Архив меток: Шымкент

ШЫМКЕНТТЕ «ҚАЗЫҒҰРТ» МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ҚАЙТА ЖАНДАНАДЫ

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданы Тоғыс тұрғын алабындағы «Қазығұрт» мәдениет үйінің қазіргі жағдайын аралап көрді. Мәдениет үйі 1988 жылы салынған. «Қазығұрт» өндірістік кооперативінің меншігінде. Бүгінде нысанды қалалық мәдениет үйіне қарасты «Қазығұрт» мәдениет үйі (кітапхана) жалға алып отыр. Онда қазір үш адам жұмыс жасайды. Аумағы 1130 шаршы метр нысанда жөндеу жұмыстары соңғы рет 1998 жылы жүргізілген. Бүгінде жылыту жүйелері істен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕМОРАНДУМЫНА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Шымкент қаласының әкімдігі мен Өзбекстан Республикасы Бұхара қаласының әкімдігі арасында туризм саласын дамыту мақсатында екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов Бұқара қаласы әкімінің орынбасары Камал Давроновпен бейне-байланыс арқылы тілдесіп, келісімге қол қойды. Аталған меморандум екі жақты достық қарым-қатынасты нығайтып, алдағы уақытта туризмді дамытуда бірлесе жүйелі шаралар қабылдауға септігін тигізетін болады. Меморандум шеңберінде пандемиядан ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАРДЫҢ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Шымкентте қысқа дайындық жұмыстары пысықталып жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы техникалардың қысқа дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында «ЛТД Тұрмыс» ЖШС мекемесінің техникалық базасын аралады. Биыл қала тазалығы үшін 20 жаңа техника, 4 газель сатып алынған. Жалпы қазіргі таңда мекеме балансында 258 дана техника бар. Оның ішінде 208-і арнайы техника болып есептеледі. Жыл соңына дейін тағы 30 дана қоқыс шығаратын техника, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: АЙКӨЛ ТҰРҒЫН АЛАБЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданын аралау барысында Айкөл тұрғын алабына барды. Биыл аталған тұрғын алаптың халқы көптен күткен сапалы ауыз суға қол жеткізді. Жұмыстар «Содби-строй» ЖШС-і мекемесімен жүзеге асырылған. Шаһар басшысы орнатылған су жинағыш және су айдағыш қондырғыларды тексерді. Сонымен қатар, аумаққа электр энергиясын жүргізу мақсатында сметалық құжаттар дайындалу үстінде. Ал, табиғи газ жүйесі алдағы жылы шешілетін болды. 300-ден ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: АРҒЫМАҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданындағы Арғымақ тұрғын алабын аралап, ондағы инфрақұрылым мәселелерімен танысты. 54 гектар аумақты алып жатқан тұрғын алапта 47 үй қоныстанған. Ондағы тұрғындарға аптасына екі рет тасымалды ауыз су жеткізіліп тұрады. Бүгінде сапалы ауыз сумен қамту бойынша мердігер мекеме «Улмад» ЖШС-і тарапынан жобалық сметалық құжаттары дайындалған. Ал электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында демеушілер есебінен 29 бағана ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ТҮНГІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНДА 30 ПАЙЫЗ ӨСІМ БАР

Бұл туралы Жолдау аясында халықтың тұрмыс деңгейін арттыру, оларға қолайлы жағдай жасау бойынша ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен тікелей эфирде қалалық Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Жолшыбек Шайхсламов мәлімдеді. – Қазіргі таңда қала аумағында және шалғай орналасқан тұрғын алаптарда әлеуметтік нысандар орналасқан қосымша 39 көшеге жарық жүйесін орнату және 4 көшеде қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 43 көше 87 пайызды құрап, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ 2,6 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ АРТҚАН

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласына мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында биыл 3 млрд 491 млн теңге субсидия бөлінген. Бүгінгі таңда жоспарға сәйкес 9 ай көлемінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы толығымен игерілді. Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мамандарының айтуынша, егін шаруашылығына — 89,8 млн теңге, мал шаруашылығына — 230,4 млн теңге, қайта өңдеу саласына – 274,2 млн теңге, инвестициялық ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК-ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК АЯСЫНДА 30 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін салу, қызметтер мен жұмыс сапасын арттыру мен бюджет жүктемесін төмендету мақсатында биыл 30 жоба іске асырылып жатыр. Бұл жөнінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында қала әкімі Мұрат Әйтенов баяндады. Биыл Шымкентте мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 34 млрд.теңге көлемінде инвестиция тартылып, 30 жоба іске асырылып жатыр екен. Атап айтқанда, білім беру – 2 жоба, ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласында коронавирус індетімен күресте белсенділік танытқан бір топ азамат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындаған «Халық алғысы» арнайы медалімен марапатталды. Алғыс иегерлері арасында үшінші мегаполистің БАҚ өкілдері, еріктілер ұйымы мен белсенді азаматтар бар. Марапат иелеріне медальді «Көрме» орталығында өткен іс-шарада Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанар Бектаева арнайы табыстады. — Пандемиямен күрес барысында қаламыздың ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 185 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ АУЛАСЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында көп қабатты 185 тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңшалары орнатылуда. Бұл жөнінде аудан әкімі Ғабит Мәуленқұлов 9 айдың қорытындысы бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновке берген есебі барысында баяндады. Аудан әкімдігінің мәліметі бойынша, «Строи.ком «Прогресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 100 ауланы абаттандырып, тұрғындардың игілігіне берген. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында ...

Читать далее »