Мегаполис жаңалықтары

ШЫМКЕНТТЕ СҮГІР ӘЛІҰЛЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

Бүгін үшінші мегаполисте шертпе күйдің шебері Сүгір Әліұлының ескерткіші ашылды. Халқымыздың қуанышы мен шаттығын, мұң мен зарын, қайғы-қасіретін қос ішекті домбыра үнімен ғасырлардан бізге жеткізген, киелі аспап домбыраны жан-тәнімен ұғып, өміріне арқау еткен даланың дарабоз күйшілерінің бірі — Сүгір Әліұлына арналған жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан және өңіріміздің зиялы қауым өкілдері қатысты. – Сүгір бабамызға қаламыздың әдемі ...

Читать далее »

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРІ (БЕЙНЕ)

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы жаңа идеялар ел болашағын баянды етпек. Төл тарихымыз бен мәдениетімізді жіктеп, ұлы мақсаттарға жетелейді. Маңызды құжатта тапсырылған міндеттерді Әбілхан Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі мүлтіксіз орындап келеді. Оқу орны жас ұрпақ бойына ұлттық өнерді сіңіріп, насихаттауда. Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның өлшемі. Ұлт тарихындағы уақытқа талдау жасап, генетикаға мән ...

Читать далее »

«ОҢТҮСТІК» АЭА-ДА 0,99 МЛРД ТЕҢГЕ ҚҰРАЙТЫН 3 ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының инвестициялық қоржынының жалпы құны – 97,8 млрд.теңге. Бүгінде инвестиция көлемі 30,7 млрд. теңге құрайтын 18 жоба іске асырылып, 1518 жұмыс орны құрылды. 2010 жылдан 2020 жылдың III тоқсаны аралығында «Оңтүстік» АЭА-ның кәсіпорындарымен өндірілген өнімнің көлемі 71,8 млрд.теңге құрады. Өндірілген өнімнің жартысынан астамы (48,8 млрд. теңге) таяу және алыс шет елдерге экспортталды. «Оңтүстік» АЭА қызметін ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 2820 АЗАМАТ СЕРТИФИКАТҚА ИЕ БОЛДЫ

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Бағдарлама шеңберінде 2020 жылы 29 872 азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланған. 10 айдың қорытындысы бойынша 34 280 адам жұмыспен қамту іс-шараларына қатысты (114,8%). Бағдарламаның бірінші бағыты аясында (Техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқу) 3196 азаматты оқуға жолдау жоспарланып, нақты 4386 (137,2%) адам қатысты. Кәсіптік білімі жоқ, оқу орындарына түспеген 1196 азамат, ...

Читать далее »

Қ.ТОҚАЕВ: «ШЫМКЕНТТІҢ ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ РЕТІНДЕ ТАНЫЛУЫ — ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ ҮШІН ЗОР ЖЕТІСТІК»

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылу рәсіміне қатысушыларды құттықтауы «Ардақты ағайын! Құрметті шымкенттіктер! Биыл шырайлы Шымкент шаһары Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің мәдени астанасы ретінде баршаға танылды. Бұл – қала тұрғындары және бүкіл Қазақстан халқы үшін зор жетістік. Осы игі бастама төл мәдениетіміз бен өнерімізді танытып, қазақтың салт-дәстүрін насихаттауға мол мүмкіндік берді. Сондай-ақ, ...

Читать далее »

«ШЫМКЕНТ – ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ 2020» ЖЫЛЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі онлайн форматта «Цитадель» тарихи-мәдени кешенінде өтті. Іс-шара Ońtústik TV және YouTube-та Bridge TV арналарында көрсетілді. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мерекелі жылды қорытындылап, ТМД мәдени астанасы эстафетасын Душанбе қаласының төрағасы Рустами Эмомалиға табыстады. –Шымкент – 2200 жылдық тарихы бар көне шаһар. Осынау тарихи қаламыздың ТМД елдерінің мәдени астанасы атануы біз үшін ...

Читать далее »

«ШЫМКЕНТ ТМД МӘДЕНИ АСТАНА» ЖЫЛЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫНА ОРАЙ  МӘДЕНИ ШАРАЛАР ӨТТІ

Шымкентте «Шымкент – ТМД мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі аясында ұйымдастырылған іс-шара  Абай саябағындағы поэзия және әдебиет бұрышы көрмесінен бастау алды. Кітап көрмесіне қаладағы 5 кітапхана (37 бөлімшелері) өңірлік ақын-жазушылардың туындылары қойылды. Шараға келушілерді әсем әнмен күтіп алған әжелер кештің шырайын ашты. Мерекелік шара «Piano Performance» яғни,   орыс драма театры алдында түрлі-түсті бояуларға боялған пианинодан жанды дыбыста шырқалған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ «АРБАТЫНДА» ӨНЕР КӨРСЕТКЕН ТАЛАНТТАР ЖҰРТШЫЛЫҚТЫ ТӘНТІ ЕТТІ

«Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылуы аясында қала тұрғындарын керемет көңіл күйге бөлеген ерекше шаралардың бірі «Арбат» демалыс орнында ұйымдастырылды. Дәл бүгін «Арбат» алып театр сахнасына айналды десек те болады. «Өнерліге өріс кең» дегендей, мұнда қаладағы мәдени саланың көптеген өнерпаздары, театр әртістері көпшілікке өз өнерлерін ортаға салуда. «Арбаттың» кіреберісінен көрерменді қарсы алған әзіл-сықақ театры сахналық көрініс ұсынып, ...

Читать далее »

№ 2 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ҒИМАРАТЫНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУДА

Шымкент қаласының «№2 қалалық аурухана» МКК ғимаратына бүгінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аурухана аумағында үш ғимарат орналасқан: стационар, босану бөлімі және емхана бөлімшесі. Қала әкімі М. Әйтенов әлеуметтік нысанның құрылыс барысымен танысты. Келісімшарт бойынша құрылыс жұмыстарының уақыты 11 айға – 2020 жылдың ақпан айынан желтоқсан айы аралығына жоспарланған еді. Мердігер мекеме «Югстройсервис-н» ЖШС құрылысты кестеге сәйкес жүргізуде. Қазіргі таңда нысанның ...

Читать далее »

«ОҢТҮСТІК ҚҰРЫЛЫС СЕРВИС» ЖШС ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА

Шымкентте темір-бетон бұйымдарын өндіретін «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС кеңейту және жаңғырту жобаларын жүзеге асыруда. 2011 жылы құрылған кәсіпорын жылына 20 000 текше метр темір-бетон бұйымдары, 60 000 шаршы метр қабырға панелін өндіреді. Зауыт дайын өнімді отандық нарыққа шығаруда. Кәсіпорын басшыларының айтуынша, «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС «ҚДБ-Лизинг» компаниясымен жасалған келісімшарт негізінде зауытты жаңғыртуды қолға алған болатын. Барлық жаңа жабдықтарды іске қосу-жөндеу ...

Читать далее »