Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес төрт ай бұрын құрылған Шымкент қаласындағы «SHANYRAQ» отбасы институтының жұмысы жанданып, нақты нәтижелер көрсетуде. Осы жылдың қыркүйек айында жұмысын бастаған орталық қызметіне 4029 аз қамтамасыз етілген және көпбалалы аналар жүгінген. Оларға орталық мамандары ақпараттық қолдау, психологиялық, құқықтық кеңес беру, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру, тұрғын үй кезегіне тұру, Еqov.kz порталынан қызметтерін алу мәселелері бойынша ...
Читать далее »Рухани жаңғыру
ШЫМКЕНТ: «HR-PROCESS.KZ» ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ 438 ПЕДАГОГ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАНДЫ
Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді. – Шымкент қаласында III тоқсанда бітіруші, яғни, 9-11 сынып оқушыларын санитарлық талаптарды сақтай отырып 15 адамнан аспайтын аралас форматта оқыту жүргізіледі. Ал жыл басынан бері қаладағы білім ұйымдары 47 330 компьютерлік техникамен толығып, олардың жалпы саны 56 556-ға жетті. Одан бөлек, үшінші мегаполис еліміз бойынша ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ «ҮЗДІК ЖАСТАР – 2020» ПРЕМИЯСЫ ТАБЫС ЕТІЛДІ
Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «ҮЗДІК ЖАСТАР — 2020» премиясын салтанатты табыстау рәсімі өтті. Ел Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай Шымкент қаласының көркеюіне үлес қосып, түрлі салалар бойынша жетістіктерге жеткен жастар 29 номинация бойынша марапатталды. Марапаттау шарасына Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, ішкі саясат және жастар ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ХАЛЫҚ САНЫНЫҢ ӨСІМІ БОЙЫНША ЕКІНШІ ОРЫНДА
Шымкент қаласы халық санының өсімі жағынан Алматыдан озып, Нұр-сұлтан қаласынан кейінгі орынға тұрақтады. Республикалық Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстан халқының саны 1 қарашаға қарай 18 млн 833 мың адамға жетіп, жыл басынан бері 0,2 млн адамға немесе 1,08% — ға артқан. Халық өсімі бойынша елорда көш бастап тұр, онда – 3,52%, Шымкент (2,67%), Алматы (2,61%), Маңғыстау облысы (2,43%) және Атырау облысы ...
Читать далее »ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ 1200 ОРЫНДЫҚ МЕКТЕПТІҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
Тәуелсіздік мерекесіне орай Шымкент қаласында тағы бір білім ордасы пайдалануға берілді. Асар-2 шағынауданында 1200 орынға арналған жаңа мектеп онлайн форматта ашылды. Жер телімінің жалпы ауданы – 2,88 га. Жобаның сметалық құны – 2 008 314,0 мың теңге. Бас мердігер «МК технострой сервис» ЖШС құрылысты өткен жылы шілде айында бастаған еді. Құрылыс компаниясы нысанды жоспарға сай аяқтады. Жалпы Шымкент қаласының білім ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 10 ҮЗДІК ЖАСҚА «ЕЛБАСЫ МЕДАЛІ» ТАБЫСТАЛДЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында10 оқушыға «Елбасы медалін» табыстады. «Елбасы Медалі» байқауы қоғамның түрлі саласындағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған. Марапаттау жас ерекшелігіне қарай үш деңгейде: қола 14, күміс 15, ал, алтын 16 жастан бастап белгіленген. Жеңімпаздар «Спорт және дене шынықтыру», «Дарын мен дағды», «Еріктілік», «Туристік саяхаттар», «Кітап оқу», «Ұлттық мұра» және «Еңбек тәжірибесі» ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНІҢ ҚАРСАҢЫНДА 46 АЗАМАТ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Мерекелік жиында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, егемендік жылдары Шымкенттің қарыштап дамығанын тілге тиек етті. – Тәуелсіздік арқасында Шымкент қаласының дамуы жаңа деңгейге көтерілді. Еліміз егемендік алған жылы Шымкентте халық саны 400 мың адам болса, бүгінгі күні 1 миллион адамнан асты. Қала аумағы кеңейіп, 13 мың гектардан 116,3 мың гектарға дейін ұлғайды. Мұрат Дүйсенбекұлы өз сөзінде ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАЛАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен Шымкент қаласының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік Кеңес отырысы онлайн өтті. Ғылыми-әдістемелік Кеңестің құрамында «ҚазҚайтажаңарту» РМҚК ғылыми-зерттеу және жобалау филиалы, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының рухани мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитеті, Халықаралық Орталық Азия зерттеулері институты, Т.Басенов атындағы сәулет және құрылыс институты, Ә.Марғұлан атындағы Археология институты, ЮНЕСКО-ның ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ «ҰЛТ ҮНІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 29 жылдығы қарсаңында «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында ұйымдастырылған «Ұлт үні» керуен-байқауы өз мәресіне жетті. Қорытынды жиынға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан байқау жеңімпаздарын марапаттады. — Шымкенттегі 1 миллион 50 мыңнан астам тұрғынның 32,5 пайызын этнос өкілдері құрайды. Қаламызда этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрін дамытуға лайықты жағдай жасалған. 16 этномәдени бірлестік осы бағытта жұмыс істеп, ұлттық ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯСЫН ЖАҚСАРТАТЫН ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ
Шымкент қаласының әкімдігінде мегаполистің экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша Жол картасын іске асыру мәселесі талқыланды. Қала әкімінің орынбасары Е.Білісбековтің қатысуымен өткен жиында халықтың экологиялық мәдениетін арттыру жайы да қаралды. Шымкент қаласының экологиясын жақсарту жөніндегі Жол картасында 29 іс-шара қарастырылған. Олардың қатарында автокөлікті табиғи газға ауыстыру, көгалдандыру, қалдықтарды қайта өңдеу және жауын сулардың өзенге төгілуден алдын тазалау қондырғыларын орнату бар. Шымкент ...
Читать далее »