Экономика

ШЫМКЕНТТЕ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ

Шымкент қаласында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2021 жылдың соңына дейін геоақпараттық порталын іске қосу жоспарланған. Геопорталда барлық картографиялық деректер жиналып, қаланың бас жоспарының жобалары орналастырылады. Бұл жөнінде сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысы Берік Әшірбеков қала әкімі Мұрат Әйтеновке берген жылдық есебінде баяндады. «Картаға қаланың әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымдарының әр объектісі туралы мәлімет енгізіледі.Нәтижесінде заңсыз құрылыс ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІН ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРУДЕ 22 БРИГАДА ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Шымкент қалалық электр жүйесінің диспетчерлік жедел қызмет көрсету бөлімі күшейтілген кестеде жұмыс жасауда. Таңнан бері 34 авариялық жағдай тіркелді. Сағат 11:00-ге дейін оның 11-і қайта іске қосылды. Қалған оқиға орындарында жұмыстар үздіксіз жүріп жатыр. Электр желілерін қосуға 22 бригадада 50 адам жұмылдырылды. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Сабырлық танытуға шақырамыз. Коммуналдық қызметке байланысты сұрақтар бойынша «109» байланыс нөміріне немесе электр ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: 2020 ЖЫЛЫ «БАСТАУ БИЗНЕС» ЖОБАСЫ БОЙЫНША 2820 АДАМ БІЛІМ АЛҒАН

Шымкенттік 28 жастағы дәрігер–стоматолог Бекмұрат Мехманқұловтың қазір сұранысқа сай медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған жеке тіс емдеу кабинеті бар. Қарағанды медицина университетінің түлегі мақсатын «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының көмегімен жүзеге асырған. Жас маман Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының көмегіне жүгініп, «Еңбек» бағдарламасының жаппай кәсіпкерлікті қолдау бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздерін үйренеді. Қорытындысы бойынша сертификат алған соң, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы жылдық ...

Читать далее »

ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫНДА ДЕМОНТАЖ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мамандары Әл-Фараби ауданы Қазыбек би көшесі, 27 А жер теліміндегі құрылыс нысанына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Кәсіпкерлік нысан қаладағы тарихи білім ордасы – М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп-гимназиясы жанынан салынған. Жеке кәсіпкер құрылыс жұмыстарын Заңға қайшы, яғни құрылыс процесіне қойылатын негізгі талаптарды бұза отырып жүргізгені анықталды. Аталған жер телімі шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатады. Басқарма мамандары ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК БОЙЫНША ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІШКЕ ЖЕТТІ

Өткен жылы елімізде 12 өңір жоғары инвестициялық белсенділік көрсеткен. Оның ішінде 5 өңірде 20 пайыздан 60 пайызға дейін өсім тіркелді. Ең жоғары көрсеткіштерге Түркістан облысы мен Шымкент қаласында байқалған. Бұл жөнінде Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді. Қала экономикасын дамытуға өткен жылы 278,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,56 пайызға артқан. Мемлекет басшысының тапсырмасына ...

Читать далее »

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖОЛ КАРТАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 4776 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Шымкентте қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес пандемияның күрделі кезеңіне қарамастан тұрғындардың жұмыспен қамтылуы қарқынды жүзеге асып отыр. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты негізінде өткен жылы 1196 адам техникалық және кәсіптік оқудан өтсе, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша 2000-ға жуық азамат білім алған. Оның ішінде 1394 адам жұмыспен қамтылды. Екінші бағыт ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАМЕН 6497 АДАМ БАСПАНАЛЫ БОЛҒАН

Шымкент қаласында 2019 жылдың желтоқсан айынан бері тұрғын үй кезегіне тіркеу автоматтандырылған жүйеде жүзеге асып келеді. Нәтижесінде тіркеуде тұрған азаматтар жөнінде ақпарат жүйесінің базасы қалыптасты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қалада тұрғын үй кезегіне жалпы 42 094 азамат тіркелген. Оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, көпбалалы отбасылар, «Алтын» және «Күміс» алқа иелері, «Батыр ана» наградасы иелері, әлеуметтік әлсіз топтар мен өзге ...

Читать далее »

200-ГЕ ЖУЫҚ МҰҚТАЖ ОТБАСЫҒА ТЕГІН КӨМІР ТАРАТЫЛДЫ

Шымкент қаласы Қаратау ауданының Қайнарбұлақ елдімекенінде 200-ге жуық отбасыға (көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен жəне жалғыз басты аналарға) тегін көмір үлестірілді. Қайырымдылық іс-шара аудандағы демеушілер тарапынан ұйымдастырылып отыр. — Қыстың аязынан көмір отынынсыз шығу мүмкін емес. Көмір түсірудің де өзі қалтаға салмақ салады. Осы қайырымды іс-шараны ұйымдастырған жандарға елдімекен тұрғындары атынан алғысымды білдіремін, – дейді елдімекен тұрғыны Саида Батырбекова. Аудан әкімі ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ «TAZA ONIM» ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ КӨЛЕМІ МЕН ӨНІМІ АРТУДА

Шымкент қаласында 2019 жылдың соңында ірі жобалардың бірі «Taza onim» жылыжай кешенінің 3 гектары іске қосылған болатын. Өткен жылдың маусым айында жылыжайдан 800 тонна қияр өнімі жиналды. Мұндай жоғары көрсеткіш шаһарда алғаш алынған мол өнім еді. Заманауи қондырғылармен жабдықталған жылыжайда жылытудан бастап тамшылатып суаруға дейінгі барлық процесс тек автоматтандырылған жүйеде атқарылады. Жылыжай кешені 2020 жылы 6 гектарға кеңейтіліп, 1 200 ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ АРҚАСЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ КӨЛЕМІ АРТҚАН

Шымкент қаласында 2019 жылдан бастап «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» бағдарламасы шеңберінде шаруаларға қолдау көрсеткелі бері бұл салада даму қарқын алды. Мемлекеттік қолдауға ие болып отырған шаруалардың да саны артқан. Атап айтқанда, 2019 жылы 76 шаруаға 1 114,0 млн теңге субсидия берілсе, өткен жылы 102 азаматқа 1 069,3 млн теңге қаржы үлестірілген. ...

Читать далее »