Мәдениет

ШЫМКЕНТТЕ ДӘСТҮРЛІ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында Наурыз мерекесі қарсаңында «Қаратау» дәстүрлі ұлттық өнер мектебі ашылды. Салтанатты iс-шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов және жергiлiктi зиялы қауым өкілдері қатысты. Дәстүрлi ұлттық өнер мектебінің негізгі мақсаты — еліміздің төл өнері мен мәдениетін дамыту үшін жүйелі жұмыс атқару және дәстүрлі өнердің түрлi салаларын жан-жақты жандандырып, оны жастар арасында кеңінен насихаттауды көздейдi. Мектептің ашылу рәсiмiне қатысқан қала басшысы қобыз, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ТҰСАУЫҢДЫ КЕСЕЙІН, КҮРМЕУІҢДІ ШЕШЕЙІН!» АТТЫ ШАРА ӨТТІ

Қазақ халқының қадым замандардан бергі қаймағы бұзылмай келе жатқан дәстүрлерін бүгінгі жастарға ұлықтау мақсатында және Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Шымкенттегі Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Тұсауыңды кесейін, күрмеуіңді шешейін!» атты шара өтті. Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін, өмірге алғаш қадамы сәтті болсын деген тілектен туған дәстүр. Тұсау кесу сәбидің өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен ...

Читать далее »

ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР ОРТАЛЫҒЫНДА 100 ЛИТР ТІЛЕУ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін Көрісу күні Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында ары қарай жалғасты. 12 қанатты киіз үй тігіліп, Ұлыстың ұлы күніне ошаққа от жағылып, күбіде май пісіліп, самаурында шай қайнатылды. Ақ түйенің қарны жарылды, Жер Ананың көкірегі босанып, елдің аузы аққа жетті. Қыстан есен-сау шығып, аналарымыз жеті түрлі дәмнен тілеу көже әзірледі. Қала тұрғындары абзал аналарымыздың ел амандығы мен татулығын тілеп жасаған Тілеу ...

Читать далее »

НАУРЫЗ ШЫМКЕНТТЕН БАСТАЛАДЫ

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! Сіздерге 14 наурыз – Көрісу күніне орай өтетін іс-шаралар бағдарламасын ұсынамыз. 1. 14 наурыз Тәуелсіздік саябағында «Наурыз — Шымкенттен басталады!» іс-шаралар онкүндігінің ресми ашылуы 2. 14-23 наурыз аралығында сағат 10.00-де SHYM ART FEST фестивалі 3. 14 наурыз 11.00-де Тәуелсіздік саябағында «Бастау» шеруі және мерекелік концерт 4. 14 наурыз сағат 12.00-де Әл-Фараби алаңы, Ш.Қалдаяқов гүлзары, ...

Читать далее »

МЕКТЕПТЕРДЕ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТУҒА РҰҚСАТ ЖОҚ

Шымкент қаласында 1 наурыздан бастап 1-5 сынып 25 оқушымен, 9,11 сынып 15 оқушыдан топтасып, 100 пайыз оқумен қамтылады. Бұл жөнінде білім басқармасы басшысы Жанат Тәжиева баспасөз брифингте мәлімдеді. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 Қаулысы 4-қосымшасының 24- тармақшасына және Шымкент қаласы Бас санитариялық дәрігердің 01.03.2021 жылғы №5 Қаулысының 3 тармағына сәйкес мектепте оқушылар ыстық тамақпен ...

Читать далее »

ЖЫР АЛЫБЫ ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВҚА 175 ЖЫЛ

Бүгін «Абай» саябағында зиялы қауым өкілдері, ақындар, айтыскерлер, кітапханашылар, оқырмандар және қала тұрғындарының қатысуымен Халық жыршысы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Халық фольклорының феномені» тақырыбында әдеби-музыкалы кеш өтті. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы аталып өтуде. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың Жарлығымен ұлы ақынның мерейтойын жоғары дәрежеде ұйымдастырып мазмұндық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында арнайы мемлекеттік комиссия ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІҢ 2200 ЖЫЛДЫҒЫ БИЫЛ ЮНЕСКО КӨЛЕМІНДЕ АТАЛЫП ӨТЕДІ

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2020 жылдың қорытындысы бойынша онлайн форматта өткен халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты. – Халықтың мәдени өмірін байытуға тиіс өнер ұжымдары толықтай мемлекеттік субсидияда. Мәдениет мекемелерінің жылдық бюджетінің 98 пайызын мемлекет беріп отыр. Сол себепті биыл мәдениет мекемелеріне 30 пайызға дейін қаржы табу жүктелді. Халықты қызықтыратын жақсы қойылымдар қойып, мәдени бағдарламалар әзірлесе, халық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІҢ КИЕЛІ ОРНЫ- ҚЫЗЫР МҰНАРАСЫ АУМАҒЫНДА СЕНБІЛІК ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы Сайрам тұрғын алабында орналасқан Қызыр мұнарасы аумағы тазаланды. Тазалық шарасына Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы «Рухани жаңғыру» бөлімі, қалалық туризм басқармасы, Shymkent Tourism center орталығының қызметкерлері, Шымкент аграрлық-техникалық колледж студенттері мен Сайрам тұрғын алабында орналасқан Ю.Сареми атындағы №107 мектеп-лицейінің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Мухлиса Илхамжанова, тәлімгер: » Жас ұлан» ұйымына мүше оқушыларымен тазалық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ОПЕРА ЖӘНЕ БАЛЕТ ТЕАТРЫ ӘЛЕМДІК КЛАССИКАҒА БЕТ БҰРДЫ

Шымкент қаласында опера және балет театры әлемдік классиктермен әріптестік орнатып, шеберлік сабақтарын алуда. Бұл қалада опера өнерінің өркендеуі мен әрмен қарай дамуына ықпал етпек. Осы орайда опера театры БАҚ өкілдерін игі істердің бастамысымен таныстыру мақсатын баспасөз турын өткізді. Майра Мұхамедқызы бастаған өнер ұжымы БАҚ өкілдеріне театрдың тыныс-тіршілігімен таныстырды. Өнер ордасындағы оркесторға Италиядағы Карло Феличе театры қорының көркемдік жетекшісі, халықаралық опера ...

Читать далее »

ӨНЕР ЖҰЛДЫЗДАРЫНЫҢ 100 КОНЦЕРТІ – ШЫМКЕНТТЕ!

Шымкент қалалық мәдениет үйі — мәдениет саласында жаңа жобалар мен қаламыздың рухани қазынасын жаңғыртып, мәдени өмірге жаңа серпіліс ретінде жоғары жетістіктерге жол ашуды мақсат етіп отыр. «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушы Сәкен Майғазиев алдағы жұмыс жоспарларымен таныстырып, БАҚ өкілдеріне брифинг берді. — Алдағы уақытта атаулы даталар бойынша 9 мәдени іс-шара, сонымен қатар республика көлемінде бірнеше ...

Читать далее »