Руханият

ШЫМКЕНТ: ТЕАТРДЫҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында жеңілдетілген карантин режиміне сәйкес 28 қыркүйектен бастап қаладағы барлық театр өз көрермендері үшін қайта есігін ашты. Бүгінгі таңда қалада 6 театр және 1 мәдениет үйі жұмыс жасайды. Жаңа маусымда қала тұрғындары мен қонақтарын түрлі премьераларымен қуантпақ. Атап айтқанда, Өзбек драма театры 29-30 қыркүйек күндері «Әпендізада» комедиясын ұсынады. Ал Шымкент қалалық академиялық драма театрында 7-9 қазанда көптен күткен 87-ші ...

Читать далее »

ЖАСТАРДЫ ӘДЕБИЕТКЕ ЖАҚЫНДАТАТЫН ЖОБАЛАР ҰСЫНЫЛДЫ

Шымкент қаласы әкімдігінде қаланың рухани өміріндегі бірқатар маңызды жобалар көпшілік назарына ұсынылды. Қаланың мәдени өміріндегі елеулі жаңалықтар, атап айқанда, «Отырар» ғылыми әмбебап кітапханасының атын ауыстыру және қайта жабдықтау, қаладағы аялдамаларды белгілі ғұлама ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлерінің шығармашылығы бойынша безендіру мәселелері зиялы қауым өкілдерінің талқысына түсті. Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жобалардың маңыздылығына тоқталып өтті. – Биыл елімізде Абайдың 175 ...

Читать далее »

АБАЙ-175: ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАЦИЯ СЕМЕЙ ЖЕРІНЕ АТТАНДЫ

Қазақтың бас ақыны һакім Абайдың 175 жылдығына орай Шымкент қаласы және Түркістан облысынан мәдениет саласының қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, Рухани жаңғыру жобалық кеңсесінің өкілдері, журналистер мен блогерлер бар арнайы делегация ұлы Абай еліне аттанды. Делегацияны әуежайдан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан сәт-сапар тілеп, шығарып салды. Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған сапар 15-17 қыркүйек аралығын қамтиды. Шараның бастамашысы және ұйымдастырушысы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «АБАЙ СӨЗІ» ОНЛАЙН-ОҚУЛАРЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

«Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында Достастық елдері арасында қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай сөзі» онлайн–оқулары өз мәресіне жетті. Оған жалпы 253 адам қатысты. Оның ішінде ТМД елдерінен — 45, өзге мемлекеттерден — 21, елімізден 187 қатысушы ақынның туындыларын жолдады. Достастық елдерінен Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Әзірбайжан Республикаларынан, сонымен қатар, Қытай ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЖАС АБАЙТАНУШЫНЫҢ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Шымкент қаласында жас абайтанушы Әзімхан Исабек Абайдың 38-ші қара сөзі деп аталып келген «КИТАБ ТАСДИҚ» атты кітабын жарыққа шығарды. Ол өзінің туындысын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арнап отыр. Әзімхан Исабек 1996 жылы шым шаһарда дүниеге келген. Жас ғалым, әрі зерттеуші. Абайтанушы, ғалым Мекемтас Мырзахметұлы және Ақжол Қалшабек секілді профессорлардың шәкірті. Бүгінде ол М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да ашылған «Мұхтартану» ғылыми орталығында ғылыми ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ КӨРНЕКТІ ЖАЗУШЫ МАРХАБАТ БАЙҒҰТТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов көрнекті жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұтты қабылдады. Шаһар басшысы қаламгерді 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, ұлт әдебиеті мен мәдениетін дамыту, қоғамдық саныны кемелдендіру, жас ұрпақтың бойына ізгілік пен отаншылдық сезімін сіңіру жолындағы еселі еңбегі үшін алғыс айтты. —Сіз туған өлкеңізден алшақтамай-ақ оңтүстік өңірде өзіндік әдеби орта қалыптастырдыңыз. Қоғамдық істерге белсене араласа ...

Читать далее »

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» ЖАҢА КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асырылу барысы және жоспарлары бойынша кездесу өтті. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің басшылығымен және «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуде бағдарламаны іске асырудың басты мәселелері, бірінші жартыжылдықта жүргізілген жұмыс қорытындылары және ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына қойылған міндеттер мен нақты қызмет бағыттары талқыланды. Мысалға, Болат ...

Читать далее »

ШӘМШІ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін композитор, Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Осыған орай, қала әкімі Мұрат Әйтенов пен бір топ өнер адамдары Шәмші Қалдаяқов көшесіндегі сазгердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Нақтырақ айтқанда, шараға қала әкімінен өзге композитор-әнші Құралай Сәтмұхамбетова, композитор, Шымкент қалалық мәдениет үйінің директоры Нұрлан Ыдырысұлы Адильханов, композитор Қалдыбек Құрманәлі, мәдениет қайраткері, Шымкент қалалық опера және балет театрының әншісі Үрәлхан Сейілбекова қатысты. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Шымкентте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, олар Абай мұражайында болып, танымдық экскурсия жасады. Артында өшпес мұра қалдырған ойшылды өскелең ұрпаққа кеңінен дәріптеу мақсатында 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында саябақ алдына ескерткіші орнатылған болатын. Бұдан өзге, Шымкентте Абай Құнанбайұлының ...

Читать далее »

«ДОСТАСТЫҚ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МУЗЫКАСЫ» ОНЛАЙН-ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

1 — 15 тамыз аралығында «Шымкент 2020 – ТМД-ның мәдени астанасы» іс-шаралар жоспарына сәйкес ТМД елдері арасында халық аспаптарында орындаушылардың «Достастық халықтарының музыкасы» онлайн-фестивалі өтеді. Фестивальдің мақсаты достастық елдері халықтарының арасында мәдени мұра мен рухани құндылықтардың бірегейлігін насихаттау, рухани және шығармашылық байланыстарды кеңейту, түрлі халықтардың музыкалық мәдени мұрасымен танысу, халық аспаптарында орындаушылық дәстүрлерін сақтау және дамыту, халық-аспаптық өнерді интернет кеңістігінің ...

Читать далее »