Негізгі

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫНДА ДЕМОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мамандары Әл-Фараби ауданы Қазыбек би көшесі, 27 А жер теліміндегі құрылыс нысанына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Кәсіпкерлік нысан қаладағы тарихи білім ордасы – М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясы жанынан салынған. Жеке кәсіпкер құрылыс жұмыстарын Заңға қайшы, яғни құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптарды бұза отырып жүргізгені анықталды. Аталған жер телімі шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатады. Басқарма мамандары ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК БОЙЫНША ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІШКЕ ЖЕТТІ

Өткен жылы елімізде 12 өңір жоғары инвестициялық белсенділік көрсеткен. Оның ішінде 5 өңірде 20 пайыздан 60 пайызға дейін өсім тіркелді. Ең жоғары көрсеткіштерге Түркістан облысы мен Шымкент қаласында байқалған. Бұл жөнінде Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді. Қала экономикасын дамытуға өткен жылы 278,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,56 пайызға артқан. Мемлекет басшысының тапсырмасына ...

Читать далее »

МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ ҚАЛАЛЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІНЕ БАСШЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков Шымкент қаласында спорт мектебіне басшылық қызметке келді. «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры болып Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков тағайындалды. Спорт мектебі 1997 жылы ашылған. Мектепте спорттың 8 түрі жұмыс істейді: каратэ, таеквондо, кикбокс, бокс, дзюдо, еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресі. Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков – бокстан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген ...

Читать далее »

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОЛ КАРТАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 4776 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес пандемияның күрделі кезеңіне қарамастан тұрғындардың жұмыспен қамтылуы қарқынды жүзеге асып отыр. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты негізінде өткен жылы 1196 адам техникалық және кәсіптік оқудан өтсе, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша 2000-ға жуық азамат білім алған. Оның ішінде 1394 адам жұмыспен қамтылды. Екінші бағыт ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАМЕН 6497 АДАМ БАСПАНАЛЫ БОЛҒАН

Шымкент қаласында 2019 жылдың желтоқсан айынан бері тұрғын үй кезегіне тіркеу автоматтандырылған жүйеде жүзеге асып келеді. Нәтижесінде тіркеуде тұрған азаматтар жөнінде ақпарат жүйесінің базасы қалыптасты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қалада тұрғын үй кезегіне жалпы 42 094 азамат тіркелген. Оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, «Алтын» және «Күміс» алқа иелері, «Батыр ана» наградасы иелері, әлеуметтік әлсіз топтар мен өзге ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ АРҚАСЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ КӨЛЕМІ АРТҚАН

Шымкент қаласында 2019 жылдан бастап «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасы шеңберінде шаруаларға қолдау көрсеткелі бері бұл салада даму қарқын алды. Мемлекеттік қолдауға ие болып отырған шаруалардың да саны артқан. Атап айтқанда, 2019 жылы 76 шаруаға 1 114,0 млн теңге субсидия берілсе, өткен жылы 102 азаматқа 1 069,3 млн теңге қаржы үлестірілген. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ МЕН ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ДӘРІГЕРІ ХАЛЫҚ ҚҰРМЕТІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Шымкент қаласында коронавирус пандемиясымен күресте ерекше көзге түскен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы мен жедел жәрдем дәрігері Арман Хамзин республика көлемінде өткізілген «Халық Құрметі» сыйлығының лауреаты атанды. Байқау жеңімпаздары halyqqurmety.kz порталында халықтың онлайн дауыс беруі арқылы анықталды. Қалалық жұқпалы аурулар ауруханысының қызметкерлері коронавируспен күресте алдыңғы шепте қызмет етіп, қиын кезеңде ерлік көрсетті. Күндіз-түні халыққа медициналық көмек көрсеткен аурухана ұжымы жаңа жыл ...

Читать далее »

«ТӨЛЕМ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ФРОНТ-ОФИСІ АШЫЛДЫ

Шымкент қаласында «Төлем» компаниясының халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Фронт-офистің ашылуына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Ержан Жолдасов, «QazSmartTrans» ЖШС-ның директоры Сержан Ақылбаев қатысты. Қызмет көрсету орталығының негізгі мақсаты — арыз-шағым, ұсыныстар қабылдауға және оқушылар, студенттер картасын тікелей өтінім беруге немесе дайын картаны алуға арналған. Яғни «Төлем» картасына қатысты туындаған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ КАРДИОЛОГТАРЫ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯМЕН 2235 НАУҚАСҚА ОТА ЖАСАҒАН

Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласында жоғары технологиялық медициналық қызмет дамып келеді. Мәселен, кардиологтар осы жылдың 11 айында жүрегінде ақауы бар 2235 науқасқа жоғары технологиялық медициналық қызметтегі оталар жасаған. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді. Сондай-ақ 2020 жылы тірі донордан алынған 6 бүйректі алмастыру отасы жасалынған. Басқарма мамандарының хабарлауынша, трансплантологиялық операцияларды жасайтын №1 қалалық клиникалық аурухана науқастарға сапалы, жоғары технологиялық ...

Читать далее »

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БЕС ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін салу, қызметтер мен жұмыс сапасын арттыру мақсатында биыл денсаулық сақтау саласы бойынша 5 жоба іске асырылды. Бұл жөнінде салалық басқарма мамандары мәлім етті. Бұл жобаларға мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 10 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған. Олардың бірі №1 қалалық клиникалық аурухана базасындағы терапия және гемокоррекция орталығы болса, екіншісі «Медикер-ЮК» ЖШС-нің халыққа амбулаториялық-емханалық қызмет көрсету ...

Читать далее »