Архив меток: Шымкент спорт

ТЕННИС КОРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ұлттық теннис орталығындағы теннис корты қайта жөнделуде. Бүгінде құрылыс жұмыстары қызу жүруде. Демонтаж және аллея автосуғарғышын орнату жұмыстары толығымен аяқталған. Ал, инженерлік жүйелер жүргізу 70 %-ға орындалған. Нысандағы жұмыстар қараша айында аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде мұнда қосымша жаңадан 4 корт, көрермендер үшін шатырымен трибуна, сквер және келушілерге арналған автотұрақ болады. Сонымен қатар, құрылыс басқармасының ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ЧЕМПИОНДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әуесқойлар арасында шағын футболдан өткен Қазақстан чемпионатында жеңіске жеткен «Стандарт» футбол командасының мүшелерін қабылдады. Шаһар басшысы футболшыларды ел чемпионы атануымен құттықтап, оларға бұқаралық спортты дамытуға үлес қосқаны үшін алғыс айтты. —Әуесқойлар арасындағы футбол — бұқаралық спорттың мейлінше кең таралған, танымал түрі. Сондықтан Сіздердің жеңістеріңіз барша шымкенттіктер үшін елеулі оқиға деп білемін. Спорт – денсаулық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «SHYMKENT BIKE» ВЕЛОСИПЕДТЕРІН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР КӨБЕЮДЕ

Шымкент қаласында қыркүйек айының басында қайта іске қосылған «Shymkent bike» велостанцияларынан бүгінгі күнге дейін тұрғындар 4 324 рет велосипед жалға алған. Бұл жөнінде бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстармен танысуы кезінде белгілі болды. Жобада 160 велосипеді бар 40 велостанция қарастырылған. Әзірге соның 31-і жұмыс істеп тұр. Қалған 9 станция алдағы уақытта іске қосылады. Қыркүйек айының басынан ...

Читать далее »

СПОРТ БАСҚАРМАСЫ МЕН ҚАЗАҚСТАН ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Бүгін бұқаралық спортты дамыту мақсатында Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Қазақстан футбол федерациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қалалық спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов пен ҚФФ бұқаралық, балалар мен жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің директоры Ерлан Жамантаев қалада спорттың осы түрін дамыту бойынша бірлесе әрекет ету туралы келісімге келді. Меморандум аясында тараптар жастар, студенттер, мектеп оқушылары, ...

Читать далее »

ҚАЛА ӘКІМІ СПОРТ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар спорт нысандарын аралап, ондағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Қала әкімі, алдымен, жеңіл атлетикалық спорт кешеніне барды. Аталған нысан 2011 жылы пайдалануға берілген. Жалпы аумағы — 4 946,6 шаршы метр. Жеңіл атлетикалық спорт кешенінде ауданы 3 864,4 шаршы метр жаттығу залы, әрқайсысы 200 метрлік 4 жолақты жүгіру жолы, сондай-ақ азаматтарға қызмет көрсететін арнайы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

ҚР Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауындағы бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, Шымкентте «Street Workout» көше спорты қарқынды дамып келеді. Таяуда Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» және «13 Legion» ұйымы бірлесіп «Street-workout» көше спортынан Нұрсәт аллеясында қала тұрғындарына арнап шеберлік сағатын өткізді. Ұйымдастырушылар «Шеберлік сағаты жастарды бұқаралық спортқа баулуға, олардың бос уақытын тиімді пайдалануына және белсенді өмір ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ИППОДРОМ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Шымкент қаласы Бозарық тұрғын алабында заманауи стандартқа сай жаңа ипподром кешені бой көтереді. Қаланың бас жоспарына сәйкес Бәйдібек би даңғылында орналасқан қазіргі ипподром жаңа орынға көшіріледі. Қазіргі таңда нысанның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірлену үстінде. Жаңа ипподром құрылысына 24 гектар жер телімі бөлінді. Жобаға сәйкес жаңа нысанда — жылы жабыны бар жасанды жүгіру жолы, жаттығу алаңы, ат спорты бойынша жарыстар өткізуге арналған ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ 4 ЖЫЛДЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖАСАЛДЫ

Шымкентте спорт саласындағы бірқатар мәселелерді шешу және дамыту мақсатында қаланың дене шынықтыру және спорт басқармасымен 2020-2024 жылдарға арналған спорт индустриясын дамыту тұжырымдамасының пилоттық жобасы әзірленді. Жобаны іске асыру нәтижесінде біздің спортшылар 2024 жылы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға 20 лицензия алады, сондай-ақ 5 медаль алу мүмкіндігіне ие болады деп жоспарлануда. Бұл тұжырымдама қаладағы спорт индустриясын дамытудың негізгі бағыттарын көрсетеді. ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ ІРІ ӘМБЕБАП АТУ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Шымкент қаласында «SHOOTING PLAZA» әмбебап ату кешенінің құрылысы бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады. Кешен құрылысы аяқталғаннан кейін Шымкентте ату спорты түрлерінен халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстар өткізу мүмкін болмақ. Мамандардың айтуынша, «SHOOTING PLAZA» кешені бұрынғы Комсомол көлі ауданындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолына жақын жерде ату алаңы аумағында орналасқан. Жалпы ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: ТАҒЫ 17 СПОРТШЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУҒА ҮМІТТІ

2021 жылы Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына ойындарына қатысу үшін оқ ату спорт түрінен Юрий Юрков, стенд атудан Рысбекова Сарсенкүль, каратэ – додан Асадилов Дархан және бокстан Сафиулин Закир жолдама жеңіп алған болатын. Бұлардан бөлек, спорттың 11 түрінен тағы 17 сайыпқыранымыз күн шығыс еліне бару үшін жолдамаға таласады екен. Бұл туралы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Олег ...

Читать далее »