Мәдени Астана

ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВТІҢ ТУҒАНЫНА 102 ЖЫЛ

Бүгін Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 102 жыл толды. Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асу-Бұлақ ауылында қарапайым еңбекші отбасында дүниеге келген. Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, партизан, аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті. Қасым Қайсенов Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау кезеңін, жауынгерлердің жанқиярлық ...

Читать далее »

МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ АЛДЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛЫҚ ӨТКЕЛДЕР ОРНАТЫЛУДА

Шымкентте медициналық ұйымдардың алдында коронавирустық инфекциясының таралуын алдын алу үшін дезинфекциялық өткелдер орнатылуда. Енді емханадағы, ауруханадағы, жедел жәрдем станциясындағы медициналық қызметкерлерден бастап, келушілердің барлығы арнайы дезинфекциялық өткелден өтіп, дене температурасы өлшенеді. Мұнан соң қолдарын арнайы дезинфекциялық ерітінділермен өңделгеннен кейін медициналық ұйымға кіреді. Бұл жұмыстар емханаға келуші әрбір пациент пен қызметкердің қауіпсіздігі және денсаулық жағдайларына тұрақты бақылау үшін қолға алынған.

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МЕКТЕП ТАПШЫЛЫҒЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ШЕШІЛЕДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша онлайн-брифинг өтті. Брифинг барысында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қашықтан оқыту, ҰБТ-ға дайындық туралы ақпарат берді. — Қаламызда үш ауысымды мектептер үшін 2020 жылдың қыркүйек айында 7 жаңа білім ордасы берілгелі отыр. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде мектептерге деген тапшылық барысында 6 мың қосымша орын беріледі. Бұл, қаламызда ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘУЕЖАЙЫНДАҒЫ ТЕРМИНАЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ТОҚТАУСЫЗ ЖҮРУДЕ

Шымкенттегі халықаралық әуежай аумағында салынып жатқан жаңа жолаушылар терминалының құрылысы қарқынды жүруде. Бұл жұмыстар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкент қаласын дамыту жөніндегі тапсырмалары негізінде жүзеге асуда. Бүгінде өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын терминалдың құрылыс-монтаж жұмыстарының алғашқы кезеңі аяқталды. Екінші кезеңнің құрылыс жұмыстарын «Альянс Контракт Құрылыс» ЖШС жүзеге асыруда. Құрылыс жұмыстарына 110 жұмысшы, 10-ға жуық арнайы ...

Читать далее »

ОНЛАЙН МӘДЕНИ ІС-ШАРАЛАР

ҚҰРМЕТТІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! Сіздерді, 20-26 сәуір аралығында үйде отырып Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы жоспарлаған онлайн іс-шараларды тікелей эфирде көруге шақырамыз.

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Бұл туралы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады. Басқарма басшысының орынбасары Болат Малимовтың айтуынша, Шымкентте бұл бағыттағы іс-шаралар карантин аяқталғанша жүйелі жалғасады. Бүгінде қаладағы 13,8 млн. шаршы метрді құрайтын 1500-ге жуық көшені толығымен залалсыздандыру үшін 20 бағыттық кесте әзірленген. 32 техника жоспар бойынша күнделікті дезинфекция жұмыстарын атқаруда. – Жауапты мамандар гипохлорит кальций қоспасымен қала аумағын тазалап жүргендердің жұмысын күнделікті ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 103-КЕ ЖЕТТІ

Шымкент қаласында «COVID-19» инфекциясы тағы 11 азаматтан анықталды. Дертке шалдыққан азаматтар 1966 жылғы коронавирус инфекциясы анықталған науқаспен қарым-қатынаста болған. Олар – 1983 ж., 1987 ж., 1990 ж., 1988 ж., 1973 ж., 1993 ж., 1994 ж .,1997 ж.,1976 ж., 1995 жылғы азаматтар. Оның сегізі — ер кісі, екеуі әйел. Ал бір азамат — 1984 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны. Науқас ЖРВИ-мен ауырып, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: БҮГІНГІНІҢ БАТЫРЫ – ДӘРІГЕР ГҮЛЖАНАТ

І санатты дәрігер Гүлжанат Маханбетәліқызы Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде меңгеруші қызметін атқарады. Дәрігер-педиатр ел аумағында «COVID 19» індетіне байланысты төтенше жағдай енгізілгелі өзге әріптестері сынды күшейтілген режимде тынымсыз еңбек етіп жүр. Бүгінде қаладағы ауруханалар дене қызуы бар және жедел респираторлық симптомдармен жеткізілген науқастарды арнайы жабдықталған фильтрлі кабинеттерде қабылдауда. – Біздің фильтрлі кабинетке күніне 40-50 науқас жүгінеді. Науқастардан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙТІЛДІ

Әлем жұртшылығын алаңдатқан коронавирусқа қарсы сақтық шаралары Шымкент қаласында да күшейтіліп жатыр. Бүгінгі таңда жергілікті билік қосымша профилактикалық шараларды қолға алды. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Оңтүстік – халқы тығыз орналасқан өңір. Сондықтан індеттің таралуын тоқтатпасақ, жағдайды ушықтырып аламыз» деп, жергілікті атқарушы органдарға карантин шараларының орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырған болатын. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ТОҚТАТЫЛАДЫ

Шымкентте карантин шаралары күшейтілді. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов мәлім етті. Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу және эпидемиологиялық жағдайдың асқынуының алдын алу мақсатында Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 18 сәуірдегі №11 «Карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысы шықты. Бұл Шымкент қаласы бойынша төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету ...

Читать далее »