Мегаполис жаңалықтары

ШЫМКЕНТ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК БОЙЫНША ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІШКЕ ЖЕТТІ

Өткен жылы елімізде 12 өңір жоғары инвестициялық белсенділік көрсеткен. Оның ішінде 5 өңірде 20 пайыздан 60 пайызға дейін өсім тіркелді. Ең жоғары көрсеткіштерге Түркістан облысы мен Шымкент қаласында байқалған. Бұл жөнінде Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді. Қала экономикасын дамытуға өткен жылы 278,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,56 пайызға артқан. Мемлекет басшысының тапсырмасына ...

Читать далее »

МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ ҚАЛАЛЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІНЕ БАСШЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков Шымкент қаласында спорт мектебіне басшылық қызметке келді. «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры болып Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков тағайындалды. Спорт мектебі 1997 жылы ашылған. Мектепте спорттың 8 түрі жұмыс істейді: каратэ, таеквондо, кикбокс, бокс, дзюдо, еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресі. Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков – бокстан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген ...

Читать далее »

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОЛ КАРТАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 4776 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес пандемияның күрделі кезеңіне қарамастан тұрғындардың жұмыспен қамтылуы қарқынды жүзеге асып отыр. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты негізінде өткен жылы 1196 адам техникалық және кәсіптік оқудан өтсе, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша 2000-ға жуық азамат білім алған. Оның ішінде 1394 адам жұмыспен қамтылды. Екінші бағыт ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАМЕН 6497 АДАМ БАСПАНАЛЫ БОЛҒАН

Шымкент қаласында 2019 жылдың желтоқсан айынан бері тұрғын үй кезегіне тіркеу автоматтандырылған жүйеде жүзеге асып келеді. Нәтижесінде тіркеуде тұрған азаматтар жөнінде ақпарат жүйесінің базасы қалыптасты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қалада тұрғын үй кезегіне жалпы 42 094 азамат тіркелген. Оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, «Алтын» және «Күміс» алқа иелері, «Батыр ана» наградасы иелері, әлеуметтік әлсіз топтар мен өзге ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЕМХАНАҒА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР АЛЫНДЫ

Шымкенттегі №6 қалалық емханасы тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мақсатында медициналық құрылғыларын жаңартуда. Жақында емханаға екі жаңа «Е-CUBE 8», «Ebit 60» УДЗ аппараты жеткізіліп, медициналық жабдықтар іске қосылды. Емхананың бас дәрігері Айгүл Қылышбаеваның айтуынша, заманауи аппараттар тәулігіне 100-120 пациентті түсіруге мүмкіндігі бар. – Заманауи жабдықтар 2020 жылдың желтоқсан айында жеткізіліп, көп ұзамай іске қостық. Ескі ультрадыбыстық аппаратпен күніне 65-70 пациентті түсірсек, ...

Читать далее »

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА АРНАЙЫ КӨЛІКТЕР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Шымкентте мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауда дауыс беруі үшін арнайы көліктер қызмет көрсетті. Бұл шараларға 18 инватакси мен 43 әлеуметтік такси жұмылдырылған. Бұл туралы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мәлімдеді. Жалпы, басқарма, жергілікті әкімдіктер тарапынан 24 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтың дауыс беруі үшін тиісті жағдайлар жасалды. Олардың ішінде 1500-ге жуық мүгедекке жеке көмекші, 300-ге жуық азаматқа ымдау ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ САЙЛАУДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов алғашқы сайлаушылар қатарында болып қаладағы № 231 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Өз таңдауын жасаған шаһар басшысы ел азаматтары мен бірге шымкенттіктерде азаматтық ұстанымы мен белсенділігін танытып, сайлауға жоғары деңгейде қатысатынына сенімді екенін айтты. «Бұл саяси іс-шара – еліміз үшін өте маңызды. Бұл – болашағымызды таңдау. Тұрғындардың жарқын келешегін айқындайтын сәт. Қала тұрғындары бұрын ...

Читать далее »

200-ГЕ ЖУЫҚ МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА ТЕГІН КӨМІР ТАРАТЫЛДЫ

Шымкент қаласы Қаратау ауданының Қайнарбұлақ елдімекенінде 200-ге жуық отбасыға (көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен жəне жалғыз басты аналарға) тегін көмір үлестірілді. Қайырымдылық іс-шара аудандағы демеушілер тарапынан ұйымдастырылып отыр. — Қыстың аязынан көмір отынынсыз шығу мүмкін емес. Көмір түсірудің де өзі қалтаға салмақ салады. Осы қайырымды іс-шараны ұйымдастырған жандарға елдімекен тұрғындары атынан алғысымды білдіремін, – дейді елдімекен тұрғыны Саида Батырбекова. Аудан әкімі ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «TAZA ONIM» ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ КӨЛЕМІ МЕН ӨНІМІ АРТУДА

Шымкент қаласында 2019 жылдың соңында ірі жобалардың бірі «Taza onim» жылыжай кешенінің 3 гектары іске қосылған болатын. Өткен жылдың маусым айында жылыжайдан 800 тонна қияр өнімі жиналды. Мұндай жоғары көрсеткіш шаһарда алғаш алынған мол өнім еді. Заманауи қондырғылармен жабдықталған жылыжайда жылытудан бастап тамшылатып суаруға дейінгі барлық процесс тек автоматтандырылған жүйеде атқарылады. Жылыжай кешені 2020 жылы 6 гектарға кеңейтіліп, 1 200 ...

Читать далее »

МАЙРА МҰХАМЕДҚЫЗЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫНЫҢ БАСШЫСЫ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қалалық опера және балет театрының жаңа басшысын мекеме қызметкерлеріне таныстырды. ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері, «Тарлан» сыйлығының, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Париждегі «Гранд Операның» Қазақстаннан шыққан тұңғыш әншісі. Ол 1969 жылы 9 мамырда ҚХР-да дүниеге келген. Бейжің Ұлттар Университетінің Музыка Факультетін (Джоу Бен Чин сыныбы) және Пекин Консерваториясын (Го Шу ...

Читать далее »