Кастельоне қаласында (Испания) бокстан Boxam халықаралық турнирі аяқталды. Ақтық жекпе-жектің қорытындысы бойынша қазақстандық боксшылар екі медаль жеңіп алды. ⠀ 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жарыстың алтын медалін шымкенттік Сабырхан Махмуд жеңіп алды. Финалдық кездесуде ол Испания өкілі Габриэль Эскобармен кездесу өткізді. Жекпе-жек Махмудтың жеңісімен аяқталды. ⠀ 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Василий Левит Испанияның қарсыласы Эммануэль Пла рейске жол берді. ...
Читать далее »Архив меток: Шымкент спорт
ШЫМКЕНТТІК СПОРТШЫ ФРИСТАЙЛ-АКРОБАТИКАДАН ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
Беларусь астанасы Минскте фристайл-акробатикадан Әлем кубогы аяқталды. Жарысқа Қазақстан құрама командасы қатысып, нәтижесінде жерлестеріміз Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмұрзаева синхронды секіруде қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, шымкенттік спортшы Маржан Ақжігіт Әлем кубогының күміс медалін қанжығалады. Ал беларустық Анна Гуськова мен Анна Деруго әлемдік жарыстың жеңімпаздары болып танылды. ⠀ Айта кетейік, могул және шаңғы акробатикасы бойынша биылғы әлем чемпионаты Алматыда өтеді. Байрақты ...
Читать далее »БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫЛАР САНЫН 31 ПАЙЫЗҒА ЖЕТКІЗУ ЖОСПАРЛАНУДА
Шымкентте бұқаралық спортты дамыту мақсатында бірқатар жобалар іске асырылмақ. Президент тапсырмасына сәйкес, шаһарда 2021 жылы спорт нысандарын дамыту бойынша 115 заманауи спорт алаңы салынады. Спорт алаңдары уоркаутпен айналысуға арналған спорттық жабдықтармен және дене жаттығуларына арналған аймақпен жарақтандырылады. Сондай-ақ, биыл Қажымұқан атындағы орталық стадион, кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі, №17 футболдан спорт мектебі ғимараттарын қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Шымкент қаласының дене ...
Читать далее »МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ ҚАЛАЛЫҚ СПОРТ МЕКТЕБІНЕ БАСШЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков Шымкент қаласында спорт мектебіне басшылық қызметке келді. «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры болып Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков тағайындалды. Спорт мектебі 1997 жылы ашылған. Мектепте спорттың 8 түрі жұмыс істейді: каратэ, таеквондо, кикбокс, бокс, дзюдо, еркін күрес, әйелдер күресі және грек-рим күресі. Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков – бокстан Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген ...
Читать далее »«ШЫМҚАЛА ЛИГАСЫНЫҢ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Шымкент қаласында салауатты өмір салтын насихаттау және жасөспірімдерді спортқа баулу мақсатында ұйымдастырылған «ШЫМҚАЛА ЛИГАСЫНЫҢ» 2020 жылғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Марапаттау рәсіміне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олег Почивалов, ауыр атлетикадан 4-дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, футболдан 2019 жылғы үздік бапкер атанған Фархадбек Ирисметов қатысты. «Шымқала лигасында» биыл «Tamir» балалар лигасы ашылған ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 82 434 ОҚУШЫ МЕКТЕП ЖАНЫНАН АШЫЛҒАН СПОРТ ҮЙІРМЕСІНЕ ҚАТЫСАДЫ
Шымкент қаласында кәмелетке толмағандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру арқылы қылмыс азайған. 2019 жылдың 9 айында кәмелетке толмағандар арасында 61 заң бұзушылық тіркелсе, биыл 47 оқиға орын алып, өткен жылмен салыстырғанда 27% төмендеген. Бұл туралы қалалық білім басқармасының өкілі Ұлжалғас Саурбаева баспасөз брифингте мәлімдеді. –Қылмыс жасаған оқушыларға мектеп әкімшілігі арнайы тәлімгер бекітіліп, бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін үйірмелер мен спорттық секцияларға ...
Читать далее »АЛҒАШ РЕТ ОНЛАЙН ФОРМАТТА ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН СПАРТАКИАДА ӨТТІ
2020 жылдың 3-6 қараша аралығында Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында тоғызқұмалақтан ІІІ желілік спартакиада өткізілді. Биыл барлық Зияткерлік мектептерден спартакиадада 88 оқушы бақ сынады. Ежелгі ойынның жанкүйерлері алғаш рет өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасы арқылы кездесті. Бұл жылғы спартакиаданың ерекшелігі де осы. Тоғызқұмалақ ойыны бойынша спартакиада Назарбаев Зияткерлік мектептерінде жиі өткізіліп тұрады. Тоғызқұмалақ – шахмат, дойбы ойындары сияқты адамнан шыдамдылықты, ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ «ОЙЛЫ БОЛСАҢ, ОЗЫП КӨР!» БАЙҚАУЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Шымкентте ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласы аясында және «Интеллектуалды ұлт – 2020» мемлекеттік идеясын жүзеге асыру мақсатында «Ойлы болсаң, озып көр!» байқауы ұйымдастырылған болатын. Жоба негізінде ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып саналатын шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы ойындары 15 қазанда бастау алып, бүгін өз мәресіне жетті. Байқауға қатысушыларды құттықтауға Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ 82 МЫҢНАН АСА ОҚУШЫ ТҮРЛІ ҮЙІРМЕЛЕРГЕ ҚАТЫСАДЫ
Шымкент қаласында 9 қосымша білім беру мекемесі бар. Онда 20 061 оқушы түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысады. Бұл жөнінде қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева ақпараттық-коммуникалық орталықта өткен брифинг барысында баяндады. Сонымен қатар, Бас ұстаздың айтуынша қаладағы спорт мектептерінде 15 650 бала түрлі қосымша спорт үйірмелеріне барады екен. Одан өзге, 147 жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерде түрлі үйірмелер ашылып, ...
Читать далее »ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ КОНЦЕПЦИЯСЫ ЖАСАЛАДЫ
Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауында бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласында бұқаралық спортты дамытудың концепциясы жасалатын болды. Бүгінгі таңда статистикалық есеп бойынша қалада дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 294 мың адамға жеткен. Бұл барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 27,8% екенін көрсетеді. Жыл соңына дейін аталған көрсеткішті 30%-ға жеткізу көзделуде. ...
Читать далее »