Спорт

ШЫМКЕНТТЕ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ӘМБЕБАП АТУ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Шымкент қаласында «SHOOTING PLAZA» әмбебап ату кешенінің құрылысы бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады. Кешен құрылысы аяқталғаннан кейін Шымкентте ату спорты түрлерінен халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар өткізу мүмкін болмақ. Мамандардың айтуынша, «SHOOTING PLAZA» кешені бұрынғы Комсомол көлі ауданындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолына жақын жерде ату алаңы аумағында орналасқан. Жалпы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ТАҒЫ 17 СПОРТШЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУҒА ҮМІТТІ

2021 жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына ойындарына қатысу үшін оқ ату спорт түрінен Юрий Юрков, стенд атудан Рысбекова Сарсенкүль, каратэ – додан Асадилов Дархан және бокстан Сафиулин Закир жолдама жеңіп алған болатын. Бұлардан бөлек, спорттың 11 түрінен тағы 17 сайыпқыранымыз күн шығыс еліне бару үшін жолдамаға таласады екен. Бұл туралы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Олег ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫЛАР АЛДАҒЫ ЖАРЫСТАРҒА ТЫҢҒЫЛЫҚТЫ ДАЙЫНДАЛУДА

Бүгін ақпарттық-коммуникациялық орталықта Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарлары бойынша брифинг өткізілді. Брифингте Шымкент қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Олег Почивалов пен басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы Шоқан Әбдіқалықов жергілікті спортшылардың алдағы бәсекелерге дайындығы туралы баяндап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. О. Почиваловтың мәлімдеуінше, елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты наурыз ...

Читать далее »

СПОРТ МЕКТЕПТЕРІ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

Шымкентте спорт мектептері мен спорт секциялары жұмысын қайта бастайды. Спорт объектілері қызмет көрсетуге кіріспес бұрын мына талаптарды қатаң ескеруі керек: кіретін жерде жұмыскерлердің дене температурасын бақылау; температурасы жоғары және инфекциялық ауру белгілері бар адамдардың жұмыс орнында болуына жол бермеу; кіреберісте, холлда, дәліздерде әрбір 50-100 м сайын, лифттерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнату; адамдар жиналуы мүмкін «күту аймағын» ...

Читать далее »

ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН 38 ЖАСҚА ТОЛДЫ

Бүгін бүкіл әлемге танымал қазақстандық былғары қолғап шебері, кәсіби боксшы Геннадий Головкиннің туған күні Геннадий Геннадиевич Головкин 1982 жылы 8 сәуірде, Қарағанды қаласында, шахтердің отбасында дүниеге келген. GGG «Бокстағы аңыз адам» Әуесқойлар арасында әлем чемпионы, 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, кәсіпқой бокста IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы. Головкин өткен күзде украиналық Сергей Деревянченкомен болған жекпе-жекте IBF және ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢАДАН ҚҰРЫЛҒАН «ТЕМІРЛАН» ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ АЛҒАШҚЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫН ӨТКІЗДІ

Футболдан Қазақстан чемпионатының екінші лигасына жаңа команда қосылды. Түркістан облысында құрылған команда «Темірлан» деп аталады. Жаңа команда 2020 жылдың қаңтар айында құрылған. Шымкент қаласынан 40 шақырым қашықта орналасқан Ордабасы ауданы Темірлан елдімекені атынан жарыстарда бақ сынайды. Өз алаңындағы ойындарын да осы елдімекендегі Қажымұқан атындағы стадионда өткізеді. Алаңға 1000-ға жуық көрермен сыяды. Клуб алғашқы оқу-жаттығу жиынын Шымкентте өткізді. 6 ойын ойнап, ...

Читать далее »

Түркістанда аламан дода өтті

Спортсүйер қауым көптен күткен «Alash Pride grand prix» бәйгесі Түркістан қаласында өтті. Аламан додаға Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов та арнайы барып, қатысты. Бәйгені тамашалаған Р. Абатұлы өз сөзінде 66 келі салмақта сайысқа түсіп, Алаш прайдтың үздік спортшысы екендігін сақтап қалған қазақстандық Қаршыға Даутбек пен қарсыласы қырғызстандық Тургунали Абдуллаевқа қала әкімдігі тарапынан қаржылай сыйақы берілетінін және спорт саласы басты назарда ...

Читать далее »

16 жастағы қазақстандық зілтемірші әлемдік рекорд орнатты

Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен ұлдар, қыздар және жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында 16 жастағы Рахат Бекболат әлемдік рекорд орнатты. Қазақстан ауыр атлетика федерациясы мәлім еткендей, споршы қоссайыс нәтижесінде 356 келіні (158+198) бағындырып, 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер және 20 жасқа дейінгі жастар арасында чемпион атанды. Сондай-ақ қазақстандық зілтемірші жасөспірімдер арасында серпе көтеру жаттығуында әлемдік рекорд орнатты. Азия біріншілігіне елімізден 10 спортшы қатысқан ...

Читать далее »

«ОРДАБАСЫ» — «ВОРСКЛА» (ПОЛТАВА, УКРАИНА) 2:0

«Ордабасы» футбол командасы Түркия еліндегі оқу-жаттығу жиынында Украинаның » Ворскла » командасымен кездесіп 2:0 есебімен жеңіске жетті. Айта кетесек, кездесу барысында ойынға алмасып кірген жаңа ойыншылар жақсы нәтиже көрсеткен. «Ордабасы» командасының бас бапкері Кахабер Цхададзе «Ордабасы» — «Ворскла» 2:0 матчына байланысты өз ойымен бөлісті: — Жұмыс жағдайындағы сәттерге толы бақылау ойыны болды. Менің ойымша, уақыт өте келе біз ойынды жақсартып, ...

Читать далее »

Шымкентке Илья Ильин келді

Бүгін Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде Илья Ильиннің студент жастармен кездесуі өтті. Илья еріктілер жылы аясында жастарды спортқа, тазалыққа, еңбексүйгіштіке шақырып, спорттағы жаңалықтарымен бөлісті. Кездесуде Илья Ильинге ОҚМУ-дың «Құрметті профессоры» атағы берілді. – Жақын уақытта спорттағы мансабымды аяқтаймын деп жоспарлап отырмын. Алдағы уақытта өзімді спорт менеджері ретінде сынап көрсем деймін. Адам бұл өмірде бәріне дайын болу керек. Үйренуден ...

Читать далее »