Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында кәсіпкерлік саласы қарқынды түрде дамып келеді. Атап айтқанда, биыл аудан аумағында 24 ірі кәсіпкерлік нысаны салынуда. Алғашқы 9 айда 13 нысанның құрылысы аяқталып, іске қосылған. Бұл туралы Шымкент қаласының қала әкімі Мұрат Әйтеновке 9 айда атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берген Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов баяндады. Аудан әкімінің айтуынша, кәсіпкерлік нысандарының құрылысы кезінде және олар іске ...
Читать далее »Архив меток: Шымкент
АТА-АНА ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН 345 ЖАС БАСПАНАЛЫ БОЛҒАН
Шымкент қаласында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 911 бала есепке алынған. Қорғаншылық және қамқоршылықта – 712 бала бар. Бүгінде оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылдан бастап тұрғын үйдің кезегінде тұрған 29 жасқа дейінгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 345 балаға кезек бойынша баспана берілген. Сондай-ақ, 2019-2020 оқу жылында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 69 бала 11-сыныпты бітірген. Оның ...
Читать далее »ҚАЛА ӘКІМІ ЖЫЛЫЖАЙҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТТАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жылыжай құрылысына қажетті құрал – жабдықтар өндіретін зауыттардың жұмысымен танысты. Алдымен Асар–2 шағын ауданында орналасқан «ZERO MAX KZ» зауытына барды. Аталған зауыт жылыжай кешендерін салуға арналған мырышталған құбырлар мен жылыжай құрылысына қажетті өнімдерді өндіреді. Жоба құны — 2,6 млрд. теңгені құрайды. Өндіріс орны жылына 380 гектар болатын жылыжай құрылысына қажетті құрал – жабдықтарды өндіруге қауқарлы. ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ «ЕКІ ЕСЕ ТӨЛЕМЕ!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының аумағында көлік жүргізушілері үшін «Екі есе төлеме!» акциясы ұйымдастырылды. Шымкент қаласында жүргізуші куәлігі мен автокөліктерді делдалсыз тіркеуге насихаттайтын іс-шара өтті. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының мамандары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері, Шымкент қаласының полиция департаментінің қызметкерлері «Екі есе төлеме» атты үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Мемлекеттік қызметтерді «көмекшілерсіз» қалай алуға болатындығы туралы ХХХХ-тан астам көлік ...
Читать далее »МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІН ҚАБЫЛДАДЫ
Президент қаладағы атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, шаһарға инвестиция тарту ісін, қолжетімді көп қабатты тұрғын үй құрылысын одан әрі жандандыруды және жаңа жұмыс орындарын көптеп ашуды тапсырды. М.Әйтенов мемлекет басшысына 9 ай ішіндегі Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қала инфрақұрылымының қалыптасуы, бөлшек сауданың даму барысы, Жұмыспен қамту жол картасы аясында қалада жүзеге асырылып ...
Читать далее »ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ СЫЙЫ – ТҮРКІСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
Түркістан қаласындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Шымкент қаласының сыйы – ғылыми-әмбебап кітапхананың бүгінде сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Кітапханада 250 мың кітап қоры болады. Оқу залы 392 орынға лайықталған. Үш қабатты ғимараттың жалпы аумағы 8414 шаршы метрді құрайды, — деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі Кітапханада біршама технологиялық шешімдер қарастырылған. Мәселен, келуші экранды басып, қажетті ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТІКТЕРДІҢ ЕҢ КӨП ТҰТЫНАТЫН ТАҒАМЫ — СҮТ ПЕН СҮТ ӨНІМДЕРІ
Шымкент қаласы тұрғындарының ең көп тұтынатын тағамдарының бірі — сүт пен сүт өнімдері, жұмыртқа мен нан және жарма өнімдері болып шыққан. Бұндай мәліметті ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті ресми сайтында жариялаған. Ал, шымкенттіктердің ең аз тұтынған өнімдері балық және теңіз өнімдері мен май және мал майы екен. Статистердің мәліметінше, 2020 жылғы IІ тоқсанда 2019 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда үй ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 52 КӨШЕГЕ ЖОЛ ТАҢБАСЫ СЫЗЫЛДЫ
Шымкент қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол апаттарының алдын алу мақсатында қала көшелеріне жол таңбалары сызылды. Мұндай жаңарту жұмыстары қолданыстағы стандарттарға сәйкес тұрақты түрде атқарылуда. Атап айтқанда, 12 көшеге екі компонентті суық пластиктен 86,09 шақырымдық (5 072,5 шаршы метр аумаққа) жол таңбасы сызылды. Мұнан бөлек тағы 40 көшеге акрилді краскамен 256,35 шақырымдық (22 428,49 шаршы метр аумаққа) жол ...
Читать далее »АСАР ШАҒЫНАУДАНЫНДА 100 ОТБАСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгінде мегаполис аумағын абаттандыру мен көгалдандыру мақсатында жылыжай кешендерінде біржылдық және көп жылдық гүлдер көшеттерін өсіруге назар аударылып отыр. Бүгін Асар шағынауданында өткен жиында да саланы дамыту жайы талқыланды. Жиынға қала әкімінің орынбасары А.Сәттібаев, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А.Қаныбеков, «Жасыл Жер» ЖШС-нің директоры Б.Байсақалов, «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-нің директоры Ғ.Садыбеков және «ASAR AGRO» кооперативінің басшысы ...
Читать далее »ҚАЛА ӘКІМІ ЖОЛ-КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Шаһар басшысы, алдымен, А-2 айналма жолындағы Бадам өзенінің үстінен өтетін көпірді қайта құру жұмыстарымен танысты. Бұл жұмыс 2018 жылдың қазан айында басталған. Жобаның жалпы құны 1 миллиард 916.3 миллион теңге. Соның 1 миллиард 167 миллионы биылғы жылы бөлінген. Көпір қараша айында пайдалануға беріледі. Кеңейіп, ...
Читать далее »