Қазіргі уақытта Шымкент қаласы тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылуы 94,7 пайызды құрайды. Биыл қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 3 магистралды су аққы мен 17 ішкі орамның құрылысы мен 8 ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновке қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ж.Шайхсламов мәлімдеді. — Бүгінгі күнге дейін 6 тұрғын ...
Читать далее »Архив меток: Шымкент
ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК БАҒЫТТАРЫ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛУДА
Бүгінде Шымкент қаласында жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы қолданысқа енгізілуде. Аталған кешенді схемаға сәйкес, қаладағы барлық қоғамдық көлік бағыттарының қозғалыс сызбалары оңтайландырылмақ. Қазіргі таңда бірінші кезекте №74, №84, №92, №135, №35, №12, №103 және №27 автобус бағыттарының қозғалыс сызбаларына өзгерістер енгізілді. Яғни, сиымдылығы үлкен жаңа автобустар тұрғындарға қызмет көрсетуде. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, қоғамдық көліктер кезең-кезеңімен ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ «АҚЫЛДЫ АЯЛДАМА» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
Шымкент қаласында цифрландыру бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Бүгінде қоғамдық көлік саласына ақпараттық-технологиялық жүйелерді енгізу — басым бағыттардың бірі. Басқарма басшысы Әсет Маратұлының айтуынша, пилоттық режимде Тәуке хан даңғылының 3 қиылысында (Қазыбек би, Тәшенов және Дулати көшелерінің қиылысы) жол қозғалысын реттейтін автоматтандырылған бағдаршамдар орнатылды. Интеллектуалды көлік жүйесі нәтижесінде қалада қиылыстардағы көлік қозғалысы тиімділігі 42-48 %-ға артып, кептелістер санының азаюы, өткізу ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ҰШҚЫШСЫЗ ҰШУ АППАРАТЫ ШЫҒАРЫЛАДЫ
Шымкент қаласында «Made in Kazakhstan» белгісі бар ұшқышсыз ұшақ аппараттарын «RoboAvia» ЖШС жасап шығарады. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданына барған сапарында Тассай тұрғын алабындағы аталған өндіріс ошағының жұмыс барысымен танысты. «RoboAvia» жеке кәсіпорны 2015 жылы құрылған. Заманауи жоғары технологиялық ұшқышсыз ұшу аппараттарын шығару және пайдалану бойынша отандық кәсіпорын. Сондай-ақ, Қазақстандағы роботтандырылған әуе құралдарын басынан бастап шығаратын жалғыз компания. Серіктестіктің ...
Читать далее »ЕЛБАСЫ — ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ БІЗДІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ БОЛУЫ КЕРЕК
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен онлайн-форматта Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Шымкент қаласының әкімі, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы ретінде онлайн қатысты. Бейне байланыс арқылы өткен кеңес отырысында Елбасы, ҚХА төрағасы Н.Назарбаев қатысушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойымен құттықтады. –Баршаңызды осы мерекемен құттықтаймын. Мерейтойлық меже өткенге көз жүгіртіп, атқарылған жұмысты қорытындылауға себеп болып отыр. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: САЙРАМДАҒЫ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ ЖАҢА МЕКЕНЖАЙҒА КӨШЕДІ
Шымкент қаласындағы Сайрам тұрғын алабында орналасқан №6 Халыққа қызмет көрсету орталығы 66 мыңнан аса тұрғынға қызмет көрсетіп келеді. Қала әкімі Қаратау ауданын аралау барысында аталған халыққа қызмет көрсету орталығына ат басын бұрды. Қызмет көрсету орталығы бүгінде «Шымкент қалалық Өзбек драма театрының» ғимаратын жалға алып отыр. Шаһар басшысымен кездесуге арнайы келген жеке кәсіпкер Ибрагим ата көшесінде орналасқан жеке меншігіндегі әкімшілік ғимаратты ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЭЛЕКТРОНДЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШТІ
9 қарашадан бастап, қоғамдық көлікте жолақысы карта бойынша – 70 теңге, қолма-қол төлеу 100 теңге болғанын хабарлаймыз. Карталарды қаладағы ірі дүкендер мен автобустардан, ХҚКО және жұмыспен қамту орталықтарынан ала аласыздар. Егер, картаңыз бола тұра, автобустарда картамен төлем қабылдайтын аппараттарда техникалық ақау болса, Сіз 70 теңге төлей аласыз. Сондай-ақ, оқушылар мен студенттер және тегін жүретін санаттағы жолаушылар бұрынғысынша студенттік картаны немесе ...
Читать далее »ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 13 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН ІСКЕ ҚОСЫЛҒАН
Шымкент қаласында кәсіпкерлікті қолдау, кәсіпкерліктің жаңа субъектілерін ашуға жағдай жасау басты жолға қойылған. Бұл бағытта Әл-Фараби ауданында 10 ай көлемінде 4 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған. Бұл жөнінде бүгін аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифинг барысында мәлімдеді. — Жыл басынан жалпы 24 ірі кәсіпкерлік нысанның құрылысы басталды. Оның ішінде 13 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, 11 кәсіпкерлік нысандардың құрылыс ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСҚА ЖОЛ ЖОҚ!
Нұрсат шағын ауданындағы №218 үйдің жанынан салынғалы жатқан көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылды. «Комфорт building» құрылыс компаниясының қазіргі уақытта сараптамадан өтіп жатқан жобалық-сметалық құжаты жоқ екені белгілі болды. Сонымен қатар, сараптаманың оң қорытындысынан басқа құрылыс салушы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының рұқсат алуы, осы мемлекеттік органға жұмыстардың басталғаны туралы хабарлауы, авторлық және техникалық қадағалау туралы шарт жасасуы қажет ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 64 ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА
Шымкент қаласы Еңбекші ауданында биыл 64 үйдің ауласына абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңында абаттандырылған үйлердің саны 565-ке жетеді. Бұл көрсеткіш 89,7% пайызды құрайды. Қалған 47 үйдің ауласы инженерлік жүйелермен толық қамтылған соң барып абаттандырылады. Сонымен қатар, 2011 жылы абаттандыру жұмыстары жүргізілген 80 көпқабаттың үйдің 43-нің ауласында орналасқан балалар ойын алаңшаларын жөндеу және қайта құру жұмыстары ...
Читать далее »