медицина

КОРОНАВИРУСТАН КӨЗ ЖҰМҒАН НАУҚАС ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРҒАН

Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген, ол Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент елдімекенінің тұрғыны. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова “Хабар24” арнасының тікелей эфирі арқылы мәлімдеді. Науқас 3-сәуір күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізуші «Мәскеу-Алматы» бағытында жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтерілгеніне шағымданып, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТАН БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент елді мекенінің тұрғыны. Науқас 03 сәуір күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүк көлігінің жүргізуші «Мәскеу-Алматы» бағытында жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтерілгеніне шағымданып, жедел жедел жәрдем көмегімен шұғыл түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Науқасқа емдеу хаттамаларына сәйкес қажетті ем ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕН ӨТКЕН КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІНЕН КОРОНОВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Шымкенттің аумағынан өтіп бара жатқан транзиттік көлік жүргізушісінен коронавирус анықталды. Ол 1964 жылы туылған Түркістан облысы Мақтарал ауданы Атакент елдімекенінің тұрғыны. Науқас 28-наурыз күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. Ауыр жүккөлігінің жүргізуші «Мәскеу-Алматы» бағытында жол жүріп бара жатқанда ыстығы көтеріліп, дәрігер көмегіне жүгінген. Нәтижесінде шұғыл ауруханаға жатқызылған. Ал транзиттік көлікті ары қарай айдап кеткен ұлы Алматы қаласында оқшауланып, стационарға ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР АДАМ ІНДЕТТЕН КӨЗ ЖҰМДЫ

Бүгін таңертең Түркістан облысында коронавирус індетінен Жетісай қаласының 1956 жылғы зейнеткер азамат қайтыс болды. Науқас 29 наурызда ауруханаға жатқызылған. Коронавирус негізінде пневмониямен ауырған. Гипертония, қант диабеті секілді қосалқы ауруы болған. Азамат 15 наурызда Алматы қаласынан келгенін жасырып, үйінде өз бетінше емделген. «Барлық сынамалар алынып, емдік шаралары жүргізілді. Өкінішке қарай, науқастың жағдайы нашарлап бүгін таңертең көз жұмды»,-делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 8- ШАҒЫНАУДАН КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ

Шымкент қаласында 4 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 1 жағдай тіркелді. Осыған орай, Шымкенттегі 8-шағынауданда (№53 көпқабатты үй) карантин жарияланды. Індетті жұқтырған 24 жасар азаматша 8-шағынауданда тұратын ата-анасына Нұр-Сұлтан қаласынан келген. Науқас ауруханаға жатқызылып, оқшауланған. Қазіргі таңда жағдайы қалыпты. Қажетті қауіпсіздік шаралары жүргізілуде. Науқаспен байланыста болған 21 адам анықталып, олар да оқшауланды (оның алтауы жақын туысы). Бүгінде қалада жалпы коронавируспен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ АУМАҒЫНДА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Шымкент қаласы аумағындағы залалсыздандыру шаралары карантин мерзімі аяқталғанға дейін күшейтілетін болады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала тұрғындарына жасаған мәлімдемесінде айтты. Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы қоғамдық орындарда, тұрғын үй аулалары, орталық көшелер мен ірі сауда орындарының іргелес жатқан аумақтарында дезинфекция жұмыстарыАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ қарқынды жүргізіле бастады. Қалаға қарасты 4 ауданда әскери бөлімнің қызметкерлері және арнайы машиналар жұмылдырылған. Сондай-ақ Шымкентте ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУС ТАРАҒАН 57 ОШАҚ ТІРКЕЛДІ

Шымкент қаласы бойынша барлығы 57 ошақ тіркелді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр баспасөз брифингінде мәлімдеді. Ал, 5 ошақтан карантин алынды. Олар — Самал-1, Тайманов көшесі; Төреқұлов көшесі; Мақталы көшесі, 8 ш / а.Желтоқсан 3А. Қала бойынша барлық кіру пункттерінде 17 блок-бекет қойылған. Блок бекеттердің барлығында жедел жәрдем бригадасы, сондай-ақ медициналық санитарлық көмек көрсететін ұйымдарының орта медицина қызметкерлері ...

Читать далее »

Шымкентте коронавирус жұқтырған 11 адам тіркелді

Шымкент қаласында 2 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 8 адам анықталды. Аталған науқастардың барлығы қалада вирус жұқтырған үшінші азаматтың отбасы мүшелері мен туыстары. Науқастар қазіргі уақытта Шымкент қалалық жұқпалы аурулар аурханасына оқшауланды. Бүгінде Шымқалада коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген. Ал Түркістан облысында 2 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 6 адам анықталды. Жетісай ауданынан — 3, Кентау қаласы -1, Ордабасы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ГОСПИТАЛЬ САЛЫНБАҚ

Шымкентте 1456 төсек орынға арналған карантиндік стационарлар қарастырылған. Бұл туралы Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова мәлімдеді. Қазіргі таңда Шымкент қаласына кіретін жолдарға 18 блок-бекет қойылған. Онда 18 жедел медициналық жәрдем бригадасы, бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдарынан 45 орта медициналық қызметкер (фельдшерлер, медбикелер) 3 кезекте жұмыс істеуде. Блок-бекеттердегі медициналық пункттер 52 байланыссыз термометрмен, обаға қарсы 71 костюм ...

Читать далее »