ҚР Президентінің төтенше жағдай мен карантин уақытында тұрғындардың коммуналдық қызметке төлейтін ақысының мөлшерін азайту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу туралы тапсырмасы аясында құрылған «Сommunal-komek.kz» электронды порталына 12470 шымкенттік тұрғыннан өтініш түскен. Ал, порталда көрсетілген аудандар бойынша байланыс нөмірлеріне аталған көмек бойынша кеңес сұрап 243 тұрғын хабарласқан. Айта кетейік, төлемді алу үшін тұтынушы «communal-komek.kz» электронды порталына кіріп, онда көрсетілген санатқа енетін азаматтың ...
Читать далее »Мегаполис жаңалықтары
ШЫМКЕНТТЕ 18-ШІ НАУҚАС КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ
Шымкентте тағы бір науқас коронавирустан жазылып шықты. Сауығып шыққан азамат — «Тәуелсіздікке — 20 жыл» тұрғын алабының тұрғыны. Дертінен сауыққан жігіттен дәрігерлер 6 сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтап, 24 жастағы азамат вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алған. Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 23 сәуір күні ауруханадан шығарылды. Айта кетейік, бүгінге дейін ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТІК ҒАЛЫМДАР АНТИСЕПТИКАЛЫҚ СПРЕЙ ШЫҒАРДЫ
Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары антисептикалық сұйықтық дайындап шығарды. Бұл туралы аталған оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады. Жоғары оқу орны жанындағы «Конструкциялық және биохимиялық материалдар» аймақтық сынақ зертханасындағы ғалымдардың айтуынша хош иісті антисептик бактериялар мен микробтарға және вирустарға қарсы жақсы әсер етеді. – Бұл мемлекеттік стандартқа сай жасалынған. Бірақ біздің оқу орны ғалымдарының ізденістерімен қосымша қоспалар ...
Читать далее »ШЫМКЕНТКЕ АТЫРАУДАН ҰШЫП КЕЛГЕН ЖОЛАУШЫЛАР БАҚЫЛАУДА
2020 жылғы 20 сәуір күні «Атырау-Шымкент» әуе рейсімен Шымкентке «TENGIZCHEVROIL» компаниясының 383 қызметкері ұшып келді. Оның 67-сі қала тұрғындары. Аталған әуе рейсімен келген үш азаматтан коронавирус анықталып, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Олармен байланыста болған 64 жолаушының барлығы карантиндік станционарға жатқызылды. Сондықтан вирус анықталған азаматпен бір рейсте ұшып келген жолаушылардың денсаулығы және қауіпсіздігі ескеріліп, олар 14 күндік станционарда болады. Ал, ұшақта ...
Читать далее »АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНА ШЕКТІ САУДА БАҒАЛАРЫ БЕКІТІЛДІ
Төтенше жағдай кезінде Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағалары бекітілді: — I сұрыпты бидай ұны – 166 тг/кг; — І сұрыпты ұннан жасалған бидай наны – 146 тг/кг (73 тг. қалыпты бөлке нан); — рожки (өлшеніп салынатын) – 212 тг/кг; — қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) – 318 тг/кг; — тазартылған күріш (домалақ дәнді, ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: МОНИТОРИНГТЕ 946 АЗАМАТ БАҚЫЛАУДА
Шымкент қаласының ТЖД-нің мамандары арасында 17-21 сәуір аралығында COVID-19 36 жағдай тіркелді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ербол Садыр арнайы өткен брифингте хабарлады. Мамандардың ішінде 2 бөлім басшысы, 18 бас маман, 16 өрт сөндірушілер. Олар алдын инфекция анықталған ТЖД-де жұмыс істейтін 1977 жылғы азаматпен жақын қарым-қатынаста болуына байланысты, стационарлық карантинге оқшауланды. Сондай-ақ, коранавирус инфекциясы Македония Республикасынан келген 1998 жылы туған ...
Читать далее »МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАРДЫ КҮШЕЙТТІ
Коронавирустық инфекцияға қарсы күрес шаралары бойынша Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садырдың қатысуымен онлайн-брифинг өтті. Шымкент қаласында карантиндік азаматтарды қабылдау үшін жұқпалы аурулар ауруханасы және 2 провизорлық стационар жұмыс істейді. Бұған қоса басқа қаладан және шетелден келуші азаматтарды орналастыру үшін №2 Оңалту орталығынан және Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне қарасты №4 және №5 жатақхана базасында қосымша 3 карантиндік стационар ашылды. ...
Читать далее »МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ АЛДЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ӨТКЕЛДЕР ОРНАТЫЛУДА
Шымкентте медициналық ұйымдардың алдында коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу үшін дезинфекциялық өткелдер орнатылуда. Енді емханадағы, ауруханадағы, жедел жәрдем станциясындағы медициналық қызметкерлерден бастап, келушілердің барлығы арнайы дезинфекциялық өткелден өтіп, дене температурасы өлшенеді. Мұнан соң қолдарын арнайы дезинфекциялық ерітінділермен өңделгеннен кейін медициналық ұйымға кіреді. Бұл жұмыстар емханаға келуші әрбір пациент пен қызметкердің қауіпсіздігі және денсаулық жағдайларына тұрақты бақылау үшін қолға алынған.
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕП ТАПШЫЛЫҒЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛЕДІ
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша онлайн-брифинг өтті. Брифинг барысында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қашықтан оқыту, ҰБТ-ға дайындық туралы ақпарат берді. — Қаламызда үш ауысымды мектептер үшін 2020 жылдың қыркүйек айында 7 жаңа білім ордасы берілгелі отыр. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде мектептерге деген тапшылық барысында 6 мың қосымша орын беріледі. Бұл, қаламызда ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫНДАҒЫ ТЕРМИНАЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ТОҚТАУСЫЗ ЖҮРУДЕ
Шымкенттегі халықаралық әуежай аумағында салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалының құрылысы қарқынды жүруде. Бұл жұмыстар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент қаласын дамыту жөніндегі тапсырмалары негізінде жүзеге асуда. Бүгінде өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын терминалдың құрылыс-монтаж жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталды. Екінші кезеңнің құрылыс жұмыстарын «Альянс Контракт Құрылыс» ЖШС жүзеге асыруда. Құрылыс жұмыстарына 110 жұмысшы, 10-ға жуық арнайы ...
Читать далее »