Мегаполис жаңалықтары

ШЫМКЕНТТЕ СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТТІ

Шымкентте соңғы қоңырау салтанаты онлайн форматта өтті. Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева бейнеконференция арқылы түлектер мен олардың ата-аналарын, ұстаздар қауымын оқу жылының аяқталуымен құттықтады. «ZOOM» платформасы арқылы байланысқа шыққан түлектерге Жанат Арысбекқызы мектеп кезіндегі өткен қызықты оқиғаларын айтып, жүрек тебіренісіне толы естеліктерімен бөлісті. Ардагер ұстаздар қауымы да онлайн жиынға арнайы қатысып, түлектерге сәттілік тіледі. Ал оқушылар алдын ала дайындалған ...

Читать далее »

БЛОК-БЕКЕТТЕР ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ

Шымкент қаласына кіреберістеріне орналасқан блок-бекеттер жұмысын жалғастырады. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн-брифингте мәлім етті. – Блок-бекеттер мәселесі бойынша тұрғындардан көптеген сауалдар келіп жатыр. Дегенмен, елімізде 11 мамырда төтенше жағдай алынғаннан кейін тұрғындар арасында карантин талаптары тиісті деңгейде сақталмауы салдарынан Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны күрт өсті. 11-18 мамыр аралығында күніне ең жоғарғы көрсеткіш 77 адам болды немесе ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ҚАЛАҒА 1500-ГЕ ЖУЫҚ ҚОҚЫС ЖӘШІГІ АЛЫНАДЫ

Шымкентте жеке тұрғын үйлер аумағына қоқыс тастайтын жаңа металл жәшіктер орнатылатын болады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату үшін және қоршаған ортаның экологиялық тазалығын арттыру мақсатында осы жылы 1474 контейнер сатып алынбақ. Бұл туралы қала әкімінің төрағалығымен өткен жиында энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының м.а Нұрлан Жаманкөз мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Оның айтуынша, қала аумағында қоқыс ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ЧЕЛЛЕНДЖ ЖОЛДАДЫ

4 маусым — ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы «Көк тудың желбірегені» атты видео-challenge жолдады. Аталған орталық бұл челлендж арқылы ел тұрғындарының Отанымызға деген махаббатын көрсетіп, рәміздер мәртебесін тағы бір арттыруын қалайды. Челленджге қатысушылар қазақ эстрадасының әншісі Ибрагим Ескендірдің орындауындағы «Көк тудың желбірегені» әнін орындап, #көктудыңжелбірегені2020 хэштегі мен @resurstyq_ortalyq деп белгілеп, әлеуметтік желіге видео жүктеуі қажет. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 7 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҮЛЕК ҰБТ ТАПСЫРУҒА ОНЛАЙН ӨТІНІШ БЕРГЕН

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы бойынша онлайн режимде жиын болып өтті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. ҰБТ тапсыру кезінде мектеп түлектерінің денсаулығы басты назарда екенін айтқан қала басшысы тестілеу өткізу кезінде санитарлық талаптар мен санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейтуге айрықша назар аударуды тапсырды. Жиында Ұлттық бірыңғай тестілеудің дайындық барысы туралы баяндаған білім басқармасының ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕГІ ӘУЕЖАЙ АУМАҒЫНДА 485 КӨЛІККЕ АРНАЛҒАН АВТОТҰРАҚ САЛЫНУДА

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әуежай аумағын абаттандыруға арналған жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Жоба бойынша жалпы 5 гектар аумақты абаттандыру қарастырылған. Онда жер қазу, абаттандыру, асфальт төсеу, жарықтандыру, автотұрақ салу, аялдамалар салу жұмыстары жүргізіледі. Жоба бойынша атқарылатын әр жұмысты мұхият тыңдаған қала басшысы өзінің ұсыныстарын енгізіп, мекеме басшылығына бірқатар міндет жүктеді. Халықаралық әуежай аумағында салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалының ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ ӨНЕР МЕКТЕБІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласында осы жылдың қыркүйек айында 300 орындық өнер мектебі пайдалануға беріледі. Бекет батыр мен Ташенова көшесінің қиылысында орналасқан білім мекемесінің құрылысы қызу жүргізілуде. Қазіргі таңда екінші қабаттың плита жабындылары мен бірінші қабаттың сыртқы қабырғалары газоблокпен 100 пайызға қаланған болса, бөлмеаралық қабырғалардың іргетастарын құю жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш өнер мектебінің құрылыс жұмыстарымен бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы барып танысты. Ғимаратты ...

Читать далее »

МЕШІТТЕР АШЫЛАДЫ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша бас имамы Бақдәулет Абдрахманов және бас имамның орынбасары Мұхамеджан Естеміровтың қатысуымен онлайн-брифинг өтті. Брифинг барысында төтенше жағдай мерзімі аяқталғаннан кейін қала мешіттерінде атқарылатын шаралар мен Қасиетті Қадір кеші мен Айт мерекесін өткізу туралы, сондай-ақ құлшылық үйіне келуші азаматтарға қойылатын талаптар жайында жан-жақты ақпарат берілді. — Елімізде төтенше жағдай мерзімі аяқталып, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖОСПАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкентте жол саласын дамыту мақсатында 256 нысанның жөндеу-құрылыс жұмыстарына бюджеттен жалпы 26,9 млрд теңге қаралған. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 4,8 млрд, ал жергілікті бюджеттен – 9,8 млрд теңге бөлінді. Жөнделуге тиісті 256 нысанға жалпы ұзындығы 418 шақырым жол, 7 көпір, 2 жолайырық, 1 оң жақ өткел мен 1 жерасты өткелі жатады. Нәтижесінде биыл 240 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. ...

Читать далее »

ЕЛТАЙДА СУ ТАСҚЫНЫНАН ҚАТТЫ ЗАҚЫМДАНҒАН ҮЙ ЖОҚ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен табиғи апаттың салдарын жою және алдын-алу жұмыстары бойынша жиын болып өтті. Отырыста қалалық Төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрболат Дербісов жауын-шашын салдарынан таудан келген судан Елтай тұрғын алабында жарамсыз хәлге түскен үйлер жоқ екенін мәлім етті. Оның айтуынша, тасқын су 38 үйді зақымдаған. Алайда, ол баспаналар тек ағымдағы жөндеу жұмыстарын талап етеді. Мұнан бөлек 12 ...

Читать далее »