Шымкентте «Көне құмыраның сыры» атты анимациялық фильмнің үшінші бөлімі жарық көрді. Қала әкімдігінің тапсырысымен «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында жарыққа шыққан «Сақ» киностудиясының туындысы Шымкентті қызғалдақтар мекені ретінде таныстырады. Танымдық мәні зор, тағылым алар туындының режиссері елімізге танымал аниматор Батырхан Дәуренбеков, сценариін Бақытжан Құлжабай жазып шыққан. «Қазақстан –қызғалдақтар отаны. Өскелең ұрпаққа сол жайлы көбірек айтуымыз керек. Елімізде қызғалдақтың көптеген түрі өседі. ...
Читать далее »Абай 175
ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ГҮЛ ШОҚТАРЫ ҚОЙЫЛДЫ
Бүгін Шымкентте Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен қалалық мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, олар Абай мұражайында болып, танымдық экскурсия жасады. Артында өшпес мұра қалдырған ойшылды өскелең ұрпаққа кеңінен дәріптеу мақсатында 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында саябақ алдына ескерткіші орнатылған болатын. Бұдан өзге, Шымкентте Абай Құнанбайұлының ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН ІС-ШАРАЛАР ӨТЕДІ
Биылғы жылы әлемнің көптеген елдері Қазақстанның бастамасымен және ЮНЕСКО-ның қолдауымен қазақтың көрнекті ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуде. ТМД мемлекетаралық бағдарламасын іске асыру аясында онлайн режимінде өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес «Шымкент 2020 — ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында 10-30 тамыз аралығында Достастық елдері арасында қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай сөзі» онлайн оқулары өтеді. ТМД ...
Читать далее »«МӘДЕНИ АСТАНА» ЖЫЛЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІ ІС-ШАРА ӨТЕДІ
Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Рашид Мыңбаевтың қатысуымен брифинг өтті. Брифингте Р.Мамытұлы «Шымкент 2020 – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында өткізілетін шаралар және атқарылған жұмыстар жөнінде сөз қозғады. – Елімізде енгізілген карантин режиміне байланысты «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылына орай іс-шараларды онлайн форматта өткіземіз. Бұл тамыз айында басталып, жыл соңына ...
Читать далее »АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП АШЫЛАДЫ
Шымкентте Абай Құнанбаев атындағы гимназия мектебі ашылмақ. Ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай, жаңа оқу жылында Шымкент қаласында «Абай Құнанбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия мектебі» есігін айқара ашпақ. Бұл туралы 2020-2021 жаңа оқу жылына дайындығымен бөліскен Шымкент қаласының Білім басқармасы хабарлады. Сондай ақ, биыл қаламызда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернаты» және кластері болып ...
Читать далее »АБАЙДЫҢ ӘНІ АЛҒАШ РЕТ ЖАПОН ТІЛІНДЕ ОРЫНДАЛДЫ
Жапон әншісі Ранка қазақстандықтарды қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығымен жапон тілінде «Көзімнің қарасы» әнін орындау арқылы құттықтады. Әлемнің барлық елдеріне тараған коронавирус пандемиясы кезінде ол Қазақстан халқына осы сынақтан сүрінбей өтіп, қалыпты өмірге тез арада оралуын тіледі. Музыкалық композицияның дәстүрлі жапон аранжировкасы «кото» ұлттық шертпелі аспабының дыбысталуымен «Zerosta» продюсерлік компаниясымен жасалды. Әннің сөзін жапон тіліне «Wako» университетінің профессоры Хироки ...
Читать далее »АБАЙ КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ
Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «ТҮРКІ ӘЛЕМІ: АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ КӨЗҚАРАСТАРЫ ЖӘНЕ ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫНЫҢ ЖАҢҒЫРУЫ» атты онлайн жүйеде халықаралық мәдени-ағарту форумы өтті. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаланың негізгі идеяларын жүзеге асыруға бағытталған мәдени-ағарту форумы еліміздің және шетелдік мамандардың көмегімен, заман талабына сәйкес цифрлық жүйеде ұйымдастырылды. Форум жұмысына Қазақстанның ...
Читать далее »АҚИҚАТ ПЕН АДАМГЕРШІЛІК ЖАРШЫСЫ
Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Ақиқат пен адамгершілік жаршысы» атты конференция-вебинар өтті. Онлайн жүздесуде Ұлы ойшыл ақын Абайдың 175 жылдық мерейлі мерекесінде ол туралы ой түйіп, пікір алмасуға ОҚМУ-дың абайтанушы ғалымдарымен бас қосты. Абайтанушылар мектебінің дәстүрлі ошағы ақынның туған Отаны – Семейде қалыптасса – ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырда осындай үлкен орда еліміздің оңтүстігі – ...
Читать далее »ӘЛ-ФАРАБИ МЕН АБАЙ МЕРЕЙТОЙЛАРЫ ҚАЛАЙ ӨТЕТІНІ БАЯНДАЛДЫ
Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фараби мен Абай мерейтойлары аясында жоспарланған көптеген іс-шаралардың қалай жүзеге асатынын «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында айтып берді. «Ұлыларды ұлықтап, даналарды дәріптеу – халқымыздың игі дәстүрі. Біз Әл-Фараби мен Абай мұрасын зерделеу арқылы қазақ даласындағы өркениеттің тамыры терең екенін көрсетеміз. Сондықтан бұл мерейтойлар – бәрімізге үлкен сын. Абай өзінің «толық адам» тұжырымын мирас етсе, әл-Фараби «бақытқа жету жолындағы ...
Читать далее »ҚҰНАНБАЙДЫҢ МӨРІ
Бірер жыл бұрын Семейдегі Абай музейінде Құнанбай мөрінің бедерлемесі көпшілікке таныстырылған еді. Музей қызметкерлері оны Омбы мұрағаттарынан тапқанын айтты. Құнанбайдың қоғамдағы қызметі мен билікте жүрген кезеңдерін зерттеп, қолда бар деректерге көз жүгіртсек, бұл мөрдің құндылығы жоғары екенін аңғарамыз. Себебі, сол заманда жазылған құжаттарды зерделеу арқылы аға сұлтанның айтар ойын, мінез-машығын, болмыс-бітімін, ел билеу әдісін жан-жақты тануға болады. Ендеше, Құнанбай мөрінің ...
Читать далее »