Шымкент қаласының туризм басқармасының бастамасымен қамалды қалпына келтіру бойынша жобалық тобының қызметкерлерімен бірлесе «Ескі қалашыққа» гид-эксркурсоводтарға арналған тест-тур өткізілді. Тур барысында экскурсоводтар қалашықтың негізгі нысандарымен танысып, алдағы уақытта жеке тәжірибесінде қолданатын ақпараттар алды. Ескі қалашық «ҚР туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясындағы туристендіру картасының ТОП-50 нысанының тізіміне енгізілген. Болашақта жоба туристерді тартатын орталыққа айналып, «Тәуелсіздік саябағы», «Ордабасы» ...
Читать далее »Мәдени Астана
ШЫМКЕНТТЕ АЛТЫ АЙДА 34,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ҚҰРЫЛЫС ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІЛДІ
Шымкент қаласында құрылыс материалдарын шығаратын 215 ірі, орта және шағын кәсіпорындар бар. Осы жылдың 6 айында олармен 34,2 млрд. теңгенің құрылыс материалдары өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 4,5 пайызға артқан. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаланың жалпы өнеркәсібінде өндірілген өнім көлеміндегі құрылыс материалдары өндірісінің үлесі 13,2%-ды құраған. Ал құрылыс материалдарының отандық өндірісін дамыту мақсатында ...
Читать далее »МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҮЙДЕ ОТЫРЫП-АҚ АЛУҒА БОЛАДЫ
Шымкент қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сай «Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының» ғимаратында карантин жарияланды. Осыған байланысты бүгінде мекеме тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер онлайн түрде атқарылады. Азаматтар http://egov.kz/cms/ru порталы арқылы басқарма тарапынан көрсетілетін барлық қызметтерге қол жеткізе алады. Қызметтердің қолжетімділігі бойынша басқарма қызметкерлері азаматтарға ұдайы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Соған қарамастан азаматтар карантин шектеулері мен санитарлық ...
Читать далее »БЕЛГІЛІ АМЕРИКАНДЫҚ ФОТОГРАФ ШЫМКЕНТТІ ҚҰС САМҒАУ БИІГІНЕН ТҮСІРДІ
Туризм – әлемдегі экономикалық кірісі ең жоғары саланың бірі. Елімізде саяхатты дамытудың алғышарты – туризм саласының үгітін күшейту. Әсіресе, ғаламторға саяхатты үгіттейтін видеоларды, фотосуреттерді көптеп салу қажет. Шымкент қаласының туристік тартымдылығын насихаттау мақсатында туризм басқармасының шақыртуымен қалаға National Geographic және New York Times журналдарының танымал фотографы Джордж Штейнмец келді. Джордж қаланың негізгі туристік нысандарының, атап айтқанда Ескі қалашықтағы «Цитадель» жобасы, ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ТАҒЫ 17 СПОРТШЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУҒА ҮМІТТІ
2021 жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына ойындарына қатысу үшін оқ ату спорт түрінен Юрий Юрков, стенд атудан Рысбекова Сарсенкүль, каратэ – додан Асадилов Дархан және бокстан Сафиулин Закир жолдама жеңіп алған болатын. Бұлардан бөлек, спорттың 11 түрінен тағы 17 сайыпқыранымыз күн шығыс еліне бару үшін жолдамаға таласады екен. Бұл туралы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Олег ...
Читать далее »ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАЛАРЫ ЖАҢАДАН АБАТТАНДЫРЫЛУДА
Еңбекші ауданында бұған дейін ауласы абаттандырылмаған 64 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылып, ойын алаңдары орнатылуда. Сонымен қатар, 43 көппәтерлі тұрғын үйдің аулалары мен балалар ойын алаңшаларына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға биылғы жылы әр ауданның бюджетіне бөлінген 1 млрд теңгеден 800 миллионнан астам қаржы қаралған. Оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша көпқабатты тұрғын үй ауласын абаттандыруға республикалық бюджеттен ...
Читать далее »195-ОРАМДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛЕДІ
Шымкент қаласындағы Бадам шағын ауданына қарасты 195-орам тұрғындары биыл толығымен ауыз су мен көгілдір отынға және электр жарығымен қамтамасыз етілетін болады. Аталған шағын ауданның тұрғындарымен кездескен Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов осылай деді. Кездесу барысында аудан әкімі барлық инфрақұрылым жұмыстары аяқталған соң асфалть жол төселіп, қоғамдық көлікте қатынайтынын жеткізді. Сондай-ақ, ол алдағы уақытта мектеп пен балабақша салынатынын да атап өтті. ...
Читать далее »ОРТАЛЫҚ КӨШЕЛЕРДЕ АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІНІҢ ЖҮРІСІНЕ ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ
Қаланың орталық көшелерінде жүк көліктерінің жүрісін шектеу мақсатында қала әкімдігі мен полиция департаментінің мамандарымен зерделеу жұмыстары жүргізілді. Ондағы мақсат — Шымкент қаласының орталық көшелерінде көлік қозғалысын оңтайландыру, кептелістерді болдырмау, жол-көлік оқиғаларын алдын алу және асфальт қабатының бұзылмауын қамтамасыз ету. Мегаполисте шілде айынан бастап қала аумағында ірі габаритті ауыр жүк көліктерінің жүрісіне, үлкен салмақты жүк көліктерінің айналма жолын және орта-кіші жүк ...
Читать далее »«ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАРШЫСЫ» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ МАРАФОНЫ БАСТАЛАДЫ
«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы мен «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі медициналық мекемелер мен коронавирустық инфекцияға қарсы күреске мұқтаж азаматтар үшін қажетті құрал-жабдықтар, тауарлар, дәрі-дәрмектер жинау мақсатында республикалық #жақсылықжаршысы қайырымдылық марафонын іске қосады. Акцияға кез-келген адам қатыса алады. Қаржылай көмек көрсетуге, өнімді ұсынуға немесе қызмет түрін көрсетуге, мүмкіндігінше жеңілдіктер беруге немесе ерікті ретінде әрекет етуге болады. #Жақсылықжаршысы марафоны 2020 жылы 21 шілдеде ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ МАГИСТРАЛДЫ 75 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ
Шымкент қаласындағы магистралды жолдардың 75 шақырымында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде Қонаев даңғылы жалғасының құрылысы мен айналма жолының қайта құру жұмыстары қамтылған. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады. Басқарманың мәліметінше, ірі жобалар қаладан шығатын барлық бағыттарды қамтып отыр. Ташкент, Түркістан және Алматы бағыттарына шығатын көлік ағынын өткізу қабілеті жоғары автомобиль жолдары 2023 жылға дейін пайдалануға ...
Читать далее »