 оқушыдан топтасып, 100 пайыз оқумен қамтылады. Бұл жөнінде білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиева баспасөз брифингте мәлімдеді. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 Қаулысы 4-қосымшасының 24- тармақшасына және Шымкент қаласы Бас санитариялық дәрігердің 01.03.2021 жылғы №5 Қаулысының 3 тармағына сәйкес мектепте оқушылар ыстық тамақпен ...

Читать далее »

«ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ МЫҢ АЛҒЫС» МОНУМЕНТІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялаған болатын. Содан бері елімізде бұл күн айтулы мейрам болып атап өтілуде. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа тұс келетін «Алғыс айту» күні мерекесі бүгін Шымкент қаласында дәстүрлі түрде тойлануда. Осы орайда мерекелік шара — қаладағы түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен Шымкент қаласы Қазақстан ...

Читать далее »