Архив меток: қайырымдылық

ШЫМКЕНТТІКТЕР МАҚТААРАЛДЫҚТАРҒА КИІМ-КЕШЕК ПЕН ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР ЖІБЕРДІ

Мақтааралдықтардың бүгінгі жай күйі шымкенттік кәсіпкерлерді де бей-жәй қалдырмады. Жомарт жандар Мырзашөл өңіріне қажетті киім-кешек пен гигиеналық заттар жіберді. Атап айтсақ, кәсіпкерлер тарапынан 4000 адамға аяқ-қиім мен спорттық киімдер, одан бөлек 200 дана жейде мен 150 дана әйелдерге арналған көйлек, шалбарлар жөнелтілді. «Апаттың айтып келмейтіні белгілі. Сондықтан Мақтаарал ауданына қиын сәтте қол үшін созып, төтенше жағдай зардаптарын жоюға бүкіл халық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕР 550 ОТБАСЫҒА «АУЫЗАШАР ҚОРЖЫНЫН» ТАРАТТЫ

«Құрмет» орденінің иегері, меценат Байкен Әшірбаев Шымкенттегі 550 отбасыға азық-түлік таратты. Қазақстанның Бас мүфтиі Рамазан айының қарсаңында елімізде жарияланған төтенше жағдай талаптары ескеріліп, қауіпсіздікті сақтау үшін ауызашар берудің орнына ораза ұстаған жандарға тамақ таратып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік үлестіруге, оларға қаржылай қолдау көрсетуге шақырған болатын. Бұған дейін бірнеше рет қайырымдылық шараларды ұйымдастырып, игі істердің басы-қасында жүретін Байкен Әшірбаев төтенше ...

Читать далее »

100 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Шымкентте «Жанға жылу» акциясы аясында 100 отбасыға көмек көрсетілді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарияланған болатын. Мазмұнды мақалада, ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы болған жерде ғана игілік пен ізгілік қатар өркен жаяды. Осы қасиетті қағида әрбір қазақстандықтың жадынан, жүрегінен орын алуы керек, -делінген. Күллі адамзатқа қауіп төндіріп тұрған коронавирус дертінмен ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ 150 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Рамазан айында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара шеңберінде Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты қызметкерлері, «REGION 13» жолаушылар тасымалдау компаниясы және «Шымкент қаласының Access бітірушілері «ASАА» жастар қоғамдық бірлестігінің қызметкерлерімен бірлесе 150 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетті. Іс-шараға қолдау көрсетіп, өз көмегін берген азаматтарға алғысымызды білдіреміз! Еске сала кетейік, 1 мамыр күні Өзбекстан Республикасының аумағында ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ КӨМЕККЕ МҰҚТАЖ 400 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТЫЛДЫ

Рамазан айында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Шара шеңберінде «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, «Ордабасы» индустриалды аймағының директоры Рысбек Бертаев Шымкенттегі 400 мұқтаж отбасыға азық-түлік жиынтықтарымен көмек көрсетті. «Nur Оtan» партиясы белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілер көмекті дер кезінде сақтану шараларын ұстана отырып, «байланыссыз» тәсілмен жеткізіп берді.

Читать далее »

ШЫМКЕНТТІК КӘСІПКЕР 500 ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАРАТТЫ

Шымкенттік кәсіпкер ауызашар орнына тұрғындарға азық-түлік жиынтығын үлестірді. Осылайша, кәсіпкер ауызашарды ерекше форматта ұйымдастырды. «Raimbek & company» ЖШС-нің директоры Бауыржан Анарбеков дәстүрлі ауызашардың орнына коронавирустың кесірінен қиын жағдайға тап болған 500 отбасына азық-түлік пакеттерін үлестірді. «Биыл ораза айы қиын уақытқа түсті. Мен Елбасының үндеуі мен қала әкімінің үндеуіне қолдау көрсетіп, бүгінде мұқтаж жандарға көмектесуді жөн көрдім. Дәстүр бойынша, ораза кезінде ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: КӘСІПКЕРЛЕР КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ПӘТЕР СЫЙЛАДЫ

Шымкент қаласының кәсіпкерлері өздері қиын жағдайға тап болғанына қарамастан, қайырымдылық жасауда. Жомарт азаматтар 12 балалы отбасыға үш бөлмелі пәтер сыйлады. Бұл отбасы осыған дейін жалдамалы пәтерде тұрып келген еді. Азаматтық танытқан жандар – қаладағы танымал кәсіпкер Қайрат Молдасейітов басқаратын Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің мүшелері. Палата мүшелері өткен жылдың соңында қиын жағдайға тап болған осы отбасының жағдайы туралы біліп, ...

Читать далее »

ЕРІКТІЛЕР АЗ ҚАМТЫЛҒАН ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕКТЕСТІ

Шымкентте қалалық Жастар ресурстық орталығы мен еріктілер ұйымдары аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуді жалғастыруда. Бүгін «Ізгілік» қайырымдылық қорының мүшелері қашықтықтын оқытуға мүмкіндігі болмай отырған бірқатар отбасыға теледидарлар мен азық-түлік себеттерін тарту етті. «Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барлық оқушылар қашықтықтан оқу жүйесіне көшкені мәлім. Еріктілер үйінде теледидардың жоқтығынан сабаққа тұрақты қатыса алмай отырған балалардың бар екенін анықтап, бүгін 4 отбасыға қуаныш ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: МЕШІТТЕ БЕТПЕРДЕ ТІГЕТІН ЦЕХ АШЫЛДЫ

Сovid-19 жұқпалы індетінің алдын алу бойыша Шымкент орталық мешіті жанынан арнайы тігін шағын цехы іске қосылды. Игі бастама Шымкент қаласының Бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаевтың тікелей қолдауымен жүзеге асырылды.Тігін цехында қалалық «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан Досжанованың шәкірттері мен ерікті 16 тігінші қыз-келіншектер үлес қосуда. Негізгі мақсат — ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасы аясында қолға алынып отырған ...

Читать далее »