Мәдени Астана

ШЫМКЕНТТІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ 2GIS КАРТАСЫНА ЕНГІЗІЛМЕК

Бүгін «Рухани жаңғыру» қазақстандық даму институты» КЕАҚ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Жанар Боқанова және Шымкент қаласы «2 GIS-Shymkent» ЖШС директоры Нұржан Омаровтың қатысуымен екіжақты ынтымақтастық меморандумы жасалды. Киелі тарихи орындарды нақтылау Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шеңберінде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында іске асырылып отыр. Арнайы жоба шеңберінде және еліміздің тарихи-мәдени ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ 4 МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Биыл Шымкент қаласында 7020 орындық 13 мектеп салынуда. Осы жылдың 9 айының қорытындысына сәйкес 3900 орындық 4 мектеп пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Самал-3 шағын ауданындағы 1200 орындық екі мектеп, Асар-2 шағын ауданындағы 1200 орындық 1 мектеп және Әбділабад тұрғын алабында орналасқан 300 орындық 1 білім ошағының құрылысы аяқталды. Одан бөлек, №23 мектептің 300 орындық қосымша ғимаратының құрылысы қазан айының соңына ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласында коронавирус індетімен күресте белсенділік танытқан бір топ азамат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған «Халық алғысы» арнайы медалімен марапатталды. Алғыс иегерлері арасында үшінші мегаполистің БАҚ өкілдері, еріктілер ұйымы мен белсенді азаматтар бар. Марапат иелеріне медальді «Көрме» орталығында өткен іс-шарада Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева арнайы табыстады. — Пандемиямен күрес барысында қаламыздың ...

Читать далее »

АЛҒАШ РЕТ ОПЕРА ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ОНЛАЙН-ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

«Шымкент 2020-ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында 2020 жылдың 15-31 қазан аралығында ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында опера орындаушыларының «Достастықтың опера жұлдыздары» атты онлайн фестивалі өтеді. Фестиваль — ТМД елдері арасында мәдени ынтымақтастық ауқымын кеңейтіп, жаңа шығармашылық байланыстар орнату, классикалық музыканың биік шыңы саналатын опера өнерін әлеуметтік желі тыңдаушылары арасында насихаттау, жастар арасында классикалық музыканы кеңінен таныту, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының ...

Читать далее »

ҚАЛАМГЕР КҮЛИЯ АЙДАРБЕКОВАНЫҢ «ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«Отырар» кітапханасында Шымкент қаласы мәдениетінің дамуына ұзақ жылдар еңбек етіп, бүгінде құрметті демалысқа шыққан Күлия Смайылқызы Айдарбекованың 60 жылдық мерейтойына орай «Ұлылыққа ізгілік» атты шығармашылық кеші ұйымдастырылып, жазушының «Қазақ қызы» кітабы таныстырылды. Салтанатты жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева және бір топ зиялы қауым мен БАҚ ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «ОЙЛЫ БОЛСАҢ, ОЗЫП КӨР!» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНДАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Зияткерлік ойындар – үздіктерді анықтайтын спорттық жарыс түрі ғана емес, өскелең ұрпақ тәрбиесінде, азаматтардың интеллектуалдық әлеуетін көтеруде маңызы ерекше. Өйткені жүйелі және қисынды ойлау, білім мен ғылымға бейімділік негіздерін қалауда әрі ыждаһаттылық пен табандылыққа тәрбиелеуде зияткерлік ойындар таптырмас тәрбие құралы. Бұл ойындар адамды шыдамдылыққа, тереңнен ойлауға, асығыс шешім қабылдамауға үйретеді. Шымкентте Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласы аясында және «Интеллектуалды ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ 9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕ ЕСЕП БЕРДІ

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында кәсіпкерлік саласы қарқынды түрде дамып келеді. Атап айтқанда, биыл аудан аумағында 24 ірі кәсіпкерлік нысаны салынуда. Алғашқы 9 айда 13 нысанның құрылысы аяқталып, іске қосылған. Бұл туралы Шымкент қаласының қала әкімі Мұрат Әйтеновке 9 айда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берген Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов баяндады. Аудан әкімінің айтуынша, кәсіпкерлік нысандарының құрылысы кезінде және олар іске ...

Читать далее »

ЕГІСТІК АЛҚАБЫНАН 60 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ЖИНАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында ауылшаруашылығы саласын экономиканың қозғаушы күші ретінде дамытуды тапсырған болатын. Осы мақсатта қалада ауылшаруашылығын дамыту бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. Шымкент қаласындағы күзгі дала жұмыстары туралы қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандары хабарлады. Олардың айтуынша, биыл жоспарға сәйкес 27 600 гектар аумаққа егістік егу жоспаланған. Қазіргі таңда 27 908,2 гектарға егіс егіліп, жоспардан 308,2 гектарға артық ...

Читать далее »

«ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласында коронавирус індетімен күресте белсенділік танытқан бір топ азаматтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған «Халық алғысы» арнайы медалімен марапатталды. Жұқпалы індетпен күресте ерекше көзге түскендердің қатарында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және өзге де сала өкілдері мен еріктілер бар. Мегаполистің марапат иелеріне медальді қала әкімі Мұрат Әйтенов табыстады. — Бұл марапат — бүкіл әлемде орын алып отырған ...

Читать далее »

ТӘУЕЛСІЗДІК САЯБАҒЫНА СӘНДІК АҒАШТАР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Бүгін Шымкенттегі «Тәуелсіздік» саябағында қала әкімдігі 300 түптен астам сәндік ағаш көшеттерін отырғызды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Бес жыл ішінде орман алқабында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады. Бұл еліміздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді» деген болатын. Президент айтқан межені жүзеге асыру мақсатында осы жылдың күз мезгілінде қала аумағында 700 мыңнан астам көшет сенбіліктер аясында егіледі. ...

Читать далее »