Экономика

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ 2,6 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ АРТҚАН

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында биыл 3 млрд 491 млн теңге субсидия бөлінген. Бүгінгі таңда жоспарға сәйкес 9 ай көлемінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы толығымен игерілді. Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарының айтуынша, егін шаруашылығына — 89,8 млн теңге, мал шаруашылығына — 230,4 млн теңге, қайта өңдеу саласына – 274,2 млн теңге, инвестициялық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ТҰҚЫМБАҚ ЖЕМІСТІ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Шымкентте қаланы жасыл желекке бөлеу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қалалық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметі бойынша, Шымкентте 976 гектар жасыл алқапты орман өртінен қорғау мақсатында 300 шақырымдық минералды жолақ жүргізілген. Сондай»-ақ, 250 гектар жерге орман-патологиялық тексеру жүргізілді. Мұнан бөлек 60 гектар жасыл алқапта ағаштар бұралып, кесілген шырпылар қала сыртына шығарылған. Тағы 20 гектар жасыл алқапты ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА 30 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін салу, қызметтер мен жұмыс сапасын арттыру мен бюджет жүктемесін төмендету мақсатында биыл 30 жоба іске асырылып жатыр. Бұл жөнінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында қала әкімі Мұрат Әйтенов баяндады. Биыл Шымкентте мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 34 млрд.теңге көлемінде инвестиция тартылып, 30 жоба іске асырылып жатыр екен. Атап айтқанда, білім беру – 2 жоба, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «ТӨЛЕМ» ЭЛЕКТРОНДЫ ТӨЛЕМАҚЫ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қоғамдық көліктерде «ТӨЛЕМ» электрондық төлемакы жүйесі іске қосылды. Электрондық төлемақы жүйесінің таныстырылымына қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Жүйені енгізудің мақсаты — цифрлық шешімдер мен қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізу, қоғамдық көліктің қызметін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, қалалық бюджетке түсімдерді арттыру. Аталған жүйе арқылы жолаушылар ағынының статистикалық есебін жүргізуге және нақты ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 185 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында көп қабатты 185 тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңшалары орнатылуда. Бұл жөнінде аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов 9 айдың қорытындысы бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновке берген есебі барысында баяндады. Аудан әкімдігінің мәліметі бойынша, «Строи.ком «Прогресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 100 ауланы абаттандырып, тұрғындардың игілігіне берген. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ 9 АЙДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕ ЕСЕП БЕРДІ

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында кәсіпкерлік саласы қарқынды түрде дамып келеді. Атап айтқанда, биыл аудан аумағында 24 ірі кәсіпкерлік нысаны салынуда. Алғашқы 9 айда 13 нысанның құрылысы аяқталып, іске қосылған. Бұл туралы Шымкент қаласының қала әкімі Мұрат Әйтеновке 9 айда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берген Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов баяндады. Аудан әкімінің айтуынша, кәсіпкерлік нысандарының құрылысы кезінде және олар іске ...

Читать далее »

ЕГІСТІК АЛҚАБЫНАН 60 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ ӨНІМ ЖИНАЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында ауылшаруашылығы саласын экономиканың қозғаушы күші ретінде дамытуды тапсырған болатын. Осы мақсатта қалада ауылшаруашылығын дамыту бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда. Шымкент қаласындағы күзгі дала жұмыстары туралы қалалық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандары хабарлады. Олардың айтуынша, биыл жоспарға сәйкес 27 600 гектар аумаққа егістік егу жоспаланған. Қазіргі таңда 27 908,2 гектарға егіс егіліп, жоспардан 308,2 гектарға артық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: АГРС-3 НЫСАНЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Шымкент қаласының табиғи газ көздерінің қуаттылығы АГРС-1, АГРС-4 «Шымкент» 180 000 м3/сағ құрайды. Ал бүгінгі таңдағы қаланың қажеттілігі — 250 000 м3/сағ құрап отыр. Жылыту маусымы басталған кезде қолданыстағы автоматтандырылған газ таратушы станциялары 100% жұмыс атқаруда. Шымкетте коммуналды-тұрмыстық тұтынушылардың көбеюіне байланысты қыста табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша мәселе туындайды. Сондықтан, қаладағы көгілдір отынмен қамтамасыз ету көлемін одан әрі арттыру үшін ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ ЖЫЛЫЖАЙҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жылыжай құрылысына қажетті құрал – жабдықтар өндіретін зауыттардың жұмысымен танысты. Алдымен Асар–2 шағын ауданында орналасқан «ZERO MAX KZ» зауытына барды. Аталған зауыт жылыжай кешендерін салуға арналған мырышталған құбырлар мен жылыжай құрылысына қажетті өнімдерді өндіреді. Жоба құны — 2,6 млрд. теңгені құрайды. Өндіріс орны жылына 380 гектар болатын жылыжай құрылысына қажетті құрал – жабдықтарды өндіруге қауқарлы. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ 189 ОРАМДАҒЫ ГАЗ МӘСЕЛЕСІН БІР АЙДА ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

Мұндай тапсырманы қала әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелерімен қашықтықтан қабылдау барысында энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысына берді. Онлайн қабылдау барысында Қаратау ауданының тұрғыны А.Айдаров 189 орамдағы газ мәселесін көтеріп, жарық пен ауыз судың жиі өшетіні туралы шағымын жеткізді. Осы ретте, қала басшысы тұрғындар қызметтерге үздіксіз ақы төлейтінін айтып, салалық жетекшілерге электр жарығы мен ауыз суда тұрақты берілуі тиіс ...

Читать далее »