«Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы коронавирусқа қарсы күресті күшейту үшін енгізілген шектеу шараларының сақталуын бақылау жүргізу мақсатында Шымкенттегі бірқатар блок-бекеттер мен базарларда бақылау жұмыстарын жүргізді. Партиялықтар қаладағы Қапал батыр көшесінде орналасқан блок-бекетте көлік жүргізушілерінің қаншалықты карантин талаптарын орындап жатқанын бақылап көрді. Карантин талаптары орындамаған көп жүргізушілер кері үйіне қайтарылды. Сонымен қатар халық жиі тұтынатын тауарлардың бағасының ...
Читать далее »Экономика
ТӨЛЕМДЕР ПОСТ ТЕРМИНАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты Шымкент қаласындағы базарлар мен дүкендер және сауда орындары төлемдерді пост терминалдар арқылы қабылдауды бастады. Бұл өз кезегінде коронавирустың таралуына тосқауыл болмақ. Оған қоса көлеңкелі бизнестің жолын кеседі. Бұл туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы бойынша Кірістер департаментінің мамандары айтты. — Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдау туралы Үкімет қаулысы 2014 жылы ...
Читать далее »БАНК АЛДЫНДА КЛИЕНТТЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛУДА
Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында банкте кезекте тұрған азаматтардың ара-қашықтығы 1,5-2 метр болуы тиіс. Бұл ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен бекітілген. Қазіргі таңда Шымкентте қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін банк бөлімшелерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Оған 41 полиция қызметкері мен 4 дәрігер жұмылдырылған. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қаламыздағы банк бөлімшелерінде барлық сақтық шаралары күшейтілген. Мәселен, «Halyk Bank» АҚ-ның Шымкенттегі 40-қа ...
Читать далее »БАНК БӨЛІМШЕ АЛДЫНДА КЕЗЕК КҮТЕТІН АРНАЙЫ ЖОЛАҚТАР СЫЗЫЛДЫ
Бұл туралы «Halyk Bank» АҚ Шымкент өңірлік филиалы директорының орынбасары Айжан Досымбекова мәлім етті. Коронавирус індетінің алдын алу мақсатында Шымкенттегі Halyk Bank қалалық бөлімшелері банкоматтардың жанында арақашықтық белгілерiн сызды. Бұл клиенттер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау үшін жасалған, кезек күтетін орындардың арасы бір метр. — Банк бөлімшелерінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барлық сақтық шаралары күшейтілген. Онда маскалық тәртіп қатаң сақталады, кеңесшілер ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ҚАШЫҚТЫҚТАН МӘЖІЛІС ӨТКІЗДІ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аудан әкімдері және басқарма басшыларымен қашықтықтан мәжіліс өткізді. Жиында карантиндік режимнің сақталуы және жұмыспен қамту жайы қаралып, шаһар аумағындағы ірі 4 көтерме базар мен блок бекеттердегі сақтық шараларын күшейту жайы талқыланды. Аудандарда жүріп жатқан залалсыздандыру және мобильді топтардың атқарған жұмыстары сараланып, жауаптыларға түсіндіру жұмыстарын ширату жүктелді. Бүгінде Шымкентте 300 мыңнан астам азамат мемлекет тарапынан ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ТӨЛЕМАҚЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
6-сәуірден бастап Шымкент қаласындағы базарлар мен дүкендер және сауда орындары төлемақыны қолма-қол ақшасыз жүргізуді бастайды. Тұрғындар картасымен базарлар мен сауда орындарында төлем жасай алады. Шымкент қаласы әкімдігінің хабарлауынша, банктік картасы жоқ азаматтар банктерге қоңырау шалу арқылы немесе онлайн тапсырыс бере алады. Дайын картаны банктер үйлеріңізге жеткізіп береді. Сондықтан банкоматтағы ақшаларыңызды шешіп алудың аса қажеттілігі жоқ. Сондай-ақ қала әкімдігі кәсіпкерлер мен ...
Читать далее »БАНКОМАТТАРДЫҢ ЖАНЫНА АРНАЙЫ АРАҚАШЫҚТЫҚ БЕЛГІЛЕРI ЖАСАЛДЫ
Halyk Bank қалалық бөлімшелері банкоматтардың жанында арақашықтық белгілерiн салады. Бұл клиенттер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау үшін жасалады, ол кемінде бір метр болуы тиіс. Банк бөлімшелерінде маскалық тәртіп қатаң сақталады, кеңесшілер қолғаппен жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетейік, бүгін 4 сәуір Шымкентте бірқатар банктердің бөлімшелері жұмыс істейді. Мұнда зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы беріледі.
Читать далее »42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШ БЕРУ СЕРВИСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Қазақстанда Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін төлемге өтініш беруге арналған қосымша сервис іске қосылды. «Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Президент Әкімшілігі жанындағы құрамына IT-сарапшылары мен IТ-компаниялары кіретін IT-штабымен бірлесіп, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің көмегімен төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін төлемдерге ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 8 МЫҢНАН АСА АДАМ 42 500 ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ КӨМЕК АЛДЫ
Елімізде төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 64 259 адам 42 500 теңге көлемінде көмек алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 64 259 адам жаңа әлеуметтік төлемді алды. 2 сәуір сағат 18:00-дегі жағдай бойынша eGov.kz арқылы табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау бойынша 22 928 адам ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ҚАРАТАУ АУДАНЫНДА 6 МЫҢ МҰҚТАЖ ОТБАСЫ ТЕГІН АЗЫҚ-ТҮЛІК АЛАДЫ
Шымкент қаласы Қаратау ауданында 6 мыңнан астам мұқтаж отбасына тегін азық-түлік таратылады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте аудан әкімі Абзал Әліқұлов мәлімдеді. —Өздеріңізге белгілі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында тегін азық-түлік тек аз қамтамасыз етілген отбасыларға ғана емес, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, көп балалы және асыраушысынан айырылған отбасыларға ...
Читать далее »